«Елін бастаған Елбасы» Тұңғыш президент күніне арналған ертеңгілік


 Зулкашева Фарида Кайыркуловна
 «Балдаурен» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, шар, елтаңба, ту, қазақстан картасы, бәйтерек суреттері

Шаттық шеңбері

-Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

-Алақай!-деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз?, төменнен не көреміз?

Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты. Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және өзімізге сәлем берейік.

Сәлем саған Алтын күн!

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем саған достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Қ.Р-ның әнұраны орындалсын (хор)

«Қазақстан» флешмобы

Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз

-Қазақстан Республикасында.

-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Елтаңба, ту, әнұран.

Біздің Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- ел президенті.

1-    желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.

Президент өмірбаяны мен таныстыру.

Балалар тақпақтары:

Айару                                                                  Мансур

Астана арман қала                                       Күн болып қарайды.

Бағы бір жанған қала                                  Шуақ боп тарайды

Тұрады ол жап-жас болып,                        Әлемге нұр шашқан

Мен үлкен болғанда да                               Астанам арайлы

Бибі                                                                         Ислам

Әнұраным, жанұраным                              Елімнің атын айтсам Қазақстан

Айтар әнім, сөйлер сөзім.                          Жерімнің атын айтсам Қазақстан

Туған жерім сағынарым

Республикам, әнұраным

Нұрдаулет                                                                Алдияр

Айнымайды аспаннан,                               Елбасы болу мәртебе

Біздің тудың бояуы                                    Арқаңыз сіздің Нұр аға.

Оны халық қашан да                                 Тілейді сізге Нұр аға

Биікке іліп қояды.                                      Амандық-саулық бар бала

Нұрсат                                                                   Перизат

Елтаңбасы елімнің                                      Отан-сенің ата-анаң,

Неткен әйбат әдемі                                     Отан-досың,бауырың,

Тұнығындай көңілдің                                 Отан –өлке, Астанаң

Ортада әсем әлемі                                       Отан  туған ауылың

Қазір балалар Елбасымыз қай қалада?     (Астанада)

Бұл қала біздің Елордамыз.

Ал, Астанада не бар?- иә, Бәйтерек Ақорда т.б Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Халқым айтқан жер көтерер, ел даңқын.

Елім айтқан ел көтерер, жер даңқын

Президентім, Елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Бүгінгі ертеңгілігімізді батамен аяқтағымыз келіп тұр.

Өркенің өссін, жас ұлан,

Білімің өссін, оқыған.

Әрқайсысың ғаламгер,

Шырақ бол,

Еліңе қорған, құрал бол.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін, оларға сипаттама беруді, анық сөйлеуді білу керек.

Істей білу керек: Сұрақтарға жауап беруді. Ойларын толық жеткізуді.

Болу керек: Патриоттық сезім болу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *