Күй атасы – Құрманғазы


«Өнер Колледжі – музыкалық –эстетикалық бейіндегі

дарынды балаларға мамандандырылған мектеп –интернат»

Кешені» КММ

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі                                                                    

  Әшімова Жұмабике Бихатқызы

Тақырып: Күй атасы – Құрманғазы

Зат есм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен танысу.

Дамытушылық: сөздік қорды байыту, оқушылардың біліктілік деңгейін арттыру, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау.

Тәрбиелік: күйші еңбегін бағалау, оның  өнерін үлгі ете отыра, оқушыларды білімге, өнерге баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд: Құрманғазының суреті, Құрманғазы күйлері.

Сабақтың барысы.

 Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесіп, мұғалім оқушыларды  ортаға шығарып, шеңбер бойында тұрып, бір – бірлеріне қарап, жылы сөз айтқызу. Мысалы: бүгін күн көп жетістіктер әкелсін, ойлаған ойың орындалсын,т.б. Содан кейін оқушыларға түсті карточкаларды алу ұсынылады да, сол түстер бойынша екі топқа бөлініп, үстел басына отырғызылады.

Итерактивті тақтада сабақ тақырыбы мен оның мақсаттары көрсетіледі.

Жаңа сабақ.Құрманғазының бір күй орындалады. Мысалы: «Сарыарқа»

– Бұл кімнің күйі?

Ендеше, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың кейіпкері – Құрманғазы туралы болмақ. Сабақтың мақсаттары айтылады.

І деңгей.Қазақтың күйшісі – Құрманғазы. Мәтінмен жұмыс. Ұлы күйші өмірімен танысу. Оқу, аудару.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1861 – 1889) –  қазақ халқының ұлы композиторы, күйші, домбырашы. Құрманғазының музыкалық мұрасы өте бай. Ол өзіндік мәнері жағынан жетілген, 60 – тан астам күйлер шығарған, сондықтан оны «Күй атасы» деп атаған. Композитордың әйгілі күйлері: «Кішкентай», «Ақсақ құлан», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» сияқты күйлері бар. Құрманғазы – қазақ елінің мақтанышы.

Құрманғазының күйлері тыңдалады, оларды салыстыра отыра Құрманғазы туралы қосымша мәлімет айтылады. Құрманғазының күйлері – қазақ халқының болашағын, қазақ елінің жеке ел, жеке мемлекет болып қалыптасуына арналған күйлер екеніне тоқтала кетуге болады. Оның домбырасы азаттық жолындағы қаруы ретінде пайдаланып, түрмеге де түскен. Одан қашып шығып, қиын қыстау кезеңдерден өткен ол, өз арманын шығармаларында  бейнелеген.

ІІ деңгей. Мәтін бойынша диалог құрастыру. Екі топ бір – бірімен араласып, әңгімелеседі.  Әңгіме соңында екі топтан бір оқушыдан шығып, мәтін мазмұнын айтып береді, біреуі орысша, біреуі қазақша. Қалғандары қосымша толықтырады.

ІІІ деңгей. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.

  1. «Күйші» сөзін жіктеу (жекеше, көпше түрде)
  2. «Домбыра» сөзін септеу
  3. Сөз құрамына талдау жұмысы. Әр топтан тақтаға екі оқушы шығады.

Сөздер: күйшілер, домбырашыда, өнерліге.

  1. Осы үш сөзге жай сөйлем құрастыру керек.
  2. Құрастырылған сөйлемдерді сөз табына, сөйлем мүшелеріне талдау жұмысы.

IVдеңгей.«Балбырауын» күйі тыңдалады. Күй мазмұнын сурет арқылы көсетеді. Екі топ салған суреттерін бір – біріне ұсынып, күй мазмұнын түсінуге тырысады, содан соң суреттерге баға береді.  Әр топ өз еңбектерін қорғайды. Ойын жеткізе білуі керек.

Сабақты бекіту.

  1. Құрманғазы кім?
  2. Ол өмірі мен шығармашылығын неге арнады?
  3. 3. Алматыда Құрманғазы атында не бар?

Үйге: Құрманғазының шәкірттері туралы мәлімет жинау

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *