Компьютер Бум Шоу


 Назаркулова Сандугаш Орынбасаровна
 №94 жалпы орта  мектебі информатика пәні мұғалімі

Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық      жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Түсіндіре – баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.

Сабақтың барысы:

1.  Оқушыларды ұйымдастыру.

2.  Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

3.  Ойын кезеңдері.

4.  Қорытынды.

5.  Бағалау және марапаттау.

І. Ұйымдастыру.

 

 

1 – жүргізуші

Армысыздар, Құрметті  ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Математика және информатика апталығына орай ұйымдастырылған  «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынына қош келдіңіздер. Біздің іскерлік ойынымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

 

2 – жүргізуші

8 «а»,  8 «ә»,  8 «в» сыныптарынан  құралған үш топ «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынында өз біліктіліктерін көрсетеді. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған іскерлік ойынымыз оқушыларының білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

 

1 – жүргізуші

Іскерлік ойынымызда бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.

 

2 – жүргізуші

І топ:  «Информатика» топ басшысы: …………………………………………………………

ІІ топ: «Компьютер» топ басшысы:…………………………………………………….

ІІІ топ: «Интернет» топ басшысы:………………………………………………….

 

1 – жүргізуші

Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.  Мектеп директоры – Қайрат Арыков

2.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жанар Айтбекова

3.  Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары  – Жанар Досқараева

4.  Математика және информатика әдістеме бірлестігінің жетекшісі – Ләззат Ашен

5.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  Информатика пәні мұғалімі – Жанар Мыңбаева

 

2 – жүргізуші

Енді бүгінгі ойынға қатсушы топтарды ойын кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І – кезең:             Таныстыру

ІІ-кезең:              «Ақылдассаң шешерсің…»

ІІІ-кезең:            «4 сурет 1 сөз»

IV – кезең:          «Мәтіндер»  аралы

V– кезең:            «Ойлан тап!»

VІ– кезең:           «Кім жылдам?»

VІІ– кезең:         «Маржан сөз»

 

1 – жүргізуші

І-кезеңіміз  бойынша  әр топ  өздерін  таныстырып  өтеді. Олай болса топтарға кезек  берейік

 

2 – жүргізуші

ІІ-кезең:«Ақылдассаң шешерсің»  жалпы 15 сұрақ қойылады. Сұрақтарға қай топ жылдам  жауап береді.

Нақтылы жауап, сапалы  шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

 

1.  Компьютердің ақылшысы.

a)      Процессор;   ә) Жады;   б) Винчестер;  в) Компьютер;

2.  Теңізде қандай  тacтap табылмайды?

a)  Су;    ә) Құрғақ;  б) Ешқандай mac болмайды;   в) Барлық жауап дұрыс емес;

3.      Елеуішпен су әкелуге бола ма?

a)      Болады;    ә) Болмайды;  б) Болады, тек….;   в) Болмайды, себебі….;

4.  Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?

a)      Монитор   ә) Баспа қүрылғысы   б) Сканер   в) Пернетақта

5.  Кім барлықтілде сөйлейді?

a)      Адам;    ә) Жәндік;    б) Жанғырық;   в) Аң;

6.  Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.

a)  Монитор;   ә) Баспа құрылғысы;   б) Сканер;     в) Пернетақта;

7.  Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік багдарлама.

a)      Вирус;  ә) Архиватор;   б) Антивирус;   в) Бағдарлама;

8.  Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшінқолданылады.

a)      Босорын;   ә) Болдырмау;   б) Өшіру;   в) Енгізу;

9.  Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?

a)  Елес;  ә) Көлеңке;   б) Сурет;    в) Ешқайсысын да;

10.  Өшірілген файлдар қайда сақталады?

a)      Себет;   ә) Жады;   б) Менің қүжаттарым;  в) С дискісінде;

11.  Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысынбасқаратын арнайы бағдарлама.

a)      Операциялық жүйе; ә) Бағдарламалар; б) Офис;  в) Стандартты бағдарлама;

12.  Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.

a)  Пернетақта;   ә) Дисплей;    б) Принтер;   в) Сканер;

13.  Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма?

a)  Төменгі жағында;    ә) Жоғаргы жагында;   б) Екі жағында да бірдей;   в)Дұрыс жауап жоқ;

14.  Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?

a)      30 см;    ә) 50 см;   б) 70 см;  в) 100 см;

15.  Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердіңжиынтыгы.

a)      Интернет;   ә) Жергілікті желі;  б) Желі;   в) Модем;

 

1 – жүргізуші

ІІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз». Тапқан сөзді үш тілде айту керек. Олай болса тақтаға назар аударыңыздар

 

2 – жүргізуші

ІV-кезең: «Мәтіндер» аралы деп  аталады.  Бұл кезеңде әрбір  топтан бір  оқушы шығып, 5 минут ішінде компьютерде мәтін  тереді.

Уақыт берілді.оқушылардың шапшаңдығы ескеріледі.

Сонымен қатар көрермендерге ребустар беріледі. Ребусты шешкен көрермен өз ұпайын өзіне ұнаған топқа сыйлайды.

 

 

Көрермендерге:

 

1 – жүргізуші

V– кезең: «Ойлан тап!»  Бұл  кезеңіміз  бойынша интерактивті  тақтадан  топтарға  компьютер құрылғыларына арналған жұмбақ  жасырылады. Жұмбақтың  жауабын тауып,  үш тілде  айтып  береді.

 

2 – жүргізуші

VІІ– кезең: «Кім жылдам?». Бұл кезеңде әр топ басшыларына  2 минут ішінде  15 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап есептелір отырады.

 

«Информатика» тобы

1.     Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді қалай атайды?

2.     Паскаль программалау тілінің авторы кім?

3.      Паскаль тілі қай жылдары жасалды?  «Алгоритм» атауы қай тілден енген сөз?

4.     Блок-схемада қандай геометириялық  фигураларды қолданбайды? Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын атаңыз.

5.     Sqr операторының қызметі.

6.     Var  қызметші сөзі не үшін қолданылады?

7.     Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар?

8.     Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады?

9.     Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады?

10.                       Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет.

11.                       Бір жолға неше символ жазуға болады?

12.                       Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?

13.                       Write операторының қызмет?

 

1 – жүргізуші

«Компьютер»  тобы

1.     Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым?

2.     Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын  негізгі құрылғы?

3.     «Компьютердің миы» деп  нені айтады?

4.     Мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы қалай аталады?

5.     ЭЕМ – ның даму тарихы неше кезеңнен тұрады?

6.     Пернетақтада неше батырма бар?

7.     Пайдаланушы мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?

8.     Интернет деген не?

9.     Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы?

10.                        Меңзер дегеніміз не?

11.                        1 және 0 сандарымен  бейнеленетін  ақпарат саны    тізімі  қалай аталады?

12.                       Үлкен әріптерді   басуда  қандай  түймені қосамыз?

13.                        Paint қандай редактор?

14.                        Вирусқа қарсы арнайы программалар қалай аталады?

15.                        Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microcoft Office құрамына кіретін программа қалай аталады?

 

2 – жүргізуші

«Интернет» тобы

1.     Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы қалай аталады?

2.     Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы?

3.     Файл дегеніміз не?

4.     Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа?

5.     Компьютерде деректерді уақытша сақтау жады?

6.     Ең ерте заманғы есептеу құралы?

7.     Пернелердің ішіндегі ең ұзын перне?

8.     Компьютер мен адам арасындағы қарым- қатынас қалай аталады?

9.     Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ?

10.                    Paint қандай редактор?

11.                    Нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер?

12.                    Әлемдегі ең ауқымды компьютерлік желі?

13.                    Антивирус қандай программа?

14.                   Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

15.                    Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсыну қалай аталады?

 

1 – жүргізуші

VІІ– кезең: «Маржан сөз» деп  аталады. Бұл кезең бойынша әр  топқа  белгілі бір тақырып беріледі. Тақырыпты  топпен  толықтырып, қорғайды.

Егер мен Робот болсам…

Егер мен Президент  болсам…

Егер  мен  Хаккер…

 

2 – жүргізуші

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Бағалау

Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.

Марапаттау:

Жоғары ұпай алған топты – «Үздік информатиктер», орта ұпай алған топты – «Тапқырлар», аз ұпай алған топты – «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.

Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *