Психологиялық КТА(көңілді тапқырлар алаңы)


Жайманова Шарбану Есетовна
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК педагог-психологы

Психологиялық  КТА(Көңілді тапқырлар алаңы)  —жаппай командалық ойындардың формаларының бірі.Көңілді қарсыластардың мотиві адам бойындағы энергетиканы шығарады, ал ойындағы ойындар мазмұны көңілді, фантазияны, бірлікті дамытуға септігін тигізеді.

Қолданылған жұмыстар формасы айналаңдағы адамдармен жағымды қарым-қатынас қалыптастырады, бір-біріне деген құрметті арттырады, бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін арттырады.

Мақсаты: Топішілік қарым-қатынасты қалыптастыру, топтық қабілеттерін дамыту, басқалардың көзқарасымен санасу, топты және жеке қатысушыларды сезіну.

Жүргізуші: Бүгін, сіздердің қандай керемет, сүйкімді, қызықты, білімді балалар екендіктеріңізді тағы да бір дәлелдеген  Психология апталығының соңғы күндерінің бірі.

Біз бәріміз сөйлескенді жақсы көреміз, бірақ кейде сөйлесудің өте нәзік сезім құралы екенін ұмытып жатамыз, оның көмегімен адамдарға көмектесуге болады, ал кейде керісінше кесірімізді де тигізіп алып жататынымыз да рас. Сондықтан бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауды үйренуіміз керек. Біз бүгін бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауды осы сахнада тұрып үйренеміз және өмірден, кітаптан үйренген білімімізді қолданып көреміз.

Маған бүгінгі кеште сіздерге танымал адамдарды таныстыруға рұқсат етіңіздер – бұл қазылар алқасы. Бүгін оның құрамында:

1) Өмірге деген нақты көзқарасы бар, жастарға үлкен сеніммен қарайтын адам, ол колледж директоры  Мәулен Аманшаұлы Салахаден мырза;

2) Таусылмайтын шығармашылық потенциалға ие адамдардың бірі, ол тәрбие ісі меңгерушісі Гүлжан Мағзомқызы Есендосова.

3) Ашық жүректі және ақкөңіл, ерекше  адам, ол-Бауыржан Мәлікмағзарұлы Қалиев.

4) Сүйкімді және тартымды әлеуметтік педагог- Зауреш Жұмағалиева Мырзабекқызы

Жүргізуші команданы жасақтайды. 3 команда болады, 6 студенттен.

І курстардан, 3 қыз, 3 ұл.      «Smale» тобы

ІІ курстардан, 3 қыз, 3 ұл    «Кончик-пончик» тобы

ІІІ курстардан, 3 қыз, 3 ұл    «Күлегештер» тобы

Сайыс 5 турдан тұрады.

І. Психологиялық жаттығу. «Келіңіз амандасайық»

ІІ. Сәлемдесу

ІІІ. «Ерте,ерте, ертеде…»

ІV. «Сезім атауларын суретпен сал»

V . «Сөзден сөз тап» ойыны. (Алғашқы 2 тур бағаланбайды, соңғы 3 тур ғана бағаланады)
Жүргізуші:

Адам туралы ең бірінші алған әсерің әрқашан онымен байланыс орнатуда өте маңызды.

Командалардың бір біріне, қазыларға, көреремендерге алғашқы әсерлері қандай болатынын көрейік.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

«Келіңіз амандасайық…» жаттығуы

Нұсқау: Біз қазір бәріміз мұхият және тез орындауды қажет ететін ойын ойнайтын боламыз. Қатысушылар ғана. Бірінші бәріміз музыка әуенімен үнсіз бөлмені айналып жүреміз, сосын мен 1 шапалақ ұрған кезде, музыка сәл баяулайды, сол кезде барынша көп адаммен «көрісіп» амандасып қалуға тырысасыз. Музыка жалғасады, қозғалысты әрмен қарай жалғастырамыз, 2 рет шапалақ ұрған кезде сіздер «алақандарыңызбен» амандасып үлгересіздер. Үшінші мен, 3 рет шапалақ ұрған кезде «тізелеріңізбен» амандасып үлгеру керексіздер. Басты ереже – жаттығуды үнсіз, әдемі және шын ниетпен орындауымыз керек.(Бағаланбайды)

Қарсыластардың сәлемдесуі

Жүргізуші.  Менің қолымдағы «Сөйлейтін таяқ», ол командалардың бір-бірімен сәлемдесуіне көмектеседі. «Сөйлейтін таяқшаны» бір-біріңе бере отырып, әрбір қатысушы қарсылас командаға немесе қатысушыға әдемі тілектерін айтуы керек. (Сәлемдесу бағаланбайды)

Жүргізуші.  Келесі конкурсымыз бұл шығармашылық. Мұнда фантазияларың, ұсынылған жұмыстарыңыздың ерекшелігі және әрине команданың бірлігі, ұйымшылдығы бағаланады.

1-тапсырма.  «Ерте ,ерте, ертеде…»

Әр командаға сөздер жиынтығы беріледі: «Қорған», «Жаңалық», «Жайылым», «Өзен», «Халық». Командалар осы сөздерді қатыстыра отырып, әңгіме немесе ертегі құрастыру керек. Берілетін уақыт -5-7 минут. Уақыт аяқталған кезде командалар шығармаларын оқиды. Ең жоғары балл – 4 балл.

Жүргізуші:Командалар әзірге дайындала берсін, біз жанкүйерлермен ойын ойнаймыз.

«Затты қолдану» ойыны

Нұсқау: ен бір затты атаймын, ал сіздер ол заттың қайда және қалай қолданылатыны туралы айтуыңыз керек: кітап, суқұйғыш, газет, мойынорауыш.

2- тапсырма «Сезім атауларын суретпен саламыз»

Жүргізуші: Команда капитандары ортаға шақырылады (капитандар сезім атаулары жазылған карточкалардың бірін суырады). Командалар міндеті –сезім атауларын сурет түрінде, сезімге арналған коллаж түрінде ұсынады. Уақыт – 7 минут.     Жоғары баға – 4 балл.

Сезім атаулары:

Махаббат – өкініш

Ашу-ыза – рахат

Таңданыс –өшпенділік

Бөлінген уақытта командалар әзірленгенше, жанкүйерлермен ойын ойнатылады.

«Киіміңе қарап қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» деген сөзді бәрімізде естіген болармыз.

Олай болса, сіздердің ойларыңыздың ұшқырлығын тексеріп көрейік. Мен сіздерге кинолардың, кітаптардың аттарын басқа мағынада айтамын, сіздер дұрыс атауын табуыңыз керек.  Мысалы: «Сенің атың Молда» деген кезде сіздің есіңізге қандай киноның аты түсер еді. Бұл киноның аты –  «Менің атым Қожа»

Тапсырма.

1)      «Кедейлер де кейде күледі», («Байлар да жылайды»)

2)      «Кемпір», («Шал»)

3)      «Ағатай», («Әпке»)

4)      «Ержүрек бір бала», (Жау жүрек мың бала»)

5)      «Сағыз бекеті», («Махаббат бекеті»)

6)      «Шымкент», («Тараз»)

7)      «Казахский бизнес», («Бизнес по казахский»)

8)       «Сен қай мырзасың?», («Сіз кімсіз, Ка мырза?)

9)      «Қызыл мен  сары», («Ақ пен қара»)

10)  «Қалыңдық», («Келін»)                                                                                                                   11)« Ер жігіт», («Қыз Жібек»)                                                                                               12)«Кішкентай кезімдегі аспан», («Балалық шағымның аспаны»)

 

Командалар «Сезім атауларын суретпен саламыз» конкурсы бойынша өз жұмыстарын ұсынады. Қазылар бағалайды.

3-тапсырма

«Сөзден сөз тап» ойыны

Нұсқау: Сізге сөз беріледі. Сол сөзден кім көп сөз құрастырады, сол жеңіске жетеді.

Бірінші сөз «Бағдаршам»

Екінші сөз «Жапалақ»

Үшінші сөз «Жаңылтпаш»

ҚОРЫТЫНДЫ

КОМАНДАҒА ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ

Жүргізуші: КТА (Көңілді тапқырлар алаңы) қорытындысында әр команда қарсы командаға ерекше сыйлықтарын естелікке ұсынуы керек. Ұсынатын сыйлықтарын айтпай, ешқандай сөйлемей түсіндіруі керек. Қарсы команда қимыл-қозғалысы мен мимикасынан қандай сыйлық екенін түсінуі керек.Ендеше сөз кезегі командаларда.(Командалар ережеге сай сыйлықтарын ұсынады).

Жүргізуші: Міне, біздің бүгінгі  іс-шарамыз да өз мәресіне жетті. Қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Қазылар алқасы өз ойларымен бөлісіп, жалпы қорытындысын айтады. Ал кейбір қатысушыларға арнайы аталымдар ұсынылады.

·         Ең көңілді қатысушы

·         Ең салмақты қатысушы

·         Біз сенен мұндайды күткен жоқпыз

·         Сен біздің тірегімізсің (команданы жиі алып шыққан қатысушы)

·         Ең белсенді қатысушы

·         Ең шумный қатысушы

Әділдік үшін күресуші (қазылар алқасы шешіміне жиі келіспеген қатысушы)

Жүргізуші: Бүгінгі Психологиялық Көңілді тапқырлар алаңына  қатысқан командаларға мың алғыс. Әділдігін айтып, шын төрелігін берген қазылар алқасына алғысымызды білдіреміз.

Келесі көңілді тапқырлар алаңында кездескенше күн жақсы болсын, студенттер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *