Ашық сабақ “Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері”
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Есік қаласы «Абылай хан атындағы
№4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің 4 «В» сынып жетекшісі
Тустикбаева Айжан Жаксылыковна
Мақсаты:
- Оқушыларға тік төртбұрыштың және шаршының периметрін табудың әр түрлі тәсілдері туралы түсінік бере отырып,формула арқылы периметрді табуды меңгерту.
- Топтамалармен және кестелермен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ауызша есептеу жүргізулерін,логикалық ойлауларын, есте сақтауларын дамыту.
- Оқушыларды әдептілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: репродуктивті, көрнекілік, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі топтамалар,кестелер, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды бір жүйеге келтіру.
Психологиялық сәтті өткізу.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық!
II.Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Ұжымдық талдау. № 1. Тік төртбұрыштың периметрін тап:
- Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:
Ұжымдық жұмыс. № 3 Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап:
а) Р = 15 см + 3 см +15см + 3см = 36 см немесе Р = (15 + 3) ∙ 2 = 18 ∙ 2 = 36 (см)
№4. Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап. Р = 3 + 3 + 3+ 3 = 12 (см) немесе Р = 3 ∙ 4 = 12 (см)
№5. Есеп:
6 тәрелкеге – 18 асхана аспабы
1 тәрелкеге – ? асхана аспабы
Шешуі: 18 : 6 = 3 (аспап)
Жауабы: 1 тәрелке жанына 3 аспаптан қойылды.
Әрбір кесе шайға – 2 шағым қант
20 кесеге шайға – ? шағым қант
Шешуі: 20 ∙ 2 = 40 (шағым қант)
Жауабы: 40 шағым қант салынады.
№6. Өздік жұмыс: