Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жастар және заман»


                                Ақмола облысы

                              Зеренді ауданы.

                                                Баратай  негізгі  мектебінің

                                              Математика пәнінің мұғалімі

                                                         Тажибаева Гульнар Толегенқызықызы

 Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу.

Міндеті:

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту;

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік, жат-жұрттық әсерден

бойды әсте аулақ ұстау.

Өтілу формасы: дөңгелек үстел.

Өткізу әдісі:  Әңгіме -сұхбат, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Армысыздар, ел ертеңіне жанашыр (оқушылар) жастар мен ұлағатты ұстаздар!

Еліміздің егемендік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып, өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да ұрпақ тәрбиесі, имандылық, мәдениеттілікті, тіл мәселелерін екінші орынға қоюда.

Сондықтан да, бүгінгі күні жас ұрпақтың әлеуметтік бейнесі туралы мәселе бәрімізді де толғандырады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің келешегі-бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты»-деген.

Өткізгелі отырған дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Жастар және Заман»

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Олай болатын болса, біз бүгінгі жастардың бойынан ұандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер қазіргі жастардың бойында бар ма?-деген мазмұнда әңгіме өрбіткіміз келеді.

Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әректіндегі бізлің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегң жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі.

Осындай әрекетке не итермелеп отыр? Менің ойымша, осындай әрекетке баруымыз мейірімсіздіктен туып отырған сияқты. Ал сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Әлия: Дұрыс айтасыз! Шынында да қазіргі жастар мейірімсіз болып бара жатыр Бірақ бес саусақ бірдей емес. Иә, көпке топырақ шашуға болмайды. Десекте, жаңа өзіңіз айтып кеткендей,жастардың мейірімсіз екендігінен балалар үйіндегі тастанды балалардык көргенде және қарттар үйіндегі ақ жаулықты әжелерді көргенде байқауға болады. Сол балалар үйіндегі, қарттар үйіндегі балалар мен ата-аналар бәрі қара көз қазақтар. Ал, қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды сыйлай білген Оларды құдай санаған. Ал енді сол сыйластық қайда?

Қазір ол сыйластық емес-мейірімсіздік.

Сонда мейірімсіздік қайдан шығады деген сұраққа сен өзің қалай жауап берер едің?

Манат: Менің ойымша, біздің ұлттық санамызды батыс елінің жаман әрекеттері елітіп бара жатыр. -«Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деп аталарымыз айтып кеткендей, бүгінгі қоғамдағы жастарымыздың саналы, тәрбиелі болуы кімдердің қолында деп ойлайсыз? Сіздер ойлайсыздар ол мектептен, ата-анасының берген тәрбиесінен деп. Қандай ата-ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелейді. Ал, мектепке келсек, әрине мектепте балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге ұстаздар қауымы ат салысуда. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші мектептен тыс жерде интернеттерде отырады, яғни батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ағынына әуестігі басым батыстың кинофильмдерінің ықпалы зор, мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдыреттілігі албырт та, аңғыл жастардың санасын улайды.

Сондықтан олардың сана-сезімі уланғандықтан, психикасына әсер етіп, әр түрлі қылықтарға барады. Міне, соны бірі-мейірімсіздік осыдан келіп шығады.

Темірлан: Менің ойымша «Ұяда  не көрсе, ұшқанда соны іледі»-демекші, әр бала кішкене кезінде ата-анасынан не көрсе, соны істейді. Мысалға алсақ, ата-анасы ұрлық жасаса, арақ ішіп баласын ұрып-соқса, сол бала өскенде жақсы, тәрбиелі азамат бола алмайтыны мәлім.

Ұлболсын: Мейірімсіздік өз ортасына да байланысты болады. Егер бірге жүрген достары анаша тартып, темекі шегетін болса , қанша тартпаймын деп тұрса да, бірте-бірте ол балада соған бой ұрады.Арақ ішіп, темекі шегіп, анаша тартып қатыгез, мейірімсіз бола бастайды.

 Мұғалім: Манат өз пікірін анық етіп айтты. «Қоғамды жасаушы-жастар»,-демекші, «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздың пайдасы жоқ». Мектептегі тәрбиеден басым болып отырған теледидардағы, компьютерлердегі қантөгіс ойындардың әсері мықтырық. Бізді осы мәселелер қатты толғандырады.

 

 

Мұғалім: Осы жерде менің ойыма мынадай сұрақ келіп отыр. «Жетім балалардың жетімдер үйін паналауы ата-ананың кінәсі ме? Әлде заман кінәлі ме?

 Оқушылардың пікірі:

Тұрғынбек:

Әрине менің ойымша, мұндай жағдайда ата-ана кінәлі деп ойлаймын, Ата-аналар баланы дүниеге әкелген соң, ол балаларға өз махаббаттарын сыйлап, дұрыс тәлім-тәрбие беріп өсірулері керек. Ата-аналардың  жауапкершіліктері болмаса осындай жағдайлар жиі кездеседі деп ойлаймын.

Абай:

Ата-ана баланы дүниеге әкелместен бұрын оны бағып-қағып өсіре алама екенін ойлау керек.Балалардың жетімдер үйін паналауына ата-ананың кінәсі бар деп ойлаймын.

«Тастанды бала толғауы»

Көрініс.

  Осы келеңсіз мәселелердің алдын алуға бола ма, қалай ойлайсыздар?

Көкейлеріңізде жүрген түйінді ойларыңыз болса ортаға тастаңыздар.

 Назгүл: Бүгінгі жаһандандыру үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін көрсетуге тырысуда. Келешек ұрпақты тәрбиелеуде осында жаңа айтылған атадан қалған өлмес мұра, мол қазынамыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды насихаттау арқылы келеңсіз мәселелердің алдын алуға болады деп ойлаймын. Неге десеңіз, өткенге көз жүгіртсек, біздің қазақ қоғамымызда ата-анаға қарамай кету, баланы тастау, шет елге сату деген болмаған. Ұлттық тәрбие деңгейі өте маңызды, жан-жақты жүргізілді. Бір баланы бір ауыл болып тәрбиелеген. Бала тәрбиесі көзден тыс қалмаған. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының өрескел мінез-құлықтарына ұрысып, зекіп тыиым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да қақысы болған.

Қазіргі таңда осындай қарттар жоқтың қасы. Осындай ата-дәстүрімізді бүгінгі жастар жадына сақтап, жалғастыра білуі қажет.

Мұғалім: Пікіріңе рахмет, осы ойды түйіндеу үшін сіздерге мынандай сұрақ қояиын.

-Жастардың жат қылықққа бой алуы мейірімсіздіктен бастау алып отыр дегенге келісесіздер ме?

Еламан: Қазақта ақын қыз да. Батыр қыз да көп болған.

Кезінде атақты философ Платон қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын былайша пайымдаған екен: «Егер ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең-ұлыңды тәрбиеле!» Бұл тұжырымның тамыры өте тереңде.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет танытып, саналы, өнегелі, отансүйгіш, рухы асқақ ұрпақ тәрбиесінің басты қаруы-халық тәрбиесінің қайнарының күретамырында екенін естен шығармайық. Бұл әсіресе, бүгінде тәуелсіз елімізді, көрікті жерімізді қорғап жүрген сарбаздарымыз бен сардарларымызға, әскери киім киіп жүрген апа-сіңілерімізге де тікелей қатысы бар.

Мұғалім: Негізгі тақырыпқа сүйеніп, жоғарыдағы ойды тыңдап, менде сұрақ туындады.

-ХХІ ғасырдағы жастарды дұрыс тәрбиелеу үшін ұсынатын ұсыныстарыңыз бар ма?

Ортаға шығып ойларыңызды білдіруге рұқсат.

Мұғалім:Жастар тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарымыз бен халық даналығының орны бөлек.

Ұл бала мен қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық салт-санамыздағы мәселелерге тоқталып өтсек.Айталық өмірге нәресте келсе, бүкіл ауыл мәре-сәре болып «атқамінер» келді деп қуанып, сүйінші сұрасамыз. Ал, ол  жасқа келгенде атқа мінгізіп, той жасай отырып, ауылды аралатып көрімдік сұрауы, үлкендерден бата алуы баланың өзіне деген жауапкершілікті сезініп өсуіне және болашақтағы ұстанымы болатынына сенім білдіреді.

Ал, енді қыз баланың тәрбиесіне келетін болсақ, шашбау, біріншіден қыз балаға сән-салтанат берсе, екіншіден қыз баланың тік, түзу өсуіне әсер етсе, үшіншіден шашбауы сылдырлап келе жатқан қыз баланы көрген ер адамдар ауыздарын тыиып, артық сөзді доғарады. Бұның өзі қыз баланың құлағына жаман сөзді естіртпеу этикасына жатса керек.

Ал,сіздердің осы жайлы пікірлеріңіз болса сөз өздеріңізле!

  Айғаным: Менің айтайын легенім, сіздердің пікірлеріңізді қоштағым келіп отыр.Сөз басында айтылған мейірімсіздік қайдан бастау алады, осы мейірімсіздікті алдын алатын-имандылық. Ұлттың тәрбиесіндегі имандылық бастаулары өз алдына үлкен институт.

Дат ғалымы Вульвсон өзінің «Қазақтар» атты очеркінде қазақтың ұлттық ойындары туралы айта келіп, қазақтың балалары кішкентайынан инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейтініне сүйсінген ғалым: қазақ өз баласына «Егер қарттарды сыйласаң құдай сені сыйлайды» деген нақылды жас кезінен миына құйып өсіреді. Егер үйге ақсақал кіріп келсе, барлық жас түрегеліп бас иеді және әзіл-қалжың кілт тиылады» деп жазды.

Иман арабша «сенім» деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептілікті, адамгершілік мәнін беретін, әлеуметтілік әдептілікті кқрсететін мәнге ие болды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім, халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеген. Қатыгездіктен қойып, қаталдыққа да тәрбиелеп отырған. Еліміз ер азаматтарын мейірімді болса деген ниетпен Мейірман, Мейіржан деген есімдер берген. «Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деген өсиет айтқан ата-бабамыз мейірімділік негізі сенім екенін көрсетті.

-Бүгінгі күні ұлттық санада ойлайтын қазақи тәрбие алған қазақ қызы мен бозбалалары бар ма?

 Мұғалім: Елімізде 1,5 млн. Жұмыссыздың құрамында 46% 26-29 жастағы жастар құрайды. 5 жастың біреуі денсаулығы нашар. Әскер жасындағы бозбалалардың 12% өз міндетін өтеуге жарамсыз.

Мұның мағынасы неде? Жұмыссыздық мейірімсіздікке бастайды ма?

 Ұлболсын: Сіздердің ойларыңызға қосылып, мен де өз ойымды айтып өтейін. Қазіргі кезде бой көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі-бәсекелестік болып табылады. Бәсекелестік деп, менің ойымша, адамдардың арасындағы келіспеушілікті, көре алмаушылықты айтуға болады. Соның бірден-бір дәлелі ретінде қазіргі жастар арасындағы бір-біріне деген көре алмаушылықты, келіспеушілікті мысал ретінде қарастыруға болады. Осыдан барып жастарымыздың арасында қатыгездік, мейірімсіздік туындайды. Әрине бұл жағдай тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте жұмыс бабымен, қандайда бір қызметкерлер арасында көрінуі мүмкін.

Қазіргі заман адам емес, ақша билейтін заман. Адам уақыттың құлы болған заманда уақытты үнемдеп, оңай жолмен ақша табуды көздейді. Тіпті қазіргі ата-аналар өз балаларына уақытын бөлуден гөрі, ақша тапқанды дұрыс көріп, көндіз-түні жұмыс істейді. Осының әсерінен жастарға дұрыс тәрбие берілмейді.Мұғалім:Барлық пікірлер айтылды, сұрақтар қойылды. Ендігі кезекте ой пікірді қорытындылайық.

«Заманына қарай адамы» деген тұжырымды алып тастап. Өз тұжырымымызды қойғымыз келеді.

«Әр іс-әрекетіңе жауап бер, сөзіңе нық сенімді бол, мейірімді, қарапайым, кішіпейілді бол. Ең бастысы, адам екеніңді ешқашанда ұмытпа». Заман өзгерген жоқ, заманды өзгерткен адамның іс-әрекеті екенін естен шығармайық.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *