АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА СӨЙЕУ ЭТИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ


Нұрбек А.Б.

Профессор Рузуддиновтың Медициналық-стоматологиялық Колледжі ағылшын тілі пәні оқытушысы

Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынанкөркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Ағылшын тілі оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің  негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды [4;25-27]. Курстық жұмыста ауызша сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалыымдар көзқарасы көрсетіледі. Сонымен қатар ауызша сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары баяндалады. Екінші бөлімде оқушылардың жазбаша сөйлесуге үйретудегі белсенді әдістер туралы сөз болады.

Зерттеу жұмыcының мақcаты. ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің белсенді әдіс – тәсілдерімен ұйымдастыруды теориялық – әдіснамалық     тұрғыда негіздеп, белсенді әдіс – тәсілдерді тәжірибеде қолданып, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеу жұмыcының міндеттері.

Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;

Оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау; Оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Сөйлеу – адамдардын бір-бірімен пікір алысуы. Тіліміз деп сөздердін жұмсалымдық қызметін айкындауға арқау болатын лингвистикалық категория. Сөйлеудің маңызын анықтау тіл кұралдарының қолданыс аясын зерделеуге мүмкіндік туғызады. Осы орайда оның сөйлем синтаксисімен, мәтін лингвистикасымен, әдеби тіл теориясымен, функционалды грамматика, функционалды стилистикамен тығыз байланыста екені байкалады. Сонымен қатар, сөйлеу антропоөзектік лингвистикамен ұштасып жатады.

Сөйлеу тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асып, адам ойының жарыққа шығуының көрсеткіші болып табылады. Сөйлеуде тілдің мазмұндық жағы анық көрініп, адамдардың өзара түсінісуінің, пікірлесуінің амалдары көрініс табады. Демек, сөйлеу тіл мен ойлаудың бірлігінен қалыптасқан антропоцентристік категорияға жатады. Осылай болғандықтан, сөйлеудің табиғаты тілдік қатыныс теориясы, прагмалингвистика аясында зерделенеді.

Тілдік қатынас тіл жүйесінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылымы негізінде жүзеге асырылады. Оған тіл бірліктерінің коммуникативтік мағынада жұмсалу қызметі арқау болады. Осыған орай, тіл бірліктері қатысымдық бірліктер ретінде зерделеніп, қазақ тіл білімінде коммуникативтік грамматиканың іргетасы қаланды.

Тілді қарым-қатынас құралы ретінде тану қазақ тіл білімінің негізін салған А.Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. Бұл мәселенің жалғасы араға көп уақыт салып барып, Ф.Оразбаеваның зертгеулерімен ұштасты. Ф.Оразбаева сөз, сөйлем, мәтінді қатысымдық бірліктер ретінде танып, оларды адами қарым- қатынастың тірегіне жатқызды [3, 252]. З.Ш. Ерназарова сөйлеу тіліндегі синтаксистік бірліктердің прагматикасын арнайы зерттеді [4,196 ]. Б.Хасанұлы тілдік қатынас теориясының элеуметтік мәнін айқындады [5, 86].

Н.Ильясова қатысымдық бірліктердің тілтаным теориясында, қатысым теориясында алатын орнын анықтады [6,283]. Ғалым тіл арқылы «ақпарат алмасу процесін» тщдік қатынас теориясына жатқызып, олар тілдік және тілдік емес амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатынын айтады. Тілдік амал тәсілдер тілдік бірліктердің сөйлеу әрекетін жүзеге асырудағы қызметі арқылы орындалатынын дәлелдей келе олардың мәні семантикалық аспектіде зерттеліп тілдің динамикалық моделін танытатынын айтады

Тіл бірліктерінің бұл қызметін тіл құралдары қатысымдық бірліктер ретінде тануға арқау болатынын айтады. Сонымен катар, катысымдык бірліктер сөйлеудің концепциясын айкындайтын бірліктер деп тусіндіреді. Тілдік емес амал тәсіддер ым-ишараттар семиотикалык танбалар аркылы дәлелденеді. Аталған мәселелерді жинақтай келе, тілдік қатынасқа тән амал тәсілдер және тілдік катынасын мәнін аныктайтын коммуникация түрлерін вербалды коммуникация, бейвербалды коммуникация, суггестиялык коммуникация, тактикалық коммуннкация деп жіктейді. Сондай-ак Н.Ильясова: «Тілдік қатынас адресант пен адресаттын (сөйлеуші мен тыңдаушы немесе жазушы мен окырман) арасындагы катынас түрін саралайды. Сондықтан тілдік катынас теориясына тән зандылықтар тілмен байланысты барлык салаға ортағ болып табылады. Тілдік катынас тілдін кұрылымдык бірліктерінің (тіл дыбыстары, сөз, сөйлем) негізінде акпараттың берілу жолдарын карастырады. Тілдік катынаста акпараттың берілу жолдары ауызша және жазбаша түрде болады» дей келе, ауызша және жазбаша тілдік катынаска тән ерекшеліктерді саралайды.

Ал лингвистикалык түсіндірме сөздікте сөйлеу — бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге: сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі де жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-карсы койылады. Тіл – араласу кұралы болса, сөйлеу – осы кұрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашан нақтылы болады, ал тіл — абстрактылы болып кайталануы мүмкін. Сөйлеу — кеңістік пен уакытта жұмсалады, онын шегі болмайды [7, 208] деп көрсетіледі. А.Байтұрсынов сөйлеудің адам өміріндегі манызын былайша жеткізген. Тіл — адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын куйге ұшыраса, оңдағы күиі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артык дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондыктан сөйлеу білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артык. Сөйлегенде сөздің жүйесін, кисынын келтіріп сөйлеу кандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек [8, 29]. Сөйлесіп, ойымызды сыртқа шығара алмасақ, біреудің ойын тыңдай алмасак, шынымен-ақ адам өмірін елестету өте қиын. Ғалым сөйлеудің де жүйелі, сауатты, мәнерлі, дәлді болғаны дұрыс деп тұжырымдайды. Әрине, қазіргі заман – жазудың заманы. Түрлі құжаттар, келісімшарттар жазба күйінде беріліп, сонын негізінде бірталай жұмыс атқарылуда. Десек те, қай кезде болмасын, сөйлеудің адам өмірінде алар орны маңызды болып қалмақ. Себебі сөйлеу нақгы сол сәтге ешбір дайындықсыз, алдын-ала болжаусыз бетпе-бет, көзбе-көз жүзеге асады. Сөйлеудің өзі жағдайға, сөйлесушімен ортақ тақырыпқа, жас ерекшелікке, әлеуметтік жағдайға қарай өзгеріп, соған сәйкестеніп отырады. Ал белгілі ғалым-психолог Қ. Жарықбаев: «Сөйлеу ежелден бері жеке адамнын да, коғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс» – дейді [9,258]. Тіл аркылы ойымызды баска біреуге жеткізуді сөйлеу деп атаймыз. Сөйлеу – Пікір алысу процесінде жеке адамнын белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдін өзінде сөйлеудін сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындаіъі өзара түсінісуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалык тәжірибссіи байыптап кана коймай, сонымен қатар гасырлар бойы жинақталган қоғамдык тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады», – деп өз ойын жалгастырады [9, 259]. Жоғарыдагы анықтамалардан шыгатын қорытынды: тілдік бірліктердің сыртка шыгып, колданыста жүзеге асып, адамдар арасында карым-катынас жасауда көрініс табу формасын сөйлеу деп атаймыз.

Сөйлеу – іштегі ойдың тілдік құралдар арқылы сыртқа шыгуы. Сөйлеу —тіршілік етудің, карым-катынас жасаудың негізгі формасы.Тіл білімінде сөйлеу мен тілге катысты түрлі пікірлер бар, яғни бірі сөйлеу мен тілді бір процесс деп таныса, енді бірі екеуі екі түрлі процесс деп таниды. Тіл мен сөйлеудің де арақатынасы туралы Т. Қордабаев: «Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық бірлікте болатындарына карамастан бұл екеуінің бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, әркайсысының өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық бірлік. Тіл дегеннен онын күрамына енетін дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық формалар мен үлгілерді түсінеміз. Тіл дегеніміз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтыгы. Ф.де Соссюрше айтқанда, қоймасы. Ал сөйлеу — сол жансыз материалдардың өзара карым-қатынасқа келуі, тілдің қимыл үстіндегі күйі. Тшдің жаны, тіршілігі — сөйлеуде. Сөйлеу процесінде тілдік материалдар жанданып, өз бойындағы магыналық мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алады. Бірақ сол мүмкіндікті эркім өз шама-шарқынша пайдаланады: біреулер оның ішіндегі асылдарын іріктеп алып, оларды өз мақсаттарына лайықты тиісті орындарына қоя білсе, енді біреулерде ондай шеберлік, дарындылық болмайды. Осыдан келеді де тіл шұбарлығы, тіл мәдениетсіздігі пайда болады, қоғамдық сипатты тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешелігі осында. Тілге жақсы, жаман, мәдениетті, мэдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен «тіл мәдениеті» деуден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу мазмұнға сай келеді. Бұл айтылғандардан тіл мен сөйлеу арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, тереңірек зерттей түсу қажеттігі байқалады», – дейді [10, 124]. Ғалым атап көрсеткендей, тіл – қоғамдық сипаттағы құбылыс, сөйлеу жеке адамдарға тән даралық сипаттағы кұбылыс. Тіл – дүниедегі заттар мен құбылыстардың мазмұны мен формасын қарастырып, талдау жасауға мүмкіндік береді. Дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің таңбалық белгісін, байланысу жолдарын айқындап, белгілі бір халықтың дыбыстық жүйесін, сөздік қорын, өзіндік ерекшелігін саралайтын қоғамдық құбылыс.

Сөйлеу адам эрекетінің құрамдас бөлігі болғандықтан, адамның физиологиясымен, психологиямен, ойлау процесімен байланысады. Нәтижесінде адамдардың танымдық қабілетін, іұлғалық мәдениетін, этностық болмысын, ұлттык психологиясын, өмірлік дағдысын, ішкі толғанысын, кеңіл- күйін, жан-дүниесін дәйектейтін антропоөзекті категория ретінде ерекшеленеді.

Сөйлеу тілдін материалдык элементтері, ягни тіл дыбыстары, сөз, сөйлем арқылы орындалады. Оларды айту мен кабылдау процесі адамдардын физиологиялык касиеті, яғни сөйлеу мүшелері мен есту мүшелері негізінде жүзеге асады.

Адамдар бірін-бірі ұғу, түсіну үшін өзара пікіралысуы қажет екені белгілі. Пікір алысу айтылған сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну процесі арқылы жүзеге асады. Сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну – психологиялық факт. Оған заттың адам санасында сақталған атауы арқау болады. Атаулардың санада сақталуы заттар мен құбылыстарды түсіну, қабылдау, елестету, сезіну сияқты амал-операциялардан тұратын психологиялық құбылыстар негізінде жүзеге асып, тіл мен танымның байланысын көрсетеді. Нәтижесінде тілдегі әрбір сөзді жинақтауға, нақтылауға, абстракциялауға жүйелеуге болады. Мэселен, қазақтар мал жейтін шөпті ащы, тұщы, құрғақ, сулы деп бірнеше топқа бөліп, ящы шөптерге көкпек, изен, жусан т.б. тәрізді сөздерді жатқызса; тұщы шөптерге КИЯК, боз т.б. сияқты сөздерді жатқызып, оларды қандай малдың қорек ететініне қарай топтастыра білген. Түйе үшін жапырақ, изен, шағыр; қойға шоңышқа, кына; жылқыга боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. сияқты шөптердің азық болатынын білуі адамдардың сол заттарды жан-қуатымен сезінуі, түйсінуі, қабылауы арқасында жүзеге асты. Малды жасына, жүрісіне қарай айыруы, яғни жылқыны құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті; сиыр малын бұзау, баспақ т.б. түрінде жүйелеуі сол заттарды жете танып-білуімен байланысты.

Ж. Аймауытовтың пікірі бойынша, жеке тұлғаның танымдық түсінігі мен ұғымының калыптасуы, өзінің ой-пікірін немесе ой қорытындысын мазмұнды жасай білуінің негізгі құралы-сөйлеу тілі. Ғалым сөйлеу – ішкі сырды сыртка шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған. Алғашқы кездегі адам табиғаттың түрлі құбылысына кездессе, қорықса, қуанса, таңданса, бір жері ауырса, адам айқайлап дыбыс шығарып жүрсе керек. Сол дыбыс адамның қандай күйге түскенін маңайдагы басқа адамдарға білдірсе, міне сөйлеудің ең түбі осыдан басталған болу керек. Бұл – тілдің ең алғашқы дәуірі [12, 192] дейді. Олай болса, тілдің бастау көзі сөйлеу актісі барысында анықталады деп түсінуге болады. Өйткені сөйлеу -элеуметтік құбылыс. Сөйлесімді жеке бір адамның әрекеті арқылы емес, бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы жүзеге асады. Сөйлеу адамдардың қауымдасына, ұжымдық топ болуына олардың өзара байланысқа түсуіне арқау болады. Мұндай байланыс когамнын дамуына эсер ететіні сөзсіз. Жалгьп адам табигаттан, когамнан тыс өмір сүре алмайтыны сиякты, жалғыз адам сөйлеу процесінде жүзеге асыра алмайды. Сондыктан сөйлеу – адамдарды кауымдастыққа жетелейтін, коғамдык мәні бар күрделі әрекет болып табылады. Сөйлеу коғамдык-әлеуметтік маңызы бар мәселелер шешеді. Қай кезде болсын сөйлеу адамнын алдына койган максатына кызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір шаруа бітпейді. Сондықтан сөйлеудің мәні мен маңызын лингвистикалык тұрғыдан да, психологиялық жақтан да, әлеуметтік-саяси жағынан да ашу өте манызды.

Диссертацияның екінші тарауы «Тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін анықтауда сөйлеу этикасының атқаратын қызметі»

Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек,  адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: [40, 58].

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің  негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен      сөйлеу керек.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс. [41, 212].

Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді  [33;39-65].

Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:

1.  Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.      Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.

Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қaзaқстaн Рeспубликaсының 2015 жылғa дeйiнгi бiлiм бeрудi дaмыту  тұжырымдaмaсы. Қaзaқстaн жoғaрғы мeктeбi, 2004-№2

2. Н.Ә.Нaзaрбaeв, Қaзaқстaн хaлқынa Eлбaсының жoлдaуы, «Жaңa әлeмдeгi жaңa Қaзaқстaн» – 2007.-28aқпaн

3.Құнaнбaeвa С.С. Тeoрия и прaктикa  сoврeмeннoгo инoязычнoгo oбрaзoвaния, – Aлмaты,2010.

4. Oрaзбaeвa Ф. Тiлдiк қaтынaс:тeoриясы жәнe әдiстeмeсi, – Aлмaты, РБК, 2000.

5.Плужник И.Л. Фoрмирoвaниe  мeжкультурнoй  кoммуникaтивнoй  кoмпeтeнции  студeнтoв  гумaнитaрнoгo прoфиля в прoцeссe  прoфeссиoнaльнoй  пoдгoтoвки., aвтoрeф.дoкт.пeд.нaук. Тюмeнь,2003

6. Қoблaнoвa A. «Қaзaқ сөз этикeтi» Д94/845 2012ж.

7.Knapp K., Knapp-Potthoff A., Interkulturelle Kommunikation // Zeitschrift fur Fremdsprachenforschung 1. 1990-62-93

8. Eлизaрoвa Г.В. Культурa и oбучeниe  инoстрaнным языкaм. – Спб.КAРO,2005

9. Тaрaсoв E.Ф. Мeжкультурнoe oбщeниe – нoвaя oнтoлoгия aнaлизa языкoвoгo  сoзнaния . //Этнoкультурнaя спeцификa  языкoвoгo  сoзнaния.  М.,1996.

10.Aбдуллaeвa Ұ., Тiлeнбaeвa М. Ұлттық oйындaр aрқылы eңбeккe  тәрбиeлeу // Бaстaуыш мссс eктeп. – 2005. №9

11. Құлжaнoвa Н. Oйын мaқсaтын тaлдaу жәнe oйын мәнi // Қaзaқстaн мeктeбi.- 2001 – №1

12. Мaкaрeнкo  A.С. Кoллeктив и вoспитaниe  личнoсти. – М.,Пeдaгoгикa. 1972,

13.   Williams, Bernard. Ethics and the Limits of Philosophy.

14.   Jump up^ Williams, Bernard. Ethics and the Limits of Philosophy.

15. Jump up^ “Are We Professionals? A Critical Look at the Social Role of Bioethicists.”. Daedalus. 1999.

16.  Goodman Charles. Consequences of Compassion: An interpretation and Defense of Buddhist Ethics. — Oxford: Oxford University Press, 2009. — ISBN 978-0-19-537519-0.

17.  Honderich, Ted (2003). «Consequentialism, Moralities of Concern and Selfishness

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *