Шылау және шылау тұлғалас қосымшалар. 4 сынып


Бигожина Гульжанат Абдугалиевна

Жангелдин ауданының оқу бөлімінің “Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі 

 Білімділік: Оқушылардың  шылау  туралы  ұғымдарын  кеңейту. Шығармашылық тапсырмалар  арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:Оқушының ой-өрісін,дүниетанымын   көру,  шығармашылық қабілеттерін,  сөздік қорын, тілін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды   достыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, татулыққа, ұйымшылыққа, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , пысықтау, түсіндіру, талдау. СТО жобасының стратегиялары (Венн диаграммасы.)

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекілігі:А-3, маркер.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

1.     Өткен тақырыпты еске түсіру.

Ой-қозғау, Сұрақ-жауап

1.     Шылау дегеніміз не?

2.     Мен пен, бен , және шылаулары туралы не білеміз?

3.     Да, де та, те шылаулары қандай мағына үстейді?

4.     Ма, ме, ба,бе ,па, пе шылауларының тыныс белгілері туралы айт.

5.     Үшін, туралы дейін, шейін шылаулары қандай септіктермен байланысады?

6.     Қой, ғой, қана, ғана –ақ , ау шылаулары қандай қызмет атқарады?

III. Жаңа сабақ

1.     Арыстан да , жолбарыс та орман да мекен етеді.

2.     Бөлмеде гүлдер өсіп тұр.

3.     Оқушылардың барлығы бөлмеде.

(Осы сөйлемдерді талдау арқылы ереже шығару.)

1.     Кітаппен жұмыс

1-жаттығу  Мен, бен ,пен шылаулары кездесетін сөйлемді көшіріп жаз.

IV . Топтық тапсырма

1-топ Түн ұйқысын төрт бөліп , сені өмірге әкелген кім?

Сол сөзді тауып , тәуелде.

2-топ   12 сәуір қандай күн?

Жауабы болатын сөзді үш жақта жікте.

3-топ Өңшең тістің арасында

Бір патша .    (Тіл)                              Жауабын септеңіз?

4-топ  Біршама зат есімге көптік жалғауын қосып айт.

2-жаттығу

Зат атауларын  мен, бен , пен шылаулары арқылы сөйлес құрастырып жаз.

1.     Шығармашылық жұмыс .

1-топ     Мен,  пен, бен  шылау  және қосымша болатын түріне мысал келтір.

2-топ     Да, де , та, те шылау    және    қосымша болатын түріне мысал келтір

3-топ    Ма, ме, ба,бе ,па, пе    шылау және қосымша болатын түріне мысал келтір

4-топ   Үшін, туралы,  дейін,  шейін , қой, ғой, қана, ғана –ақ , -ау шылауларына мысал келтір.

3-жаттығу  Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сыз.

4-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.

Мәтіндегі шылауды бір сызықпен, жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сыз.

1.     VI. Қорытынды :

2.     Шылау нешінші сөз табы?

3.     Шылау мен қосымшаның айырмашылығы?

4.     Шылау мен қосымшаның ұқсастығы?

 

VII. Оқушылардың білімін бағалау.