Білім еліне саяхат
Алипова Ляззат Советовна
воспитатель ГККП ясли – сад №2 «Батыр», г.Астана
Мақсаты:
Білімділік: Түрлі таратпа суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілеттерін зейіндерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, геометриялыцқ фигуралар, сандар, карточкалар, жол картасы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүру барысы:
Жылулық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнде.
Тәрбиеші:
-Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
-Бүгін біз ұйымдастырылған оқу қызметімізде «Білім еліне саяхатқа» шығамыз.
-Саяхатқа немен барамыз?
-Дұрыс. Ұшақпен, көлікпен, автобуспен және пойызбен баруға болады. Ал пойызға міну үшін бізге не керек?
-Дұрыс билет керек. Ал бізде билет жоқ бірақ сұрақтарға жауап берсек біз пойызға мінеміз.
Сұрақтар:
-Неше жыл мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемнің нешінші айы?
-Бір аптада неше күн бар?
-Неше күнде біз балабақшаға келеміз?
-Неше күн демаламыз?
-Бір тәулікте неше уақыт бар?
-Суреттен кім көрсетеді?
-Жаксы балалар біз сұрақтарға жауап бердік енді саяхатқа аттанамыз. Бәріміз орнымыздан тұрып пойызбен жүреміз.
Ду-ду-ду
Мен жүремін,
Так-тақ-тақ
Мен жүремін-деп шулайды.
Ал, вагондар зулайды. (балалар қимылмен келтіреді)
-Балалар біз бірінші аялдамаға келдік. Қараңдаршы аялдамамызда қалта тұр. Бұл жай қалта емес сиқырлы қалта. Ендеше біздің бірінші тапсырмамызды орындауымыз керек.
1 тапсырма:«Сиқырлы сандар»
Ойын: «Адасқан цифрлар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Шарты: 2,4,6,7,3,5 кеспе цифрлары тақтаға іледі. Балалар қалып қойған санды атап ретімен қойып шығады.
-Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Жол қысқару үшін тағы бір ойын ойнайық.
Ойын: «Артық сөзді тап»
Мақсаты: баланың тез ойлауын, тез жауап беруін арттыру.
1. Қыс, жаз, таңертең, көктем, күз
2. 1,2,3,4, түс,5,6,8
3. Аю, қасқыр, мысық, қоян, түлкі
-Балалар қараңдаршы біз екінші аялдамаға келдік. Не көріп тұрмыз?
-Дұрыс фигуралар. Ендеше бұл аялдаманың тапсырмасы геометриялық фигуралар болмақ.
2 тапсырма: «Ғажайып ағаш»
Ғажайып ағаштың айналасында нелер бар екенін атап береміз. Аю, қоян, құс, гүлдер қайда орналасқан?
-Аю ағаштың оң жағында, қоян сол жағында, құс жоғарыда, гүлдер алдында.
-Жақсы балалар біз 2 тапсырманы да орындадық. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
3 тапсырма: «Бағдаршам»
-Бағдаршамның неше көзі бар? Бағдаршамның түсіне қарай әріптерді таңдап сөз құрастырамыз. Қандай сөз шықты?
-АТА.
Алдарындағы суреттерді дыбыстыққа талдаймыз.
Суреттер: Ай, ат
-Келесі аялдамамыз «Дем алу» Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасаймыз.
Сергіту сәті:
4 тапсырма: «Сиқырлы фигуралар»
-Қандай фигураларды білеміз? Үстел-үстіндегі заттардың қандай пішінге ұқсас екенін айтамыз.
-Мынау не?
-Қоянды құрастырамыз.
Геометриялық фигуралардағы сандар бойынша сәйкес келгенмен есеп құрастырамыз.
5 тапсырма: «Логикалық есеп»
1.Төрт баланың неше қолы бар? (8)
2. Ағашта бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (3)
-Міне балалар бүгінгі саяхатымызды аяқтап «Білім еліне де келдік қараңдаршы не жатыр?
-Кітап ендеше сендерге білім алу үшін кітап керек. «Мектеп-кеме, білім-теңіз»
Қорытынды:
-Бүгін сендер қайда бардыңдар?
-Сендерге не ұнады?