Қуант бізді, Жаңа жыл!


Акжунусова Дария Ержановна

Қарағанды қаласы КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру. Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағұлмат беру. Мерекеде өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Ақерке: Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің Қазақстан еліне,
Үміт артып армандарға жетеле.
Дария:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық

«Қуант бізді, Жаңа жыл» ертеңгілігін хош келдіңіздер!

Ән: «Жаңа жыл»
Міне, Жаңа жыл мерекесі келіп жетті. Ол әрқашанда ертегідей көңілді. Жаңа жылда ғажайып қуаныштарды күтеміз.

Тақпақтар:

Абилмансур:

Мен тілеймін бар әлемге

Жаңа бақыт жаңа күн,

Ата-әже,аке ана,

Құтты болсын жаңа жыл.

Максим:

С новым годом поздравляю

Всех людей на свете,

Принесет пусть этот праздник,

Счасте всей планете.

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі басталғанда көптеген қонақтарды күтеміз.

Сиқырлы әуен ойналады залға Сиқыршы келеді.

Сиқыршы:

Сәлем,сәлем достарым

Үлкендер мен кішілер

Мен сиқыршы,сиқыршы

Менің жүрген жерімде

Барлық сиқыр елінен

Сәлем жасай келемін.

Жүргізуші: Сенің келгеніңе біз қуаныштымыз. Бүгін бізде ең көңілді,ең қуанышты мереке. Барлығымыз ән салып би билейміз.

Сиқыршы: Қызық екен бұл қандай мереке.

Балалар: Жаңа жыл.

Сиқыршы: Жаңа жыл деген ол не?

Менің білгім келіп тұрғаны. Онда не болады.

Жүргізуші: Қазір сізге балалар жаңа жыл туралы тақпақтарын айтып береді.

Тақпақ:

Аида

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне,сұлу шыршымыз,

Көптен күтіп сағынған.

Асан

Қаптың аузы ашылды,

Ойыншықтар шашылды

Аяз ата би билеп,

Әнімізге қосылды.

Тамирлан

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Ойнап барлық бала жүр.

З. Аңсар

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Сиқыршы: Демек бұл жерде қызықты болама? Аяз ата да келе ма?

Жүргізуші: Сиқыршы бізге сенің көмегіе керек. Бізге аяз атаны шақыруға көмектес. Балаларды қуантқанын тез келгенін қалаймыз.

Сиқыршы:

Сендерге қуана қуана көмектесер едім. Бірақ мен аяз атаның қандай екенін білмеймін ғой. Аяз ата қандай болады айтып берсеңдер.

 

Тақпақтар:

Мухамедали

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Хасан

Дедушка мороз большой,

С доброй,ласковой душой,

В новый год поздравит всех,

И подарит детям смех.

Заңғар

Аяз ата сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге аяз ата.

Сиқыршы: Ал ендіше достарым,аяз ата туралы айтқандарыңа рахмет.(Сиқыршы сиқырлы қонырауын алып шығады)

Сиқырлы менің қоңырауым, қатты-қатты сыңғырла. Аяз ата мен ақшақарды тезірек шақыр осында.(Сиқыршы қоңырауды сыңғырлатады. Көңілді әуенмен ергежейлі кіреді)

Сиқыршы: Міне аяз ата келді.

Жүргізуші: Балалар бұл аяз ата ма?

Балалар: Жоқ ергежейлі.

Ергежелі: Иа,иа дұрыс айтасыңдар мен ергежейлімін. Қоңыраудын дыбысын естіп осында қарай жүгірдім.

Жүргізуші: Ергежейлі сен қандай көңілдісің. Бізбен бірге қалып жаңа жыл мерекесін тойла. Біздің де кішкентай ергежейлілеріміздің өнерін тамашала.

Би: Ергежейлілер

Сиқыршы: Мен барлығын шатастырып алған сияқтымын. Енді тағы да қателескім келмейді. Осы жолы біз қателеспейміз деп ойлаймын. Ал сыңғырла  қоңырауым. Аяз ата мен ақшақарды бізге шақыр.

Көңілді әуенмен Аққала шығады.

Аққала: Ой қандай әдемі балалар! Сәлеметсіңдер ме балалар! Далада жүргенімде сиқырлы қоңыраудың даусын естіп осылай қарай жүгірдім.

Жүргізуші: Бұл қалай болғаны? Сен Аяз ата емессің гой.

Аққала: Жоқ, жоқ мен Аяз ата емеспін. Мен Аққаламын.

Жүргізуші: Сиқыршы сен барлығын шатастырып алған сияқтысың

Бірақ біздің көңіл күйімізді түсірмейміз. Жаңа жыл мерекесін одан әрі жалғастырайық.

Аққала: Балалар мен сендерде сұрақ қойғым келіп тұр.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Өте жақсы балалар. Енді мен сендерге ойын ала келдім.

Ойын «Қар жинау»

Жүргізуші: Ойын да ойнадық, би де биледік бірақ біздің басты қонақтарымыз келмеді.

Сиқыршы: Ох, менің қолымнан келмеді. Енді не істесем екен. Өте өкінішті.

Жүргізуші: Ал ендеше тағы да бәріміз бірге шақырып көрейік.

Аяз ата, Ақша қар 3 рет қайталайды.

Аяз ата мен ақша қар келді.

Аяз ата: Әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келіп кіреді. АязАта:Сәлеметсіздерме балалар! Сәлеметсіздер ме    қонақтар! (Балаларамандасады).
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ит:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

ӘН: «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз атаға тақпақтар айтып берейік.

Шахназ:

Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында,

Қандай силық ьар екен.

Арқалаған қабында.

Даниал:

Қала нұр дала нұр

Құтты болсын жаңа жыл!

Гүлжан:

Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық,

Аяз атадан,

Силықтар алдық.

Қали Азиза:

Тым алыстан марстан,

Келіп аяз атамыз,

Жылды тойлап, билеп ойнап,

Көп қызыққа батамыз.

Үлжан:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың,

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау қарлы шың.

Санжар:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны,

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Аяз ата: Оны қазір жөндейміз! Бәріміз бірге 1-2-3 Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат» Шырша шамы жанады.

Жүргізуші: Ендеше шыршаға араналған әнімізіді айтып берейік.

Ән : Шырша жыры

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сізбен ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын: «Қатырмақ»

Аяз атаға арналған тақпақтары бар:

Арыстан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып,

Азиза:

Әдемілеп ілініп,

Әдеміліп ілініп,

Қандай жақсы шыршамыз

Кел билейік бәріміз,

Адиль:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз,

Аяз ата келгенде,

Билейміз ән саламыз.

Інжу:

Тоғай да баулар да

Ақ күміс жамылды

Дала да таулар да

Өзіңді сағынды

Даяна:

Тауда туып,

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға.

Ақша қар: Мына жерде кішкентай ақшақарлар жүр екен гой. Мен кішкентай ақшақарлармен би билегім келіп тұр.

Би: Ақшақарлар

Жүргізуші: Балалар ескі Тауық жылымен қоштасатын уақыт жеткен сияқты. Тауық жылы бізбен бірге бір жыл болды.

Тауық:

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Ит:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: – Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі:  Қош, қош, Ескі жыл!

– Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой – әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
МәртебесінҚазақстаның елінің биікке асыр.
Міне, жаңа 2018 жыл да келді. Ал 2018 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *