Занятие «Мақта қыз бен мысық»


Раимбекова Каракоз Абдуллаевна
воспитатель КГКП   Ясли сад №10 г. Сатпаев

Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін арттыра отырып сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрметін еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:рөлдік ойындар,диолог,ашық,жабық сұрақтар.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары.
Ұйымдастыру кезеңі:Құрметті қонақтар және балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, бізге көптеген қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен амандасайық: 3 тілде
Алақай алақай!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы күн

Қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде.Мақта қыз бен мысық  болыпты.

Мақта қыз:

Сәлеметсіздерме  құрметті қонақтар,және балалар,Менің атым Марал,Менің  муся деген досым бар.Мен қазір бөлмемді жинаймын. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.
Қыз: Мысық мысық бері келші.
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз  айтпаймын  дейді

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)-
– Мияуым менің, қайдасың?
Мақта қыз –
Тәрбиеші:
Мысық- Нұрдана
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр -Жандаулет
Мен сиырмын,Мен сиырмын,

Балаларға сүт беремін.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр:  Менің қарным ашып тұр. Сен маған жапырақ әкеліп берші,

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш –Маргарита

Мен ағашпын мықтымын,

Мен ағашпын күштімін.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдеп тұрмын, мен саған жапырақ беремін.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:Дариа,Анеля, қыздар билейді
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші – Қарақат

Мен сатушы,мен сатушы,

Менің дүкенімде азық-түлік,жұмыртқа,нан ,сүт

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Мен тауықпын-Варя,Кәусәр,Аня ( би)

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан –Рамазан
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін – деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
– Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Қатысқан киіпкерлерді таныстыру.

Мақта қыз-Марал

Мысық-Нұрдана

Сиыр-Жандаулет

Ағаш-Маргарита

Қыздар-Дариа,Раиля,Анеля

Дүкенші-Қарақат

Тауық-Варвара ,Аня,Кәусәр,

Тышқан-Рамазан

Флешмоб

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *