Жол жүру белгілері және олардың қолданысы


Байтурсынова Асемгуль Сериковна

Рудный қаласы әкімдігінің “№15 орта мектебі” КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   

Сабақтыңмақсаты:     Реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету;жол белгілерінің    мәнін ашу, жол сызықтарының түрін оқып үйрену; оларға  қойылатын талаптармен танысу; жүргізушінің    әрекетін,ойлау қабілетін жетілдіру; қорытынды жасайбілу, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау;

 

Сабақтың түрі:          Ойын түрінде.
Сабақтың әдісі:          Сұрақ-жауап.
1. «Амандасу» бағдаршам түстері бойынша: оқушылар алдарына берілген бағдаршам суретінің әр түсіне екі оқушының атын жазады, содан кейін сол түске сай амандасады.

Қызыл түс – қолыңды бұлғап амандас

Сары түс – қолын алып амандас

Жасыл түс- құшақтасып амандас

 

2. Видеоматериал

3. Топтардың таныстырылуы

•      Ескерту белгілері

•      Тыйым салу белгілері

•      Бағыт беретін белгілер

•      Қызмет көрсету белгілері

4. Сұрақ-жауап:

Әр топқа  параққа жазылған тапсырмалар беріледі, берілген уақыт ішінде сол сұрақтарға жауап беру керек.

І топ

1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.

2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.

3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.

4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы

5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.

6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек.

7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.

 

ІІ топ

1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені.

2. Маршруттықкөлікқұралыдеген не? Жолбойыменжолаушылардытасымалдауғаарналғанжәнебелгіленгенаялдамапункттері бар белгіленгенмаршрутпенқозғалатынжалпыпайдаланудағыкөлікқұралы.

3.Жолаушы дегенкім? Көлікқұралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтынадам.

4. Жол-көлікоқиғасыдеген не? Көлікқұралыныңжолбойыменқозғалысыкезіндежәнеоныңқатысуыпроцесіндетуындайтын, адамдарқазатапқаннемесежарақаталған, көлікқұралдары, ғимараттар, жүктербүлінген, не өзге де материалдықзиянкелтірілгеноқиға.

5.Жол қозғалысынреттейтінадамкім? Реттеуші.

6.Бағдаршам жоқжердекөшеденқалайөтеміз? Егербағдаршамболмаса, әуелісолға, содансоңкөшеніңортасынакелгендеоңғақараймын.

7.Көлік құралыдегеніміз не? Жолбойыменадамдарды, жүктердінемесеоғанбекітілгенқұрал-жабдықтардытасымалдауғаарналғанқұрылғы.

ІІІ топ

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2.Аялдамада тұрғанавтобустың арт жағынан айналыпөт.Сонда сен оныңсоңынанкележатқанмашинаны дер кезіндекөреаласың.

3. Жолданөткендеәңгіменідоғарып, барлықзейіндіжолқауіпсіздігінеаударукерек.

4.Көшеніңшетінеөтуүшін арнайыөткелденөтукерек.Алқалалықжерлердеаспалыкөпірлермен, жоластыжолыменжүреді.

 

ІV топ

1. Транспорттыңартынажабысуға болмайды,құлап, апатқаұшырауынмүмкін.

2. Көшедекележатып, қақпаданшығыпкележатқан көліктікөрсеңкүтетұр.

3. Көшедетоқтаптұрғанкөліктіңқасынан абайлапөт, көлікесігінашыпқалуымүмкін.

4. Қалакөшесіменкележатқандаабайбол!Асықпа! тек тратуарменнемесежолжиегіменғанажүр

 

5. Сурет салу сайысы.

Белгі бойынша әр топтың мүшелері өз санына сай сурет салуды бастайды. Уақыт аяқталған соң келесі оқушыға кезек беріледі.

1 топ – машина

2 топ – бағдаршам

3 топ – жол белгісі

4 топ – жол

 

6. «Әлемде талай қызық бар» Қызықты жол белгілері

Мұқият болыңыздар! Австралияда кездесетін бұл белгі алдарыңыздан кенеттен шығып қалуы мүмкін жануарларды бейнелейді.

Мына белгіге келгенде, биік өкшені шешіп, ары қарай жалаң аяқ жүру керек. Бәрібір өкшесіз қаласыз.

Танк. Жай ғана танк. Бәрі түсінікті.

Польшаның суретшілеріне шеберлік жетіспейтіні көрінеді. Жолға мас адам шығып қалуы мүмкін деген белгілері көліктің алдында асыр салып билеп жүрген адамның көрінісіне әлдеқайда ұқсайды.

Мына белгіні біздің қаламыздың кейбір жаяу жүргіншілер өтетін жерге орналастыру керек сияқты. Жолды әдейі асықпай өтіп, жүргізушілердің жынын келтіретін адамдар бар ғой? Солар үшін.

Бұл жерде көлігіңізді қалдырып кету үлкен ақымақтық болады.

Ия, тұманды басқаша қалай белгілейсің? Тек сызықтардың арасында жоғалып бара жатқан көліктің жартысымен.

Қорқатын түгі де жоқ. Бұл үш шеңбер жолды құлағы нашар еститін адамдар өту мүмкіндігін бейнелейді.

 

Айға ұшып бара жатқан ракета? Жоқ-жоқ! Бұл кенеттен басталуы ықтимал топырақ дауылы бейнеленген жол белгісі.

Кейбір оқушылардың мектепке асыққаны соншалық, тіпті жол белгісін бұзып жүгіріп барады.

Лайк басуға болмайды. Қалжын. Бұл белгі бар жерде көлік тоқтатуға болмайды.

Жол жиегінде сауда

жасауға тыйым салынған деген белгі. Сіздер не ойлап қалдыңыздар?

 

7. Сергіту сәті. «Жол белгілері»

Оқушылар жол белгілеріне қарап сондағы іс-әрекеттерді қайталайды

 

8. Өлең құрастыру

_______________  БАЛАЛАР

_______________ТРОТУАР

_______________ҰМЫТПА

_______________САҚТА

 

9. Қорытынды

Ситуациялық сұрақтар: оқушылар берілген жағдаятты іс-қимылды қосып, көрініс қылып көрсетеді.

1. Сен ауылды жерде тұрасың, ол жақта ешқандай жол белгілері мен бағдаршам жоқ. Сен жолды өту үшін істер едің.

2. Сен жолдан өтуге жақындағанда  бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап тұрды, сенің жаныңда бастауыш сынып оқушылары жолдан өткелі жатыр. Сен не істер едің?

3. Сен досыңмен киноға асығып бара жатырсың, досыңның құлағында наушник. Жаяу жүргіншілер өтпесінен досың жүгіріп өткісі келді, сен не істейсің?

4. Сен кішкентай інің немесе қарындасыңмен көшеге шықтың. Кішкентай балалар жүгіріп кеткенді ұнатады және олар жол тәртібін білмейді. Сен өзіңді қалай ұстар едің?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *