Ұстаздың шығармашылығы – нәтижеге бағытталған білім берудің кепілі


Жумагалиева Зауреш Мырзабековна
«Қаратөбе колледжі» МҚКК математика пәні оқытушысы

Мен алдымен көп адамға белгілі ақиқатты аштым, одан кейін кейбір адамдарға ғана белгілі ақиқатты аштым, ең соңында, ешкімге беймәлім ақиқатты аша бастадым.

Ұстаз шығармашылығы – оқу процесін ұйымдастыру және оқушылардың өздігінен   білім алуын қалыптастыруда  маңызды  жағдай  болып  табылады. Шығармашылықтың бірнеше деңгейі бар:

1. бар білімді пайдаланып, қолдану аясын кеңейту

2.  дағдылы көзқарасты өзгертіп, мүлде жаңалау

В.И. Андреев шығармашыл адамның 3 типін ұсынады.

1. Теоретик-логик. Өз жұмысын жоспарлайды, бұрыннан белгілі ғылыми зерттеулерді кең қолданады. Жан-жақты. Бастаған ісін аяқтайды.

2. Теоретик – интуитивист. Керемет қиялшыл. Жалпы қабылданған ой-пікірлерге қарсы шығуға қорықпайды.

3. Практик – экспериментатор. Ұйымдастырушы. Тез тіл табысады. Өз еркіне өзгелерді көндіріп, үлкен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағыттай алады.

Әр адамның өз жеке басы қабілетіне байланысты шығармашылық потенциалы бар.

v байқағыштық

v бұрыннан белгілі жайтқа күмән тудыру

v мәселеге ене білу

v алдын болжай алу

v таныс объектіні өзгеше қырынан тану

v ізденіс пен беймәлімділікке бой алдырып, күнделікті бір қалыпты тұрақты өмірден бас тарту

v бір ойдан екіншісіне тез ауысы

v санасында бейнелер қалыптастырып, жаңа комбинациялар құрастыру

v бағалау, сын айта білу

v көп мәліметті есте сақтай алу

Мұғалімнің шығармашылығы:

– өзінің күнделікті іс-әрекетіне жанымен берілу

– оқыту және тәрбиелеуде қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық енгізу

– биік нәтижегелерге қол жеткізуге ұмтылу

Математика пәнінің басты мақсаты – адамның логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі, әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
Математикалық есептерді шығару болашақ жас маманның  өз мамандығындағы білімдік деңгейін көтеруге және өрбітуге,жұмысын нақты, ұқыпты жасауға көмектеседі. Математика білімі барлық мамандықтарда – аспаздан ракета құрастырушыға дейін өте қажет екенін білеміз. Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару – оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі.

Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.  Математиканы   үйренумен  белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару. Математикалық есептердің тәрбиелік  мәні зор. Есеп  шығару  кезінде  төзімділік пен табандылық қалыптасады.  Тиімді  шешімді  іздеп жазудың, сызудың  ықшамдығы   мен   мұқияттығын   керек    етеді.

Есеп шығару  ойлаудың  ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік – логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану

Математика абстрактылы пән болғандықтан қай оқушы болмасын бірден қабылдау өте қиын.Математиканы жақсы түсініп алған оқушы алдында тұрған мәселені анық көретін болады.Оның шешімін күні-түні іздейді,ақыры табады.Сондықтан кез келген оқушының ауызша есептеуден бастап логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп шыңдау  математика пәні мұғалімінің міндеті.Оқушы математиканы оқудың қажеттілігі,өзі үшін және өзінің болашақ өмірі үшін осы еңбектің керектігі туралы қаншама естісе де,осы сөздің қаншама дұрыстығын сезіне тұра осы іске кіріспесе ол математиканы оқуға қызықпайды деген сөз.Оқушылардың дайындықтарын қалыптастыратын барлық нәрсе математиканы оқыту барысында қалыптасады.Математика сабағында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің оның ақыл-ойының қалыптасуына үлкен мәні бар.Модульдеп оқытудың тиімді жақтарының  бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлу.Оқушыларды шағын топтарға бөлу арқылы оқытудың тиімділігі – нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды.Әрбір шағын топ оқушылары берілген тапсырмаларды ақылдаса отырып,бір-біріне түсіндіре отырып орындайды.

Математикалық есептерді шығару оқушылардың шығармашылық белсенділігіне байланысты.Сондықтан,есеп шығарудың басты мақсаттарының бірі –  оқушылардың математикалық ойлау жүйесін қазіргі өмір талабына сай қалыптастыру және дамыту,оларды тұрмыстық және практикалық мәселерді шешуге баулу,қоршаған ортаны математикалық модель тұрғысынан танып білуге үйрету,       осылар      арқылы  оқушы  мәдениетінің,  дүниетанымдық             көзқарасының   дұрыс қалыптасуына игі   ықпал жасау.

Демек,мұғалім оқушылардың ойлау қызметін жандандыру арқылы оларға әр алуан салуларды,түрлендірулерді,есептеулерді орындауды,математикалық сөйлемдерді тұжырымдауды үйретумен бірге,оларды ойлап,талқылауға математикалық фактілерді салыстыруға,ортақ немесе айрықша қасиеттерді көрсетуге,дұрыс қорытынды жасауға баулуы тиіс.

Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын,ынтасын арттыратын есептерді қарастыруы дұрыс.Осы орайда мамандықтарына сәйкес өндірістік оқытумен бірлесе интерактивті тақтаны пайдаланып  өткізілген интеграциялық сабақтарды айта кетуге болады.

Есептер мазмұны әр маман иесінің мамандығына сәйкес берілген,шығарылу жолы математика заңдылықтарына бағынады,ал түп төркіні өз ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттауға,қазақ халқының атадан қалған асыл сөздерін өз  өмірінің басты ұстанымы етіп тәрбиелеуге үйретеді.Ал осы  есептер  арқылы берілетін білім мен ізгі қасиеттерді  оқушы өз бойына жаңа технологиялардың көмегі арқылы оңай игере алады.

Ағаш шебері,газэлектрдәнекерлеуші тобының оқушысының есебі.

«Білікті – бірді жығар,білімді мыңды жығар.» мақалы негізге алынған.

Сымның диаметрін анықтау үшін микрометрсіз қалай анықтауға болады?

Жауабы: сымды шегеге не қарындашқа нығыздап орап,сызғышпен ұзындығын өлшейміз.

Аспаз тобына арналған есеп.  «Жеті рет өлшеп,бір рет кес.»

Торт бетінде 7 роза гүлі әр бөлікте бір-бірден орналасатындай етіп тек қана 3 түзу көмегімен тортты қалай бөлуге  болады?

Осындай есептер шығару кезінде оқушылар логикалық ойлаумен қатар өз мамандықтары бойынша да білімдерін көрсете алады. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру  ойыңды ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Қиялыңды дамытып, өз бетіңмен жұмыс істеуге икемдейді.

 

Қорытынды.

Математикалық  сауаттылық   өмір сүрудің қажетті   компоненті.

Мемлекет мықты болса,оның елі де, болашағы да мығым.Біздің Президентіміздің арман-аңсары да осы қазақ мемлекетін сондай биік әлеуетке жеткізу екені «Қазақстан – 2050» Стратегиясынан анық байқалады. Шынында да, бүкіләлемдік қауымдастықта мықтылар қатарынан ойып тұрып орын алу үшін күшті экономикамен бірге елдік санамыз,ұлтжандылық,отаншылдық,патриоттық сезіміміз жоғары болуы керек.Сондықтан Қазақстанның әр азаматы Елбасы Жолдауына тиісті көңіл бөлгені өте орынды деп ойлаймын.

Қазіргі таңда түрлі бағыттағы өнеркәсіп салаларының күн санап көбейіп келе жатқандығы себепті елімізде кәсіптік колледж мамандығының иелеріне  деген сұраныс та ұлғаюда. Осыған орай,оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,математика пәнін сауатты да биік дәрежеде меңгерте оқу арқылы сапалы да білікті мамандар дайындау  менің негізгі мақсатым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *