«Алуан түрлі кәсіп бар, таңдай білде талап қыл»


Оспанова Бақытгүл Сейтжановна

Қарағанды облысы білім басқармасының “Дамуы шектелген балаларға  арналған облыстық № 3 арнайы мектеп-интернаты” КММ мұғалім-дефектологы

Мақсаты:
1.Білімділік: Түрлі сайыстық, тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін практикамен байланыстырып, болашақ  мамандыққа байланысты ұғымдарды тереңдету, еңбек дағдыларын жетілдіру.

2.Дамытушылық: Ойын-сайыс арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту,  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  еңбекке қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, мақал-мәтелдер арқылы тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа,  ұжымда жұмыс істеу арқылы Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

Көрнекіліктер :  Безендірілген зал, нақыл сөздер, үйлесі материалдар, логикалық есептер, слайд.

Барысы:
Жүргізуші 1:

– Қайырлы күн құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы сайыскерлер, қадірменді көрермендер! «Алуан түрлі кәсіп бар, таңдай білде талап қыл» сыныптан тыс сағатына  қош келдіңіздер.

Бүгін біз еңбек әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Әуелі, мерекені бастамай тұрып бір сәт  ойланайық, адам еңбек етпесе, жұмыс істемесе не болады? Үйде де, жұмыста да, зауыт-фабрикалар мен аурухана, дүкендерде адам жұмыс істемей демалса не болады?

 

Жүргізуші 2:
– Автобус жүргізуші жұмысқа шықпай қалса ше?

– Адамдар баратын жерлеріне бара алмайды.

– Электрик мамандары жұмысқа шықпаса?

– Электр қуаты болмайды, кір жуғыш машина, үтік, тоңазытқыш, компьютер істемейді.

– Аспазшы жұмыс істемей қалса ше?

– Адамдардың қарындары ашып қалады.

– Дұрыс балалар.
Жүргізуші1:
– Еңбек өмір сәні. Біз үлкен адамдардың еңбегі жайлы сөз қозғадық. Ал енді біз қалай еңбек ете аламыз? Сендер үшін еңбектің маңызды түрі ол – білім алу. Білім сендердің болашақ мамандықтарыңды таңдауға себепші болады. Қазір сендер қолдарыңмен көптеген бұйымдарды жасай аласыңдар және де сондай бұйымдарды көрмеден көруге болады. Бұйымдарды сатып алғаннан гөрі, қолмен жасаған әлдеқайда қызығырақ. Балалар бұйымдарды өз қолдарымен жасауды жақсы көресіндерме? Ал шеберліктеріңді байқап көрейік. Біздің мектеп дәстүрін, Жаңалайық, жалғайық, Ары адал, жаны жас, Шебер жолын таңдайық, – деп «Алуан түрлі кәсіп бар, таңдай білде талап қыл» сайысын бастайық. Бұл сайысқа 7-8-9 -10 сыныптары екі топ болып – «Болашақ», «Шебер» топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Жүргізуші2:

Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Жүргізуші1:

Жоғары сынақ балл 5, төменгі балл 3деп саналады.
1. Оқушылылардың еңбекке бейімділігі;
2. Ұжымдық  жұмыс ұйымдастыруы;
3. Ойлау, жұмыс істеуде шапшандылығы, икемділігі;

4. Еңбек құралдарымен жұмыс істеу бейімділігі.
Жүргізуші2:

Бүгінгі сыныптан тыс сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Болашақ», «Шебер» топтарын шақырамыз. Сайыста сіздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.Сайыста жеңіске  жету үшін өздеріңіз белсенділік танытып , берілген сұрақтарға өзгелерден бұрын жауап берулеріңіз керек.

Сайысымыздың өтілу тәртібімен таныстырайық:

1 – кезең: «Сәлем –сөздің атасы»

2 – кезең: Үй тапсырмасы  «Мен кім боламын?»

3 – кезең:  «Кім жылдам».
4 – кезең:  «Сіз білесіз бе?»
5 – кезең: «Көңілді»

6 – кезең: «Тіл өнері».

7 – кезең: «Бақшада».

8 – кезең: «Мамандықты тап».

Жүргізуші1:

1 – кезең: «Сәлем –сөздің атасы» деп аталады,  әр топ атымен, үранымен, эмблемасымен  таныстыру.

Жүргізуші2:
2 – кезең:

Үй тапсырмасы  «Мен кім боламын?»
Мектебімізде көптеген кәсіби еңбек саласы бойынша білім беріледі, атап айтсақ жалпы еңбек дайындығы  тігін ісі, әрлеу құрылыс ісі,

Гүлдендіру бау бақша өсіру ісі .
Оқушылар бір мамандықты таңдап, оны қорғап шығуы керек. Бұл сайыста әр топтан бір оқушы шығып өзінің қандай мамандықты сүйетінін және ол мамандықты не үшін жақсы көретінін, ол біздің қоғамға қандай пайда келтіретінін айтып, қорғап шығады.

1 – оқушы.
Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
2 – оқушы.

Менің ісім жәй емес
Қолда қайшы, тарағым
Шеберлі  бес саусағым
Шашты қырқып тауысады.
Жүргізуші1:

3 – кезең:  «Кім жылдам».
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерінің, икемділіктерінің көрсетеді.

1 минуттын ішінде.

а) Ұлдар шегелерді түзету керек

б) Қыздар – түзу сызықта көктеу әдісін орындау.

Жүргізуші2:

4– кезең:  «Сіз білесіз бе?»

Әр топ мүшелері білімдеріңді көрсетеді

а) Ұлдар гүлдендіру бау-бақша  еңбек  құрал- жабдықтарының суретте көрсету.

б) Ұлдар әрлеу құрылыс материалдарының суретте көрсету.

в) Қыздар кескін суреттерді құрастырып, алжапқыштың түрлерін және қандай бөлшектен тұратынын атап шығу.

Жүргізуші1:

5 – кезең: «Көңілді»

1 минуттын ішінде берілген тапсырманы орындау.

а) Ұлдар түймені тігу.

б) Қыздар – шегені ағашқа қағу.

Сергіту сәті:  Көрермендермен  би “Менің Қазахстаным ”

Жүргізуші2:

6 – кезең: «Тіл өнері». Әр топ мүшелері еңбек туралы тақпақ, мақал –мәтелдерімен жарысу

1 оқушы
Гүл өсірсең, терлеп, мұның аты-Еңбек,

Кесте тіксен,зерлеп, мұның аты-Еңбек,

Қырға шықсаң,өрлеп,  мұның аты-Еңбек,
Сабағыңа жөндеп, әзірленсең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін мұның аты-Еңбек,

2 оқушы
Шіркін – ай, күйші болсам, Шіркін – ай, әнші болсам, Шіркін – ай ғалым болсам,
Бал тамған бармағынан! Кәдімгі күміс таңдай! Тілдескен даналықпен!
Шіркін – ай, биші болсам, Шіркін – ай, батыр болсам, Әлемге мәлім болсам,
Шығып бір арманымнан! Айбаты арыстандай! Ашқан көп жаңалықпен!
Жүргізуші1:

7 – кезең: «Бақша» ойыны деп аталады

а) Ұлдар – суретте күректің бөліктерін атап жазу.

б) Қыздар – бақшаға барып көкөніс теру.

Жүргізуші2:
8 – кезең: «Мамандықты тап»
Әр топқа карточкалар  жазылған  мамандықтар түрлері таратылады, ал олар сол мамандықтарды қимылмен, ыммен көрсетуге тырысу керек. Көрермендер сол мамандықты табу керек.

-Дәрігер

-Тігінші

-Аспазшы

-Шаштаразшы

-Сырлаушы

-Мұғалім

-Сауыншы

-Автобус жүргізуші

 

Жүргізуші1:

-Ал, біздің сайыскерлер ойланып дайындалғанша,  біз көрермендермен ойын ойнатайық.

Көрермендермен ойын.

І. Мақал-мәтелді  жалғастыр.
1. Еңбек түбі  –…….. (зейнет).

2. Еңбексіз өмір – ……(сөнген көмір)

3. Еңбек мұратқа жеткізер, ….(жалқаулық абыройды кеткізер)

4. Еңбек етпесен елге өкпелеме, …(егін екпесең, жерге өкпелеме).

5. Қолы қимылдағанның….. (аузы қимылдайды).

6. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
7.  Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
8. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
9.  Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
10. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
11. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
12. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
13. Берген – алар,…(еккен – орар).
14. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).

Жүргізуші2:

ІІ ойын. «Мамандықтар»

Берілген  мамандықтарды  атқаратын қызметіне қарай сәйкес орналастыру.

1) бағбан

2) тігінші

3) аспазшы

4) құрылысшы

а) үйлерді тұрғызады, кірпіштерді қалайды

б) гүл өсіреді, жеміс ағаштарын отырғызады

в) көйлек тігеді, тігін машинасымен жұмыс істейді

г) тәтті тағам жасайды, ас пісіреді.

 

Жүргізуші1:

Ән қуаныш, қанатың да жігерің,

Ән-жұбаныш, қуатың да тірегің

Білемін мен әнсіз бақыт болмайды,

Тындайықшы Ақниеттің біз әнін.

 

Жүргізуші2:

Сайыста жеңісте бар, женіліс бар,

Қуаныш  шаттанып күлу де бар.

Өнерін тамашалап отыр қауым,

Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар-демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді  әділқазылар  алқасына береміз.

Жүргізуші 1:
– Осымен бүгінгі сайысмыз мәресіне жетті. «Кәсіби шеберлер», «Білімді де білгірлер», номинациялары бойынша сайысқа қатысушы топтар мақтау  қағазымен марапатталады.
Жүргізуші 2:
О, жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілмедім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

–    Бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан оқушыларымызға және көрермендерімізге  үлкен алғысымызды айтамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *