Білім қайнары


Бағытжан Нұрбақыт Зейнетұлы, Төлеген Даниал Дәулетұлы, Кушербаева Дария Алтаевна, Жанабай Нұрбақыт Азаматұлы, Малькенова Зарина Дюсенбаевна, Дусаганов Фархат Асылбекұлы, 
Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия оқушылары
Жетекші: Мухамеджанова Ботакоз Аскерқызы

Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.

Гипотеза – кемпірқосақты зертхана жағдайында, әлде тұрмыстық жағдайда алуға бола ма? Егер болса, қандай жағдайда?

Зерттеудің мақсаты :

·         Кемпірқосақтың түстерінің реттілігіне қарай зерттеу;

·         Табиғатта кемпірқосақтың пайда болу құпиясын зерттеу;

·         Тұрмыстық жағдайда кемпірқосақты алу экспериментін жасау;

Зерттеудің міндеті:

·         Кемпірқосақтың шығуын суреттейтін, түсіндіретін материалдарды  тауып және талдау;

·         Ғалымдардың басты көзқарастарын көрсету;

Зерттеудің әдісі:

1.     Гипотезаны дәлелдейтін өзіндік практикалық жұмыстар

Кіріспе

Бәлкім, жер бетінде кемпірқосаққа сүйсінбеген адам жоқ шығар.  Барлық адамзаттың    назарын аударатын тамаша табиғи құбылыс. Кемпірқосақ қалай пайда болды?  Қашан және қалай оны көруге болады? Бұл құбылыстың ақиқаты қандай? Кемпірқосақты зерттеуге бола ма, жасанды кемпірқосақты қалай алуға болады?  Бұған жауаптардың бәрін осы жұмыстан алуға болады. Жай ғана  жағдайда кемпірқосақты алу тәсілдері көрсетілген. Сол себепті осы жұмыста барлығы толықтай көрсетілген.

1.1.         Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс.

Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. Әр адам жастайынан кемпірқосақ түстерін біледі, бірақ бұл әдемі құбылыс қалай түседі?  Кемпірқосақ пайда болуы үшін екі шарт орындалуы қажет. Күн азғана сүйір бұрышпен сәуле түсіріп жаңбыр суынан, тұманнан, су бүркемесінен таңғы шықтан шағылуы тиіс. Жарық ауаға қарағанда су арқылы баяу өтеді. Сондықтан жарық толқындары ауадан суға өту кезіндегі жылдамдығын өзгертіп, нәтижесінде сынады. Бұл құбылыс «рефракция» деген атпен белгілі. Күннің ақ сәулесі жаңбыр тамшысына енген бойда сынады. Күн сәулесі тамшының ішінде шағылып шығар кезде қайта сынады. Осы процес барасында ақ жарықты құрайтын спектр түстері түрлі түске бөлінеді. Бұл толқын ұзындығына байланысты. Кейбір түстер басқаларға қарағанда көбірек сынады. Спектрдің әр түрлі түстерін жасау үшін күн сәулесі су тамшысынан 40 пен 42 градус аралығында бұрышпен сынып шығуы қажет. Жарықтың кейбір тамшысынан нақты бір бұрышпен сынып шығу салдарынан біз кемпірқосақты доға ретінде көреміз. Кемпірқосаққа жету мүмкін емес, өйткені оған жақындаған сайын  бұл елестер  басқа тамшылар жиынынан өтіп алыстай береді, яғни ешкім ешқашанда бұл ғажапқа қол жеткізе алмайды. Қос кемпірқосақ  күн сәулесі тамшыға бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде пайда болады

2.1. Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлертiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір-бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған. Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесi шыны призмадан немесе жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түстi шұғыла, ал аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң құбылмалы спектiрi көрiнедi.

2.2. Ғалымдардың кемпірқосақты зерттеуі.  Кемпірқосақ дегеніміз не?

Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Роджер Бэкон  ойлауынша кемпірқосақ адамға көздері ылғалды ғана болған кезде көрінеді деген.  Ал Антонио Доминико (архиепископ ) Күн сәулелерінің жаңбыр тамшыларынан шағылу және сыну әсерінен кемпірқосақ пайда болады.

Рене Декарт (философ, математик, физик) Күн сәулелерінің жаңбыр тамшыларынан шағылу және сыну әсерінен кемпірқосақ пайда болу қасиетін түсіндірді.

Исаак Ньютон – 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы.  Исаак Ньютон кемпірқосақтың пайда болу механизмін түсіндірді. Кемпірқосақтың жеті түсі: жарық – көрінбейтін радиотолқындар мен рентгендік сәулелерге жататын, электромагнит деп аталатын сәуле шығарушы ауқым. Жарық мынадай жеті түстен тұрады:қызыл,қызғылт-сары,сары,жасыл,көгілдір,көк және күлгін. Бұл түстерді жеке тек арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кейбір мамандар кемпірқосақта алты түс бар деп есептейді, бірақ оқымысты Исаак Ньютон тағы бір түс-көк түсті қосты. Енді кемпірқосақта жеті түс бар.

Кемпірқосақтың пайда болу схемасы

1) сфералық тамшы

2) ішкі шағылыс

3) алғашқы кемпірқосақ

4) преломление

5) екінші  кемпірқосақ

6) нұрдың кіріс сәулесі

7) сәуле жүрісінің алғашқы кемпірқосақтың құрылымы

8) сәуле жүрісінің екінші кемпірқосақтың құралымы

9) байқаушы

10) алғашқы кемпірқосақтың құрылымы

11) екінші  кемпірқосақтың құрылымы

12) тамшы бұлты

 

2.3. Кемпірқосақтың себепкері

Кемпірқосақтың себепкері- жарық сәулелерінің сынуы. Күн сәулесі ауада асылған су тамшыларында сынғанннан (қызыл түс 137 градус 30 минутқа, ал күлгін түс 139 градус 20 минутқа) кемпірқосақ пайда болады, нәтижесінде ақ түс шоғырланып ажыратылады. Бұл тамшылар әр түстің жарығын әр түрлі қисайтады. Бақылаушыға шоғырланған шеңберден (доға) түрлі түсті жарқырау шыққан сияқты көрінеді. Мен тұрмыстық жағдайдағы кемпірқосақты дәлелдедім.

3.1.Эксперимент

1.     Ақ парақтағы  кемпірқосақ

Құрал-жабдықтар: ақ парақ қағаз, шыны әйнек, күн сәулесі.

Күн сәулесінің түскендегі қолайлы сәтті пайдаланып, жалюзді жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырыңыз. Шыны әйнек арқылы параққа түскен сәуледен кемпірқосақ пайда болады.

2.     Көпіршектегі кемпірқосақ

Құрал-жабдықтар: табақша, су,  шампун,  күн сәулесі.

Бұл жұмыста да күн сәулесінің қолайлы кезін күтіп, табаққа су құйып, шампун салып көпірту керек.  Әбден көпірік пайда болған кезде  күн сәулесін шыны әйнектен өткізу керек. Осы кезде кемпірқосақ түстері пайда болады.

3.     Гүлдердегі кемпірқосақ

Құрал-жабдықтар: су, су құбыры, күн сәулесі.

Мен оны ауладағы гүлдерге су шашып, суарып тұрғанда анық байқадым. Алуан түсті  гүлдерге күн сәулесін шыны әйнектен өткізіп, күн сәулесі гүлдерге  бірнеше рең беріп,  кемпірқосақ түстерін  көрдім.

Бұл жұмысымды  жасап отырып, менің таңданғаным жарықтың сынуының қаншалықты ғажап және пайдалы екенін түсінеміз. Осының өзі бізге табиғаттағы  ғажап  құбылыс кемпірқосақтың пайда болуын түсіндіреді. Ал жарықтың пайда болу жолын мен Исаак Ньютонның ғылыми дәлелдемелеріне сүйеніп жасадым. Жаңа физика ғылымымен таныса отырып,   кемпірқосақтың пайда болуының жаңа  заңдары арқылы мен өз  түсінігім мен білімімді кеңейттім. Кемпірқосақ табиғаттың тамаша құбылысы, оны зерттеу көп білім мен адам түсінігін талап етеді. Кемпірқосақты зерттеу оны тұрмыстық жағдайда жасай алатынымды дәлелдедім. Қорыта келе,  эксперимент жсау –  оқушы  үшін қызықты және пайдалы.

Сонымен менің түйгенім;

·         Кемпірқосақ – күн сәулелерінің әдемі көрінісі.

·         Кемпірқосақтар күн сәулесі судан шағылып, сынған кезде түзіледі.

·         Су жаңбыр, тұман, шашыраңқы немесе шық күйінде болуы мүмкін.

·         Күн сәулесі сынып, толқынның әртүрлі ұзындықтарынан спектр құрады.

3 «ә» сынып оқушысы Кушербаева Дария  «Есімдер сыры» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

3 «ә» сынып оқушысы Кушербаева Дария өз жұмысында кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болатынына шолу жасаған.Негізгі бөлімде адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс барын, анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылғанын, яғни, есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын зерттеп көз жеткізген.Қазақ халқында балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі барын атап көрсеткен. Әрбір баланың есімінің мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасап,ол үшін есімдегі әріптердің мән-мағынасына, әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттерді зерделеуге  көп жұмыс жүргізген. Қорытындысында есім бала өміріне айтарлықтай әсер ететіні, сәбилерді неғұрлым көркем  есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түсетінін ашып жазған.
Жетекшісі:                       С.Шәймерденов атындағы  қалалық классикалық

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Мухамеджанова Ботакоз   Аскерқызы

 

Мазмұны:

Пікір______________________________________________________2

Аңдатпа___________________________________________________3

1.Кіріспе__________________________________________________6

2.Негізгі бөлім_____________________________________________9

2.1. Қазақ есімдерінің  құпиялары___________________________9

2.2.Тұздық алу ережелері____________________________________11

2.3.Атсырау ережелері______________________________________12

3.Қорытынды______________________________________________15

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________16

Аңдатпа
Бұл тақырып мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты:
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
● Есімдер ұғымына талдау жасау;
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау;
Зерттеудің басты кезеңдері:
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау;
Күтілетін нәтиже:
● Есімінің сырын білу арқылы өзін – өзі тануға жол ашу;

Кіріспе:
Бұл тақырыпқа қызығушылығым өз сыныптастарымның есімдері, сынып жетекшімнің есімі және де өзімнің есімім өзгелерден ерекше екенін білгеннен бастап туды.
Неге басқа қыздардың, мысалы екі Айдана, екі Наргиз, есімдері бірдей, ал менікі өзгеше?
Бала дүниеге келгенде туыстары оған атты қалай таңдайды?
Осы сияқты көптеген сұрақтардың жауабын табуға тырыстым.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген наным – сенім бар.
Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді?
Аттас адамдардың көбісінің мінез – қылығы неліктен бір – біріне ұқсас?
Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос – «Адам, оним//онима – «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз – «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз – ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата – ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Баласының атын ырымдап қою – ата – анасының ниетін білдіреді.

Негізгі бөлім:

Қазақ есімдерінің  құпиялары

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Телағаңның ой-желiсiне сүйенсек, қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.

Қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Замира, Сания, Клара, Лаура, Жания, Жанна, немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, , Тимур, Мадьяр, т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi.

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:

Ұлдарға: Ерасыл, Әлихан, Санжар,Нұрислам,Нұрасыл, Мирас, Артем, Арсен,Диас,Әмір

Қыздарға: Айзере,Айару,Інжу,Кәусар,Айша,Аружан,Әмина,Аяулым,Іңкәр

Алфавит бойынша есімдер сыры:

АЖАР – көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.

АЖАРГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН – көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АИДА – араб тілінен  — пайда, сый.

АЙНҰР – қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙСҰЛУ – екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім..

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИНА – иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘЗИЗА – араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ДАЙАНА – латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ДАРИЯ – иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.

ДӘНЕШ – иран тілінен  — білім, ғылым.

ДИЛЬНАЗ  – парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ЖАЗИРА – араб тілінен  – ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА – гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАНЕРКЕ – қараңыз: Еркежан.

ЗАЙРА – араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.

ЗЕЙНЕП – араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЛАРА – латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.

КҮМІСАЙ – қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КҮНСҰЛУ – күндей сұлу, әдемі.

ҚАЗЫНА – араб тілінен алынған хәзинә —  байлық, қойма;   қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

ҚАЛАМҚАС – жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

Айт

Мейрам атаулының бәрін арабша «ғийд» деп атайды. Қазақ тілінде оразадан кейінгі және құрбан шалатын кездегі 3 күндік мерекені «айт» дейді. Осы екі мейрамда өмір есігін ашқан сәбилерге жеке тұрып та, біріккен сөздің құрамында келіп те айт деген есімдер қойылған. Айтмұқамбет есімі де арабтың ғийд – айт деген сөзі мен пайғамбарымыздың атынан біріккен. Ақ
«Ақ» сөзі – бүкіл түркі тілдеріне ортақ төл сөзіміз. «Ақ» сөзі» мен парсының «б ө –  б ә к» сөзінің бірігуі арқылы А қ+бөпе есімі жасалған. «Ақ» пен «кенже» сөзі бірігіп Ақкенже есімі жасалған. Екі сыңары да – өзіміздің төл сөздеріміз.
Ай
«Ай» –  түркі халықтарына ортақ сөз. Есімдері «ай» сөзімен байланысты қазақта Айгүл, Айзада, Аймангүл секілді аттарды көптеп келтіре беруге болады. Ай+гүл – бірінші түбірі таза түркілік, екінші түбірі – парсы сөзі. Айдың аясындағы гүл.
Ай + зада есімі де екі түбірден тұрады: екінші түбірі – парсы сөзі. Бұл есімнің беретін мағынасы: айдан туған, айдан жаралған. Аймангүл есіміне байланысты бірнеше түсініктеме беруге болады. Бірінші нұсқа – арабтың  «Һәйман»және парсының «гол» (гүл) деген сөздерінің қосындысы. Беретін мағынасы: ғашық+гүл.

Бақыт
Бақыт, Бахтияр, Нағима есімдерінің беретін мағыналары ұқсас. Алдыңғы екі есімнің жасалуына арабтың «бәхт» сөзі негіз болып тұр.
Бахтияр есімінің екінші сыңары – «иар» деген парсы сөзі, мағынасы: «дос, жар». Демек, екі түбірден (бәхт + йар) құралған бұл есімнің беретін мағынасы: бақыт жар болсын, бақ жаныңда жүрсін.
Болат Парсының «пулад» деген сөзіне барып тірелетін болат деген сөз бар, синонимі құрыш. Демек, «ең мықты» деген ұғымдағы болат, құрыш сөздері жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де бұрыннан қолданылған.

Гүл
Парсының «гол» (гүл) сөзі көптеген қызымыздың есімдерінің жасалуына ұйытқы болып тұр. Бабаларымыз емін-еркін өмір сүрген атамекенімізде, кең-байтақ жерімізде алуан түрлі гүлдердің жайқалғаны хақ.
Хан,  Қожа, Шаһ
Жұмахан – араб және қазақ сөздерінен құралған есім: «жұма» –  апта күнінің арабша аталуы, «жиын» деген мағынаны білдіреді. Екінші сыңары «х а н» – өзіміздің төл сөзіміз.
Таза қазақ есімдері

Біздің ата-аналарымыздың тілегінде бек те, бай да, хан да, ханым да, қожа да, бибі де, шаһ та, ақ та,  бақта, нұрда, ай да,  күн де, гүл де, құрыш  та, қылыш  та,  қорған да, мейрам да, үміт те, өмір де бар екен.

Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?

Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Яғни есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады.

Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақырып қойылмаған есімдер ақырзаманда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді.

«Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін оқымыстылар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлердің көбіне денсаулықтары мықты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Рашид есімді жігіттер әр қадамын ұсақ-түйегіне дейін ойластырып, есеппен басатын, қулау, әйелқұмар болып келеді екен. Әділ есімді жігіттер табиғатынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалғанмен қыдырымпаздыққа жоқ болса, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қасиеті мол, кез келген тығырықтан шыға алатын жандар болып келеді екен. Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Қуаныштар – өз беттерімен өмір сүруден қатты қорқатын, өмірдің бәрі мәңгілік қуаныш, күлкі, той болса екен деп тұратындар.

Ал Мақпал есімді қыздардың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толықтыққа бейім болып келетіні дәлелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақпал Жүнісоваға біршама дәл келетін сияқты. Ал Гүлнәр есімді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ, Гүлбанулар болса – пысық, жігерлі.
Соған орай өз сыныптастарыммен, туыстарыма мынадай сауалнама жүргіздім:
1. Өз есімің ұнай ма?

Ұнайды –20

Ұнамайды -2

Яғни барлық адамға өз есімдері ұнайды екен. Бұл да қуантарлық жай деп ойлаймын. Өйткені әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет деп ойлаймын. Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады.

2. Өз есімің жайлы білесің бе?
Білемін –15

Білмеймін –7

Бұл сауалнамадан кейін мен достарыма есімдері туралы мәліметтер беріп, әрбір баланың есімінің мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасауды ұйғардым.Ол үшін есімдегі әріптердің мән-мағынасына, әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттерді зерделеп  көп жұмыс жүргіздім.

Есімдегі әріптердің мән-мағынасына келетін болсам:

А-Ә – күш, билік, салтанат; Б – биік сезімге бейімділік, тұрақтылық; В – тұрақсыздық, жүйеліліктің жоқтығы; Г – құпиялылық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық; Д – көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмарлық; Ж – өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З –жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл; К-Қ – төзімділік, күйгелектік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табушылық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой; О – ерекше сезімталдық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмартушылық, кінәмшілдік; Т – идеал іздеушілік, сезімтал шығармашылық тұлға; У – жараланғыш, үркектік, Ф – жұмсақтық; Х –заңға бағынғыштық, Ш – қызғаншақтық, әзілқойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.
Сондай-ақ есімдері түрлі әріптен басталатын ерлі-зайыптылар, бір әріптен басталатын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.

Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.

Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес-тендіріледі. 31-бұл (3+1=4).
Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі.

Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады.

Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер,яғни әр әріп қандай да бір санды білдіреді.

А-Ә-1
Е-5
Л-2
Р-2
Х-5
Ы-І-1
Б-2
Ж-2
М-4
С-3
Ц-3
Ь-1
В-6
З-7
Н-Ң-5
Т-4
Ч-7
Э-6
Г-Ғ-3
И-Й-1
О-Ө-7
У-Ұ-Ү-6
Ш-2
Ю-7
Д-4
К-Қ-2
П-8
Ф-6
Щ-9
Я-2
1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.

2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.

3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.

4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.

5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.

6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.

7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.

8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім            артуға болады.

9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.

Әркім өз есімінің  әрпіне сай сандарды тауып қосындысын табады. Бұл шыққан сан есіміне байланысты қандай рланетаға жататынына орай өз

Сыныптасым  –Айғаным
1+1+3+1+5+1+4=16=1+6=7
7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.

Сыныптасым-Алихан
1+2+1+5+1+5=15=1+5=6                                                                                                               6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.

Ат қою рәсімдері

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады.

Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана,қазақтан

шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат    қоярда   өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны,

он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді  сәбиіне қойғаны абзал.

Өйткені, есімдердің  адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте  айрықша.

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын  адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып,бала есімін өздері таңдайды.  Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере,шөберелерінің есімдерін солар қояды.  Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң.

Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне  қоюы – бұлжытпайорындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын,қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты  болады», – деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді?

Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан  бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі.Соның нәтижесінде кейін  адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда

болды. Осы адам есімдерін зерттеуші  ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем  есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш  кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған.Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы  сиықысыз есімдерді де қойған.Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің  бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды.

Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны  жүзеге асыратын болған. Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап

жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет  бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар.

Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр

Негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай,Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай,Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою.

Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпенжаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек,Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай,Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса,Мұхаммед,  Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс,Құралай, Мақпал,  Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.

12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат,Мұрат.

13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай,Бота, Ботагөз,  Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған,Ұлмекен, Ұлбосын,  Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балағаүш күннің ішінде  ат қойылуға тиісті.

Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай:

Ежелгі түркі есімдері  Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас

(«Сұмдық алып»),  Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»),

Әмина («сенімді»), Асхат  («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»),

Ғани («бай»), Данияр («жақын,  таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал

(«әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»),  Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік

(«патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар  («ерекше, таңдамалы»),

Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»),

Бақтияр  («бақытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»),

Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния  («нәзік жанды»), раушан

(«көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш,

ақын болсын деп – Абай,батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс,

ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады.

Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым.

Абылай («ата, әке») ——————————– Аида («сыйақы, пайдалы»)
Әсел («бал») —————————————— Әмина («сенімді»)
Асхат («бақытты, сәтті») —————————- Ғазиза («сүйікті, қымбатты»)
Ғани («бай») —————————————— Данияр («жақын, таныс»)
Динара («күміс ақша») —————————— Жамал («әдемі, тартымды»)
Қадір («құрметті») ———————————– Қайрат («күшті, қуатты»)
Мәлік («патша») ————————————– Мұхит («мұхит, қоршаған орта»)
Мұхтар («ерекше, таңдамалы») ——————– Рәзия(«сүйікті, тартымды»)
Сәбит («нық, сенімді») —————————— Айдана («ақылды, дана»)
Айнагүл («таза, мөлдір») —————————- Ахан («темір»)
Бақтияр («бақытты, қалаулы») ——————— Бибігүл («Гүл шашқан ханым»)
Дана («данышпан, ақылды») ———————— Жәния («нәзік жанды»)
Раушан («көрнекті, ашық – жарқын») ————– Рүстем («батыр, ер – жүрек»).

Қорытынды
Зерттеуді аяқтай келе мынандай тұжырымға келдім:
Адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтау қажет.

Ұсынысым:

Шетелге еліктемей өзіміздің қазақы есімдерді қойса.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. М. Әлімбаев.  «Халық – қапысыз  тәрбиеші».      Алматы – 1976

2.  Б. Адамбаев.  «Халық  даналығы».                       Алматы – 1976

3.Жанұзақов Т., Рысберген  Қ. Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен болашағы. Алматы, 2004. 43-44 бб.

4.Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Ғылым, 1988. 140 б.

5.Байтұрсынұлы А.. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1999. 141б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *