Мұз патшалығына саяхат (спорттық ойын-сауық)


 Сармурзина Даркен Аскаровна  
 Қарағанды қаласы №42 «Тілек» балабақшасының дене тәрбие нұсқаушысы

Мақсаты: Балаларды шаңғышы, конькишілердің қимыл-қозғалыстарын келтіріп жүруге, шанамен сырғанауға , қар лақтырысып ойнауға жаттықтыру. Қыс қызығын тамашалай білуге үйрету.

Нұсқаушы жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызып сәлемдеседі.Балаларға  «Медеу» мұзайдынына шаңғымен баруға ұсыныс жасайды. Балалар тізбекке тұрып, шаңғы тепкенде орындайтын қимылдарды көрсетіп жүреді.

-Міне,балалар,Медеуге де келіп жеттік.Енді аяқтарындағы шаңғыларыңды

шешіп, конькилеріңді киіңдер.

Балалар конькишілердің қимылын келтіріп жүреді,жүгіреді.

-Балалар қайтатын уақыт тақады. Біз бақшаға шанамен қайтамыз. Мұз айдынынан келген соң қар лақтырысып ойнаймыз.  Балалар бір-біріне қар лақтырысқандай қимылдар келтіреді.Жүреді,тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Ғажайып сәт. Қонаққа Түлкі келеді.

Қоян:

-Сендер бұл жерде не іздеп жүрсіңдер?

-Біз қыс қызығын тамашалап жатырмыз.

-Қалай?

-Қыста ойналатын спорттық ойындарды ойнап,қысты шығарып саламыз.

Қоян:

Онда менде сендермен қысты шығарып салайын.Сендерге арнап алып келген   метаграммаларым бар.Соны шешіңдер.

Аспан көгі жамылды,

Қара мақпал бүркеніп.

«Т» орнына «К» қойсаң,

Жылытып жон, шағылды,

Тұрам елге нұр төгіп.

(Түн-Күн)

 

Қыста суды қаптаймын,

Бірақ жазда жатпаймын.

Алғашқы әріп ауысса,

Онсыз тамақ татпаймын.

(Мұз- Тұз)

Сұйықпын да тазамын,

Басамын жер тозаңын.

«С» орнына «Б» қойсаң,

Бозғылт боп тозамын.

(Су- Бу)

Ақтан көрпе жамыламын,

Көктемде сайға ағыламын.

Өзгерсе егер алғашқы әріп,

Жер қойнынан табыламын.

(Қыс- мыс)

Эстафета:

1.«Шаңғы тебу».

(Аяқтарына шаңғы байлап межеге дейін тік бағытта барып,кері қайтады)

2.«Бәйге».

(Шанаға бір баланы отырғызып, екінші бала межеге дейін барып,тура бағытта қайтады).

3. Хоккей элементтері: «Кішкентай хоккейшілер» балалар кішкентай таяқшалармен кедергілер арасынан өтіп, допты қақпаға  салады.

4. « Мерген»

(Қарды нысанаға лақтырып тигізеді.)

Мақал- мәтелдер:

1. Біліп тұрсаң да, сұрап ал.

2.Сыйласаң,  боларсың.

3.Ашу- дұшпан,ақыл- дос,

Ақылына ақыл қос.

4. Сумен ойнама, батарсың.

Отпен ойнама,күйерсің.

5. Өзін-өзі мақтаған- өліммен тең.

6. Ынтымақ түбі – бірлік.

Қоян:

– Балалар, сендер  тапсырманы жақсы орындадыңдар рахмет! Енді мен сендермен бірге ойнаймын.Ойынның аты «Сырғанақ».

Ойын «Сырғанақ»

Балалар ән әуені ойнағанда би билейді,тоқтағанда қардан сырғанайтын  затқа отыруға тырысады. Кімге жетпей қалса сол ойыннан шығады.

Қоян:

– Балалар мен енді сендермен қоштасамын. Сендерге рахмет!Менімен ойнадыңдар. Мен ормандағы аңдарға сендерді «өздері мықтыда , жеңімпаз екен» деп мақтап барамын.Сау болыңдар!

Жарыстың қорытындысын шығару. Марапаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *