Туған жерге тағзым
Имамбаева Амангуль Сарсенгалиевна
учитель казахского языка и литературы ОСШГ № 11
Мақсаты:
-Туған жерді қадірлеу
-Туған табиғатты сүю
-«Табиғат-адам-қоғам» арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті қалыптастыру, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану.
-Табиғат қорғау мәдениеті туралы үгіт-насихат жүргізу.
-Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру.
Көрнекілік: Плакатқа жазылған нақыл сөздер, слайд, «Мұра» кітабы.
Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих,ән-саз.
Кеш жоспары:
І.Әдеби-монтаж
ІІ.Биологиялық сайыс
ІІІ.«Туған жерге тағзым»-оқушылар қолмен жасалған табиғат мүйісін талдау.
IV.Әзілкештер әзілі (тіршілік,табиғат, экологиялық жағдайлар, жануар,өсімдік туралы)
V.Қорытынды
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым
Арта берсін абырой, атақ даңқың
Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас
Мектепте бірге оқып болған сырлас
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебіміздің мерейлі тойы және «Туған жерге тағзым» акциясына байланысты биологиялық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Биология-жаратылыстың анасы десек жаңылыспас-ек. Десекте адамзатпен тірі табиғаттың қыры мен сырын оның тіршілік тынысын түсіндіретін ғажайып сыры мол ғылым.
2-жүргізуші:
Табиғат бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс өздігінен пайда болған дүние. Табиғат дегеніміз Құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным нысанасы.
1-жүргізуші: Табиғаттың көркімен
Талантымды ашамын
Әсем сұлу жерімді
Әніме мен қосамын
2-жүргізуші: Жүрегімді тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар,құстар,ормандар
Ақыл-ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар
1-бөлім.
Оқушылардың дайындаған әдеби-монтажын тамашалаңыздар.
(табиғат, Тарбағатай ауылының табиғатын слайд арқылы көрсету)
Логикалық ойындарға кезек береміз
1.Орнын тап ойыны
Балдыр-су
Бәйшешек-дала
Қына-таулы жер
Шымтезек мүгі-батпақты жер
Қарағай-томар
2-ойын:Есептер шығару
1-есеп: Бала-аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы нешеу? (0)
2-есеп: 9бас 24аяқ неше тауық неше ешкі? (2ешкі, 7тауық)
3-есеп: 5адамға 5алманы бөлу кекрек. Әр адам 1алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1адам 1алманы кәрзеңкесімен қосып алады)
3-ойын: «Адасқан әріптерді құрастыр»
Гунерку-кенгуру заққоиз-қоқиқаз
Илікне-инелік сіркетке-кесіртке
Жырұслан-сұржылан қылаб-балық
Кебіре-бекіре қарар-арқар
Тікрүб-бүркіт албдыр-балдыр
Винпинг-пингвин пыжарақ-жапырақ
1-жүргізуші: Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма!
Топ басшыларын тест шешуге ортаға шақырамыз.(компьютерде жазылған тест шешу)
ІІІ-бөлім «Туған жерге тағзым»-әр сыныптың өз қолдарымен жасаған табиғат мүйісін талдау
IV-бөлім: Әзілкештер әзілі
8-9-10 сыныптар дайындаған (тіршілік,табиғат,экологиялық жағдайлар туралы) әзілдері.
V-бөлім
Қорытынды:
Бүгінгі кеште табиғаттың адам үшін қажеттігін,онсыз өмір болмайтынын жүректеріңе терең орнықты деп ойлаймыз. Ол үшін биологиялық білім, сана, мәдениет қажеттігіне көздерің жетті.
Ата-бабаларымыз табиғатпен біте қайнасып, өзін табиғаттың бөлінбес бөлігіміз деп қараған,онымен бірлікте өмір сүру керектігін білген. Сондықтан олар табиғаттан керегін алып,қалғанына тимеген.