«Жас математиктер» сайысы


 Ақмола облысы

Зеренді ауданы.

Баратай  негізгі  мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі

Тажибаева Гульнар Толегенқызы

 Мақсаты: Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау

қабілетін  дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Барысы: Оқушыларды топқа бөлу.Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

І-кезең. «Зымыран сұрақтар»

Алғырлықты байқау.  (Әр сұрақ-10 ұпай))

Білімнің ұшқырлығын танып сен

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

1-топ сұрақтары:

  1. Қай кезде көбейтінді нөлге тең болады? (көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса)
  2. Ең кіші натурал сан. (1)
  3. Бір жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (параллель)
  4. 5 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)
  5. Шеңбердің диаметрі 9 см, радиусы қанша сантиметр? (4,5)
  6. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
  7. Төртбұрыштың көрші емес қабырғаларын қосатын кесінді? (диагональ)
  8. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (аксиома)
  9. 1 кг судың көлемі неге тең? (1 литр)
  10. Пайыз дегеніміз не ? ( санның 1/100 бөлігі)

 

 

2-топ сұрақтары:

  1. Көбейтудің нәтижесі? (көбейтінді)
  2. Ең үлкен натурал сан? (жоқ)
  3. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
  4. Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп? (косинус)
  5. 5-ке кері сан? (1/5)
  6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға? (гипотенуза)
  7. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? (абсцисса)
  8. 30 мин сағаттың қандай бөлігі? (1/2)
  9. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? (теорема)
  10. Тәулікте қанша сағат? (24 сағат)

ІІ-кезең. «Блиц-турнир»

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

Шарты: Таблода сәйкес сұрақтың ұпайы көрсетілген. Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе, сол топтың есеп қорына сұрақтың ұпай саны қосылады, ал егер дұрыс жауап болмаса, сол топтың есеп қорынан сонша ұпай шегеріледі және қарсы топ осы сұрақты шешіп, өздеріне ұпай алуына болады.

Арифметика 10 20 30
Логика 10 20 30
Жұмбақ 10 20 30

Арифметика.

10.Қатар тұрған 3 санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1;2;3)

20.Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сан?    (5;3)

30.Цифрлардың қосындысы 2-ге тең болатын 5 таңбалы қанша сан бар?

(20000; 11000; 10100;  10010; 10001)  5-еу

Логика.

10.Бес бұтақты ағашта, бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа, қалады сонда қанша алма. (24)

  1. 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)

30.Әдеттен тыс сұраққа Асқар әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар оған бірдей жауап берді. Сондай болуы мүмкін бе?  (Бұл сұраққа шыншщыл адам да, өтірікші адам да «иә» деп жауап беруі керек.)

 Жұмбақ.

  1. Біз санбыз …

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға.

Құбыжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген   (бөлшек сан)

  1. Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар,

Әрқайсының құны бар.  (теңгелер)

  1. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашарсың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың.  (кв. теңдеу)

ІІІ-кезең.  «Кім алғыр»

 Шарты: Ұпай саны көрсетілген тапсырмалар жасырылған. Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс шешілген жағдайда бұл ұпай  алдыңғы ұпай санына қосылады. Егер тапсырманы орындай алмасаңыздар, есепті қарсы топ шешіп, ұпайды өз қорларына қосуларына болады.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

  1. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (32)    (10-ұпай)
  2. Жәшіктерді ашпай-ақ 50 кг шегені сатып алуға бола ма? (16 кг, 17 кг, 17 кг)  (20-ұпай)
  3. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген? (28)   (30-ұпай)
  4. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қаз қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)     (30-ұпай)
  5. Теңдік белгісінің сол жағындағы цифрлардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қойыңыздар:

112345 = 34   (10-ұпай)

  1. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды?   (1/4)  (20-ұпай)

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге  қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бабында.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Көрермендермен сергіту сәті.

1.Арман, Ардақ және Әсем 6-сыныпта оқиды. Олардың ішінде математик, суретші, шахматшы бар.Егер: А) суретші өз суретін салмай, Ардақтың портретін салса; Б) Әсем ұлдардан шахматтан жеңілмесе; Сыныпта кім шахматшы, кім суретші, кім математик? (Әсем- шахматшы, Ардақ-математик, Арман-суретші.)

2.Әкесі мен баласының жасын бірге қосқанда -38 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда-64 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда-84 жас, сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста?   (29, 9,55)

ІV-кезең. «Мақал-мәтелдер»  10 ұпай

Шарты: Әр топ ретімен кезектесіп саны бар  мақалды айту керек. Мақалдар қайталанбауы керек,ойлануға жарты минут уақыт беріледі.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  3. Ел құлағы елу
  4. Мың қосшыға бір басшы
  5. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
  6. Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
  7. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
  8. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды.
  9. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
  10. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

Осы менен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендің білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Қорытынды: Жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз берейік.

Сайыста жеңіске жеткен топты марапаттау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *