Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі


Жолдасова Эльмира Алдамбергеновна

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы МКҚК «Ақсай техникалық колледжінің» Қоғамдық пәндер оқытушысы

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан халқына биылғы Жолдауында белгілеп берген ел дамуының үшінші жаңғыру кезеңіндегі саяси-экономикалық кемелденулерді рухани нәрлендіру, ізгі руханиятқа бағдарлау арқылы қазақстандық жаңа өрлеуді толыққанды етудің соны үлгісі ұсынылып отыр деп білеміз.
Мемлекет басшысы еліміздің рухани жаңғыруы мен білімді ұлт, бояу-болмысын жоғалтпаған жұрт атануының сара жолын көрсетіп берді. Рухани жаңғырту арқылы ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен, жалпы адамзаттық құндылықтармен байыта аламыз. Жаhандық бәсекеге қабілеттілікте жеделдетілген технологиялық жаңғырту басымдығына көшу қажеттігінің алғы шартта болуы, бұл білім және ғылым саласының иелеріне нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін аса маңызды мәселелерге бағытталып отыр. Яғни біз технология мен инновацияға, жаңа экономика салаларын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға баса мән бере отырып, кез келген халықтың дамуында баға жетпес рөл атқаратын рухани негіздерді де естен шығармауға тиіспіз.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Мемлекет басшысының: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», дегеніндей, бүгінгі жасампаз болмысымыздан озық, оны алға бастайтын идеяларды көріп отырмыз. Біздің білім берудегі бүгінгі үдерісіміздің даму жалғасы әрі бағдары ретінде мақалада «Білімнің салтанат құруы» деп арнайы айдарлап орын беріліп, «білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп тұжырымдалуы біздерге жаңа, қуатты серпін береді. Бұл – жастарымыз басымдық беретін мәселелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт екендігін көрсетеді. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Яғни білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек.

Дамудың жаңа дәуіріне қадам басқан еліміздің жаһандық болмыс жағдайында бәсекеге қабілетті болуы, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуы әрбір Қазақстан азаматының жаңаша ойлауын, қоғамдық сананың жаңғыруын талап етеді. Бүгінгідей зымыран уақыт көшіне ілесу, яғни кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу – білім мен ғылым жетістіктерін меңгермей мүмкін емес.
Жаңғырудың жарқын үлгісі ретінде пайымдалған прагматизм негізінде қоғамдық сананы жаңартуға қатысу, болашақты болжап, оны тиімді қолдана білу – ертеңі кемел ұлттың айқын мақсаты деп білемін. Бар саладағы жаңғыру арқылы біз жарқын болашаққа жол саламыз.

Қазақ Елі дамудың барлық кезеңін бастан өткерді. Енді рухани жаңғыруға да баса назар аударылуы керек. Бұл жаһандану дәуірінде тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болуы керектігін білдіреді. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз мен мәдениетіміз сақталуы керек. Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *