Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ “Алатау. Ермек Өтетілеуұлы”


автор: Амиржанова Айжан Капаровна

Сабақтың мақсаты:  Өлеңді түсініп оқу арқылы көркем әдеби тілмен сөйлеу дағдыларын дамыту.Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу арқылы Қазақстан таулары жайлы білімдерін тереңдету.Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, таулардың суреті, таулар жайлы қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

  • Берілген мәтін арқылы оқу жылдамдықтарын тексеру.
  • Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
  • Қазақстанның көркем жерлері мен табиғатын бейнелейтін деректі фильмнен үзінді көре отырып, М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін тыңдау:

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп,кірім сенде туған жер.

Жастық  алтын,қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап,шыбын шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан,сен- түбім,

Жалғаны жоқ,бәрі сенен жан тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар  Шолпан, Айым, сен Күнім.

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың,қыр,суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жерпес!…

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,

Батпағыңда тең құрбымен алысып,

Түнде ақсүйек,алтыбақан,ал күндіз

Үйретем деп асау тайға жабысып.

«Адам басы- Алла добы»  деген рас,

Қалай қуса,солай кетпек сорлы бас.

Кім біледі, менде шетке кетермін,

Туған жерім, сені тастап басым жас.

  1. Деректі фильм мен өлеңнен қандай әсер алдыңдар?
  2. Қазақстанның табиғатын тамашалай отырып, оған деген қандай сезім пайда болды?
  3. Өз еліңнің көркем жерлерін немен салыстырар едің?

Топтық жұмыс: «Туған жер» сөз тіркесін жасау.

Картамен жұмыс: Қазақстан байлықтары мен табиғатына көз жүгіртіп, еліміздің бақытты өмір сүруі тәуелсіздігіміздің арқасы екендігіне көз жеткізу.Алатау Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы.Олар Күнгей, Жоңғар, Талас, Қырғыз, Жетісу, Іле Алатауы болып бөлінеді.

 1

    Күнгей Алатауымен таныса, сергіту сәтін орындайық.

Жоңғар Алатауымен таныса. « Ойлан, тап!» ойыны: оқылған шығарманың тақырыбы мен авторын атау.

  • Отан деген -атамекен.

Отан деген- туған жер.

Отан- ана, Отан- үлкен

Қазақстан- туған ел!

  • …Есік алдында топай ойнап жүрген Кенжетай Қартқожаны көре сала «Ағатайым, ағатайым!» деп тұра жүгірді.
  • Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

 Ендеше Іле Алатауымен таныса, Е.Өтетілеуұлының «Алатау» өлеңіне тоқталайық:

  • Суретке мән бере қарайық.
  • Өзім мәнерлеп оқимын.
  • Өлеңді шумақтарға бөле,топтарға оқыту.
  • Алатауға байланысты теңеулерді табу.

Шың атасы, Рекордтар отауы, тау атасы, қария адам, отау иесі тақтаға жазу.

  • Қазақстанның тауларын атату.

Қырғыз Алатауы арқылы:сөздік жұмысын орындау.

Талас Алатауы: Қ. Аманжоловтың «Алатау» өлеңін оқыту.Екі өлеңді салыстыру, диаграмма құрғызу.

Жетісу Алатауында:  «Керек дерек» ойыны: Апортты патша алма, алмалардың әкесі деген. Алматы облысындағы таулардың арасында Алатау ең биік болып саналады.Оның етегінде бау бақша гүлдеп жатады. Тау басынан қыста да, жазда да қар кетпейді.Тау етегінде гүлдер жайқалып тұрады. Тау жотасындағы орманнан құстардың әндеткенін естиміз және сылдырлап аққан бұлақ естіледі.Таудың етегінде орналасқан Алматы қаласы апорт алмасымен бар әлемге әйгілі,Медеу айдынында болған жарыстардан сайыс үздіктерімен таныспыз.Егер осы Алатау болмаса Қазақстан картасы да сонша көрікті болмас еді.

Дәптерде мына сызбамен жұмыс:

Алматы-  апорт -Медеу – Алатау.

Үйге тапсырма:

Дәптерде Алатаудың суретін салу, ұнаған шумақты жаттау.Медеу мұз айдынының рекордсмендердің аттарын жазу.

 Алма ағашынан алма жинау ойыны: барлық балаларға баға беріледі.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *