Ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерін пайдалану


Калдыгулова Умит Болатовна
БҚО Теректі ауданы Подстепное ауылы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ағылшын тілін оқыту барасында АКТ ның алатын орны ерекше. Дәстүрлі оқытуға қарағанда, АКТ арқылы оқыту тәсілі неғұрлым тиімді екені тәжірибеде дәлелденіп отыр.Әсіресе, оқу жүйесінің тез меңгерілуі,оқушының қабілеттілігі мен өзіндік ерекшелігінің өсуі, әрі жүктелген жұмысты уақытында үлгеруі, сондай-ақ өздік жұмысты орындау барысында танымдық қарқындылығының артқаны байқалады.

Егер біз, «Методикалық терминдер сөздігіне» көз жүгіртетін болсақ, АКТ –деген ұғымға мынандай анықтама береміз: бұл-оқытудың заманауи тәсілдерінің жиынтығы мен оларды жүйелеу, жинақтау, саралау,сақтау, іздеу,тарату,өңдеу және компьютердің көмегімен тартымды,тиімді игере білу. «Мультимедиа» термині-ақпараттар жиынтығының үлкен, мол қоры,мысалы (мәтін,дыбыс, үнтаспа).

Қазіргі таңда, компьютерді пайдалана отырып,ағылшын тілі сабағында жеке(дара) және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.Әртүрлі ойындар мен презентацияларды жүйелі жоспарлай отырып, сабақтың мазмұнын қызықты өңдеуге мүмкіндік бар. Бірақ, бір нәрсені естен шығаруға болмайды. Компьютер- еш уақытта мұғалімді алмастыра алмайды. Сондықтан компьютермен жұмыс істеу уақытын дұрыс жоспарлау керек.

Ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерін пайдалану:

·Электронды оқулықтар (кітаптар, тест кітапшалары)

·Мультимедиялық проектор

·Интерактивті тақта

·Электронды энциклопедиялар мен анықтамалықтар

·Электронды тренажорлар мен қарым-қатынас құрылғылары

·Интернет желісіндегі ақпаратты білім көздері

·Суретті безендірілген DVD және CD дискілері

·Үнтаспа және аудио жабдықтар

·Интерактивті карта мен интернет атлас

·Интерактивті конференциялар мен сайыстар

·Ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстары

·Қашықтықтан оқыту бағдарламалары мен курстары

Методикалық тәжірибе жинақтау мен тарату барысында АКТ мен интернет желісіндегі ақпаратты білім көздерінің ықпалы өте зор.

Сондықтан,ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерінің негізгі түрлерін пайдаланып отырған тиімді:

1.Оқулықтарға қосымша шығарылатын аудио материалдар,үн таспалар (дискілер)тыңдау.

2.Фонетикалық жаттығу орындағанда (микрофонмен жұмыс) жасау, оқушының есту, дұрыс сөйлеу қабілетін арттырады. Графикалық диаграмма дыбысталу кезіндегі мүлт кеткен кемшілікті көрсетіп тұрады.

3.Видео роликтер,видео жазбалар- күрделі мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды байытуға,сөйлемнің құрылымын дұрыс түсініп,ауыз екі сөйлеу барысында қатесіз қолдануға пайдалы.

4.Флэш -ойындар,әртүрлі жаттығу жұмыстары арқылы білімдерінің кем-кетігін толықтыруға ықпал етеді.Грамматикалық қабілеттіліктерін шыңдап, лексикалық сөздік қорды дамытады.

5.ТәжірибедеPower Point мүмкіндіктерін пайдалану, слайд мағлұматтарын тартымды етіп өңдеу,Word бағдарламасында енгізілген дұрыс қаріптеу командасы,ағылшын тіліндегі мәтінді қатесіз теруге көмектеседі.

6.Әртүрлі электронды тренажорлар қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттырып, сөздік қорды дамытады және диалогтік оқытуды қалыптастырады.

7.Сондай-ақ әртүрлі электронды тестер арқылы нақты нәтижеге қол жеткізіп, оқушыға уақытты үнемдеуге,өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туады.

АКТ ны ағылшын тілі сабағында қолдану, интерет технологияларын қолданудың кең мүкіндіктерін туғызады.

1.Видоеконференциялар

2.Шет елдік сайттармен жұмыс

3.On-line тест тапсырмалары

4.Халықаралық телекоммуникациялық жобалар.

5. Электронды хаттар арқылы шет елдік достармен араласу.

6.Аудиокітаптармен жұмыс.

Ақпараттар деген түсінікті төмендегідей нәтижеге жету жолы болатынына көз жеткіздім:

·Аз уақыт ішінде тақырыпты тез игеруге көмектеседі.

·Қабілеті төмен оқушының қызығушылығын арттырады.

·Презентациялар арқылы сабақты безендіруге ыңғайлы.

·Ажырамайтын үздіксіз қарым-қатынас орнатылады.(сызба)

·Рухани білім жинаған оқушы,монолог айтуға бейімделеді.

·Арнайы сайыстар,жеке (дара) ж/е топтық жұмыстар жүргізіледі

·Тура бағалауға, әділетті көз қарас қалыптастыруға көмектеседі.

·Түрлі анықтамалық жүйелерді пайдалану мүмкіндігін алады.

·Ақыл-ойын шыңдаған оқушы, шығармашылық қабілетін дамытады.

·Рациональді түрде ұйымдастырылған сабақ өте сапалы өтеді.

Қорыта айтқанда,ағылшын тілі сабағында осылай қолданылған ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпараттарды меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *