Сценарий: «Күзгі ғажайыптар»


Акселеуова Ж.О

 Музыкальный руководитель КГКП я/с № 15 «Акку» город Караганда    

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы. Бұл кім екен? Кішкентай өрмекші бізге жол берші, біз күз мерекесіне асығып тұрмыз.

(өрмекші жіпте секіріп тұрады)

Жүргізуші: Кішкентай өрмекші сен бізді өткізбегін келіп тұрма? Өтінеміз бізді күз мерекесіне баруға жол берші. Не істейік? Мына хатты оқиық па?

(өрмекші жіпте секіріп тұрады)

Жүргізуші: Жарайды, кішкентай өрмекші, хатты оқысақ оқиық.

(жүргізуші хатты оқиды, балалар тыңдап тұрады. Өрмекші кетіп қалады)

Хат: «Құрметті ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер, қонақтар. Мен бүгін сендердің мерекелеріне келе алмаймын. Мені жаман күштердің біреуі алып кетті, маған сендердің көмектерің керек. Егер сендер батылды, қуатты, көңілді балалар болсаңдар ертегі әлеміне саяхатқа шығып, маған көмектеіңдер. Ал оған баратын жолды сендерге түрлі түсті жапырақтар көрсетеді. Сендерді асыға күтемін. Алтын күз»

Жүргізуші: Ал, балалар Алтын күзімізді құтқаруға асығайық. Жолға шығайық!

(барлықтары шығады, қабырғада ілінген түрлі түсті жапырақтар  балаларға жол көрсетеді, балалар музыка әуенімен залға кіреді, шеңберге тұрады, залда оларды түссіз кикимора тосып тұрады)

Түссіз кикимора: Ия, салем достар! Менің түссіз патшайыма қош келдіңдер! Ал, неменеге келгендіріңді сенен сұрайын (деп жүргізушіге жақындайды). Ия, неменеге келдіңдер? Мен түссіз кикиморамын, бұнда бәрін сиқырлап қойдым. Қараңдаршы айналаның бәрі түссіз, бұл қандай керемет, әдемі, тамаша. Ия, солай ғой,

Жүргізуші: Жоқ, бұл мүлдем әдемі емес. Сен біздің Алтын күзімізді ұрлап, оның түрлі түсті әдемі түстерін алып кеттің. Біз оны құтқаруға келдік.

Түссіз кикимора:  Алтын күз дейсіңбе, оның маған керегі не? Мен тек оның әдемі түстерін алып қойдым. Қазір сендерді де барлықтарынды түссіз түске айналдырып, әдемі етіп жіберемін.

Жүргізуші: Жоқ, жоқ, жоқ. Біз осындай түссіз болғымыз келмейді.

Түссіз кикимора: Болғыларың келе ма, келмей ма, оны мен шешемін. Қазір мен сиқырлы түссіздігімді алып келейін. Тоса тұрыңдар!

(деп түссіз кикимора шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз? Түссіз кикимораны қалай жеңеміз. Мүмкін оның үстіне түрлі түсті бояулар шашып тастаймыз ба? (деп ойланады, біз қыз бала ортаға шығады)

Қыз бала: Мүмкін сіз дұрыс айтасыз. Осында Бояулар ханшаймын шақырайық.

Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың. Осында Бояулар ханшайымын шақырайық, ол бізге көмектесетін шығар. Ал, оны сиқырлы қимылмен, сөзбен шақырайық.

(балалар музыка әуенімен шеңберде тұрып сиқырлы сөздер мен қимылдар жасайды, музыка әуенімен залға Бояулар ханшайымы кіреді)

Бояулар Х: Сәлеметсіңбе, балалар, қонақтар! Сендер мені шақырдыңдар ма?

Балалар: Ия, шақырдық.

Жүргізуші: Бояулар ханшайымы ия, біз сізді шақырдық. Бізге сіздің көмегіңіз керек. Түссіз кикимора біздің алтын күзімізді ұрлап, барлық жерді түссіз қылды. Бізді де түссіз етіп жүргісі келеді. Өзінің сиқырлы түссіздігін алып келуге кеткен. Біз не істерін білмей отырмыз. Бізге көмектесіңізші.

Бояулар Х: Достарым мен сендерге көмектесемін. Мына сиқырлы таспаларды (ленталар) алыңдар  (деп жүргізушімен бірге балаларға таспаларды қолдарына таратады) түссіз кикимора келгенде осы сиқырлы таспалармен сиқырлап, би билеп, түссіз кикимораның күшін жоясыңдар. Алға достарым. Ал мен кетейін, кездескенше.

(Бояулар ханшайымы залдан шығып кетеді, залға түссіз кикимора кіреді, қолында сиқырлы таяқшасы бар, шеңбердің ортасына тұрады)

Түссіз кикимора: Мінекей, мен де келдім. Қолымда сиқырлы түссіздігім бар. Ал, сендер мені тосып отырсыңдар ғой. Ия? Шеңбергеде тұра қалыпсыңдар.

(осы кезде музыка ойналып, балалар таспалармен билей бастайды)

Түссіз кикимора: (айқайлап)Ой-ой-ой…??? Бұл не? Не істеп жатырсыңдар?

(бидің аяғында жүргізуші таспалармен кикимораны байлап тастайды)

Жүргізуші: Енді балалар түссіз кикимораны түрлі түсті бояуға бояп, сиқырын алып тастауымыз керек.

Түссіз кикимора: Сендердің не ойларын бар? Жо-қ, боямандар мені. Өтінемін, боямандаршы.

Жүргізуші: Біз сенің түссіздігінді жойып, Алтын күзді босатамыз. Қане, балалар. Бастайық.

(кикимораның юбкасында ақ қағаздар тұрады, соның үстіне балалар фломастер мен бояп, суреттерін салады. Жүргізуші кикимораның бетін бояйды. Музыка аяқталғаннан кейін бәрі орындарына отырады)

Жүргізуші: Қарашы өзіне, сен қандай әдемі болып кеттің.

Кикимора:(менсінбей) әдемі дейсің бе? Бірақ енді менің түссіздігім жоқ қой, қалай енді сиқырлаймын.

Жүргізуші: Саған ондай сиқырдың керегі не? Одан да өзінің әдемілігімен бәрін таңқалдырып жүрсейші. Біздің Алтын күзімізді қайтарасың ба?

Кикимора: Жарайды, сендерге көмектесейін, Алтын күздің қайда екенін айтайын. Бірақ алдымен менімен ән айтып, би билеп, менің көңілімді одан әрі көтеріп берсеңдер ғана көмектесемін.

Жүргізуші: Балалар келісеміз бе?

Балалар: Ия, келісеміз!

Жүргізуші: ендеше жарты шеңберге тұрып «Күз жомарт» әнін айтайық.

Балалардың орындауында «Күз жомарт» әні

Кикимора: Ах-ах-ах! Өлеңдерін тамаша екен. Көңілім күшті, сондай күшті аяқтарым тұра алмай билеп бара жатқан сияқты. (деп билейді)

(балалар орындарынан тұрып би билейді)

Балаладың орындауында «Көңілді жұптар» биі

(кикимораның есі шығып балалармен бірге билейді)

Кикимора: Уф-уф-уф. Шаршап кеттім ғой! Рахмет балаларым, балапандарым. Алтын күздің қайда екенін айтайын сендерге. Оны Орман иесі өз орманына алып кетіп, ағашқа айналдырып тастапты. Сендерге Алтын күзді құтқаруға сәттілік тілеймін. Сендер өте ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер. Сондықтан сендердің күшті екендігіне мен сенемін. Сау болыңдар балалар.

(Кикимора музыка әуенімен залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзімізді орман иесінен құтқаруымыз керек. Тезірек жолға шығып, сиқырлы орманды тауып алайық. Ал жолымыз қысқа болу үшін күз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Балалардың күз туралы тақпақтары

(тақпақтардан кейін сиқырлы әуен естіледі)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, біз келіп қалған сияқтымыз. Орманымыз қандай әдемі. Ал, Орман иесі қайда екен? Балалар, мүмкін ол біздің әнімізді естіп келіп қалатын шығар.

Балалар орындауында хоровод «Күз келді» әні

(әннен кейін залға орман иесі кіріп, өзінің жаман көңіл күлде екенін бәріне білдіреді)

Орман иесі: Кім менің тыныштығымды бұзды? Сендерге менің орманымда ән айтып, шулап жүргенге кім рұқсат берді?

Жүргізуші: Балалар орман иесімен амандасайықшы.

Балалар: Сәлеметсізбе!

Орман иесі: Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жүргізуші: Орман иесі, біз балалармен бірге сізге арнайы келдік.

Орман иесі: Арнайы дейсің бе? Маған ешкім арнайы келмеді, өйткені қорқады. Сендер қорқпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ, қорықпаймыз.

Жүргізуші: Орман иесі біздің алтын күзімізді алып кетуге келдік. Сен оны қамауда ұстап отырғанын естіп оны құтқаруға келдік. Өз мерекемізге шақырғымызи келіп отыр.

Орман иесі: Иееее, солай дейсізбе. Ия, мен оны алып кеттім. Ол өте әдемі болғандықтан барлығы оны қонаққа шақырады. Ал, мені ешкім де есіне алмады. Ешқайда шақырмайды. Тіпті ойынды да ойнамайды. Сондықтан, мен оны сендерге бермеймін, қайтармаймын. (деп ренжіп айтады)

Жүргізуші: Орман иесі, ренжімеші. Біздің балалар сенімен ойын ойнағысы келіп отыр. Қалай қарайсың?

Орман иесі: Ойын дейсіңбе! Әрине ойнаймын. Мен ойын ойнағанды сондай жақсы көремін.

Балаларменойын: «Шалқанды кім тез жұлады»

Орман иесі: Уф-уф-уф. Шаршап кеттім ғой. Ой, рахмет балақандар. Ойындарын күшті екен.

Жүргізуші: Енді Алтын күзімізді жібересің бе?

Орман иесі: Әрине, жіберемін. Мен өз сөзімде әрқашанда тұрамын.

Жүргізуші: Қайда екен біздің Алтын күзіміз?

Орман иесі: Сендер мерекелеріне оралыңдар, Алтын күз сендерді сонда тосып тұр.

Жүргізуші: Орман иесі бізбен бірге мерекізге барсайшы, қадірлі қонақ боласың!

Орман иесі: Жоқ, рахмет. Мен орманымды тастап кете алмаймын. Орман иесі болғандықтан осы жерде қалуым керек.  Шақырғандарына көп рахмет. Ал,жолға шығындар. Алтын күз сендерді тосып қалған шығар.

(музыка әуенмін орман иесі шығып кетеді, балалар шеңберді бір айналып мерекелеріне оралады, орындықтарға отырады музыка әуенімен залға Алтын күз кіреді)

Алтын күз: Сәлем менің достарым

Өмірге көп қосқаным

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа кенеліп

Шаттық әнге салыңдар!

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені құтқарып алғандарына сендерге алғысым шексіз. Көп рахмет сендерге.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе, Алтын күз. Біздің мерекемізге қош келдіңіз. Төрлетіңіз. Балалар сізді асыға күтті. Балалар сізге арнап тақпақтарын айтып берсін.

Балалардың тақпақтары

Алтын күз: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Балалардың орындауында «Қолшатырлар» биі

(биден кейін Алтын күз балаларға жұмақтар жасырады)

1: Доп – домалақсары
Ішінде бар дәні.
Қызығасыңкөріп,
Оныңаты … (Өрік)

2. Көктемкелебүрлеймін,
Еңалдыменгүлдеймін.
Шілдеболмайпісемін,
Дастарханғатүсемін.

3: Пісетінкезідәлкүзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнанкетпес бал дәмі,
Оныңаты … (Шабдалы)

4. Бірсабақтакөптүйме, Жейалмайсыңкөккүйде. Санапқарақанша, Оныңаты … (Шие)

Жүргізуші:Еркеөсіп, еңжайланғанұл мен қыз,

Асығасәлемжолдап, жүректенбіз.

Тәттікүй, асқақән мен әсембиді,

Сіздергетартуетіпкеліптұрмыз

Балалардың орындауында «Алтын күз» әні

Жүргізуші:  Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын

Балалардың орындауында «Келді міне Алтын күз» жалпы биі

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болып қалыпты. Мына менің күзгі сыйым сендерге балалар. Ал мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *