Аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Жыр алыбы – Жамбылым» атты жас ақындар айтысы


Аман Әсем

Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы,  Құлан ауылы, Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының 11 сынып оқушысы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз» деген.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін  тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде тек өзіміз ғана емес, өзгелер де таңдай қағып айтуда.

Иә, ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік деп бекер айтылмаған, сірә. Сондықтан да бүгінде мәдениетіміз бен ұлттық өнеріміз өркен жайып, әлемдік өреге ие бола бастаған осынау өскелең шағымызда халқымыздың өсиеті мен өнегесін, салты мен дәстүрін барынша дәріптеуіміз  қажет. Осындай асыл мұраларымыздың бірі – қазақтың дәстүрлі айтыс өнері қанша ғасыр өтсе де бойына ата-баба тарихының терең  рухын бойлатқан  құнды  дүние болып қала бермек.

Міне, осынау асыл мұраны ардақтап, келер ұрпаққа аманаттау мақсатында ауданымызда жыл сайын «Жыр алыбы – Жамбылым» атты жас ақындар мүшайрасы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өтті.

Байқаудың мақсаты:Ежелден келе жатқан халқымыздың дәстүрлі ақындық өнерін аудан жастары мен жасөспірімдері арасында кеңінен насихаттау, ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық айтыс өнері сынды асыл мұрамыз арқылы аудан өңіріндегі жас ақындардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.Аудандық сайысқа әр мектептен суырылып шыққан 1- 2 ақыннан қатысты.

Қазылар алқасында болған аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Самылтыров Б., Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибрагимов М., М.Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің директоры Бабасов Б., Өнер мектебінің мұғалімі Төреқұлова Қ. төмендегідей ерекшеліктерді ескеріп бағалады:

o   Суырып салма өнерін,

o   Ақындық шеберлігін,

o   Сахнада өзін-өзі ұстауы мен сахналық мәдениетін,

o   Сырт келбетіне (ұлттық нақыштағы)

o   пікірінің нақтылығын.

Қорытындысында:

Бас жүлде- Жамбыл о/м. Тұрсынбек Диана

1-ші орын- Қ.Сәтпаевм о/м. Керімбай Олжас

2-ші орын-Ақтоған о/м. Мұхаммедияров Мейірбек

3-ші орын- Қорағаты о/м. Жақсымбет Ғани мен Абай о/м. Әкімқұл Дана иелініп , аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марпатталды. Қатысқан барлық үміткерлерга алғыс хаттар берілді. Облыстық додаға Бас жүлде иеленген Тұрсынбек Диана мен 1-ші орын иегері Қ.Сәтпаев о/м. Керімбай Олжас жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *