Хасенова Кулимхан Боранкулкызы


Хасенова Кулимхан Боранкулкызы
заместитель директора  школы по учебно-воспитательной работе, учитель  казахского языка и литературы Средняя школа имени Мухаммеда Хайдара Дулати

Хасенова Кулимхан Боранкулкызы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Шу ауданы Бөлтірік ауылында көпбалалы отбасында 23.05.1968 жылы дүниеге келдім. 1999-2003 жылдары Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде оқып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі дипломын алдым. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі болып оқушыларға дәріс бердім. 2012 жылдан бастап Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысын атқарып жатырмын.          Мектеп ұжымындағы әріптестерім және өзім жеті модульді – оқытуды басқару және көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту және оқу, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқу үшін бағалау және оқуды бағалауды және білім берудегі мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өзіміздің іс-тәжірибемізде тиімді қолданып жүрміз,ұстаздарымыз және  оқушыларымыз білімді игеріп қана қоймай, сол білімді өмірде  қолдана білуге икемді болуына жұмыс жасаудамыз. Нәтижесінде өздігінен қиындықтарға тойтарыс бере алатын, құзырлы жеке тұлға қалыптастыруға жұмыс жасап отырмыз.

Сабағымда оқушылар арасында қарым-қатынас дұрыс қалыптасқан, олар өздігінен білімді игеруде, топта жұмыс жасауда таңдау жасамай бірлесе отырып, әр оқушының пікірінен өзіне қажетін ала біледі. Оқушылар бірін –бірі сыйлауға, өз пікірін айтудан жасқанбауға,  айтылған пікірлер арқылы қателерін түзеуге, сыни ойлауға бейімделді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *