Жеке сабақ жоспары


 Аимбетова Жанерке Жүсіпқызы
№29 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасының логопед мұғалімі

Мақсаты / Цель:  артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты анық айту  дағдысын қалыптастыру, дыбысты жеке айтуды үйрету, ұсақ моториканы, зейінін, сөздік қорын дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар (мысық)

Сабақ барысы:

 

Логопед балаларға ойыншықты көрсетіп

–          Бізге қонаққа кім келді? – деп сұрайды

Релаксация жаттығулары Кеңістікті қабылдау дағдыларын қалытастыру,

Мысық күнге жылынып, керіліп- созылды(кернеу), содан кейін  қайта күншуаққа барып жатты (босансу)

– мысық қайда тығылып қалды? (Ойыншықтар бөлменің әр жеріне орналастырылады, балалар жауап береді)

 

Ұсақ моториканы дамыту

–          Мысықтың тырнақтары қандай өткір, көрсетейік

(Саусақтардың ұшын алақанға кезекпен тигізіп ойнайды…Алдымен кезекпен оң- сол қолымен, кейін екі қолымен бірге)

 

Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту

Мысық далаға серуенге шықса, жел соғып тұр екен Тілді төменге ерінге қойып, оның ұшына үрлеу Ауызға алақанды жақындатып салқын желді сезу… Бір кезде дауыл соғып кетті Ауызы жіңішке шөлмекті алып, үрлеп тұрып уууууууууууу дыбысын ұзақ айту

 

Өз-өзін сылау (массаж)

Мысық жуынады Мысық маңдайын, бетін, аузын жуады (балалар маңдайын, бетін, аузын бұрыштарын сипап сылайды)

 

Тілге арналған жаттығулар

–          Мысық жолға шықты Жол қандай тегіс болғанын көрсету Ауызды кең ашып,

тілдің ұшын төменгі ерінге жаншу, тіл ортасын түбіне түсіру

–          Мысықты мазақтау Тілді төменгі ерінге  қойып, пя-пя-пя деп қайталау

–          Мысық сүт ішеді Жалпақ тілді ауыздан шығарып, қайта ауыз ішіне тығу

(тіл ұшы астыңғы тістер артына қойғанды қадағалау қажет)

С дыбысын көру бейнесін қалыптастыру

– Қарашы, ерін жымиып, тіл астыңғы тістер артына тығылып тұр (артикуляциясын көрсету)

Дыбыстың есту бейнесін қалыптастыру

Мысық  тырнағымен шарды жарды, шардың тесігінен шыққан дыбысты тыңдаңдар  сссссссс Сендерде жақында дыбысты осылай айта аласыңдар

Дыбысты есті ойыны :

«С» дыбысын естісең қолыңды шапалақта Сағат деген сөзде С дыбысы бар ма?

Мысық, шана,  асық, жоба, қасық, сахар, самалет, сағыз, мирас, сегіз, салат, сабын, қант.

 

Сабақты қорытындылау.

Жарайсың. Бүгін біз «С» дыбысын айтуды үйрендік. Келесі жолы да осы дыбыспен айналысатын боламыз.

 

Үйге тапсырма: артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындау және қайталау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *