Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік
Абдулаева Айгерим Амангелдиевна
«Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі МКҚК тарих пәнінің оқытушысы
Желтоқсан айында «Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік» тақырыбында Гуманитарлық ПЦК онкүндігі өтті. Апталық барысында «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты білім алушылардың алған білімдерін тексере отырып ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту, ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу, Қазақстан патриотизміне қалыптастыру. Дөңгелек үстелге I , II курс топ белсенділері қатысты.
Олар:
– білімге қызығушылығы жоқ жас ұрпақ;
– ата-бабадан қалған бай мұраны менсінбей өзгенің құндылығына еліктейтін жас буын;
– адамгершілікті, мейірімділікті құнды жауһарларды бойына сіңіруді ойламаған жасөспірім;
– өзгелерге көмекке қол ұшын созуды ұқпайтын жас;
– жасампаз дүниенің аламанына ілесіп, озық ойдың қаншалықты құнды екенін түсіне алмай адасып жүрген жас тақырыбында өз ойларымен бөлісті.