Статья «Оқу тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін арттыру»


Исмагулова Толкын Зейнел-кызы

 учитель начальных классов КГУ «№23 средняя  школа им.М.Шаяхметова» г. Усть- Каменогорска

Елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген

Әрине, Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар, сапалы білім мен салауатты тәрбие беретін ұстаздар қауымы. Олай болса, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімнің әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне, оның кәсіби құзырлығына тікелей байланысты. Бұл оқушылардың бойында түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға жол салады.
Жалпы құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында жеті негізгі құзыреттілік белгіленген. Осы құзіреттілікті дамыту үшін топтық жұмыс түрлерін пайдалану өте тиімді. Бұл білім сапасының жақсаруына әсер етеді, оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, бала бойындағы танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше білім алуға үйретеді. Сонымен қатар оқушыда ойын ортаға салу, жанындағылардың ойын тыңдау, дәлелдеп айту арқылы ойы ашылып , бірте-бірте шыңдалған ойлауға қадам жасалады. Өз тобындағылардың жауабын толықтырады, талдайды, шешімін іздейді. Мен топтық жұмысты әсіресе әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында, сынып сағаттарында жиі қолданамын. Себебі коммуникативтік дағдылар  негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Мен өз тәжірибемде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінде төмендегі жұмыс түрлерін  жиі қолданамын:

ü    сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;

ü    жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;

ü    жұмбақ, жаңылтпаш, сөзжұмбақ, ребус  құрастыру;

ü    сипаттау, мінездеме беру;

ü    автордың идеясын  өрбітіп жазу;

ü    тірек сөздер арқылы өлең құрастыру;

ü    кейіпкердің атынан хат жазу,

ü    оқыған кітаптары бойынша сұрақтар қою;

ü    еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

ü    өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

ü    ақпарат құралдарын пайдалана отырып мәлімет жинау, реферат

жазу;

ü    оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырғанда оқушы ойы шыңдалып, жаңа білім жайлы ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастырады. Мұның өзі коммуникативтік құзіреттілікті арттырудың бірден бір жолы.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стратегиясы бар екені белгілі, сол әдіс – тәсілдердің  ішінен тек қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді  жолмен жүзеге асыруға тырысамын. Соның ішінде “Венн диаграммасы”, “Бес жолды өлең”, “Табақ тарту”, “Семантикалық карта”, «Джиксо», «Инсерт», «ББҮ», «Биопоэма»  сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолданамын. Ал сынып сағаттарында қолдану  тіпті тиімді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін, қызығушылығын арттырады. Пәнге деген өзгеше көзқарасы қалыптасады. Бірақ сабақтарымның бәрі сәтті өтті деуге болмас, қиыншылықтар да кездесті, тіпті сабағымда жоспарлап келген жұмыстың жартысын да орындай алмаған уақыт  болды. Бастапқы кезде оқушыларға топпен жұмыс істеу ұнамағанымен, уақыт өте келе топпен жұмыс істеуге үйренді.  Әдебиеттік оқудан оқу шапшаңдықтары артып, қажетті ақпаратты таңдап алуға, жауапкершілікті сезіне білу, достарының айтқанын тыңдай білу сияқты қасиеттер көріне бастады. Осы орайда менің ұстанымым Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы.
Сонымен қатар сабақтарымда коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып жүрмін. Әсіресе тақырыптарға сәйкес презентациялар, аудио бейнематериалдар көрсете отырып бастауыш сыныпта  оқушыларымның оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырамын. Осыған орай оқушыларды интернет жүйесі арқылы білімін толықтыруға ынталандырамын  т.б сабаққа қажетті мағлұмат алуға көп көмегін тигізеді, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады.

Коммуникативтік құзіреттілік бұл коммуникативтік тілдік, білім, білік, дағдылардың жиынтығы. Коммуникативтік құзыреттілік –  қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. Талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамытуда Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады.