«Ақылшы ұзтаз, талапты шәкірт»


 Ажыханова Менсұлу Темирханқызы

БҚО Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылы Б. Жаникешев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты:Оқушының ұстазға деген құрметін оятып, сүйіспеншілігін арттыру,оқушы мен ұстаздың  бір біріне деген            байланысын нығайту.

«Ұстаз» әнінің әуені ойналып тұрады.

«Ұстазым менің» өлең шумағын оқу

*Мұғалім ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың даналардың

Өмірде сенің   алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың

 

Өткізіп өз алдыңнан талай бала

Бойыңа құйдың ақыл ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді

Ақылшы,тәрбиеші болдың аға

 

Атағым Алатаудай биік болып

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп

Тұрармын ұстазым деп басымды иіп деп ақын Б.Ысқақов жырлағандай

Құрметті аяулы ұстаздар,қазан айында    тойланатын ерекше мереке Ұстаздар күні құтты болсын!Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық,еңбектеріңізге шығармашылық табыс,көңілдеріңізге шабыт тілейміз!сіздерге арналған  салтанатты кешімізді бастаймыз

1-жүргізуші:

Бастауыш мектеп білімнің баспалдағы

Ұстатып қалам,хат таныту басты арманы

Сәуле,Меңсұлу,Данагүл,Мөлдір,Нүргүл

Нұрбақыт,Айман,Ақтоты,Камшат

Осынау көлдің қара бауыр қасқалдағы

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар сіздерді бүгін бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары әзірлеген «Ақылшы ұстаз,талапты шәкірт»сайысын тамашалауға шақырамыз.

*Әділқазылар алқасымен таныстыру

*Сайыстың шартымен таныстыру

1.Таныстыру

2.Өнер(ұстазы мен шәкіртінің өнері)

3.Сәйкестендіру(ұстазы мен шәкірті бірін-бірі қаншалықты білетіні туралы сұрақтар қою)

4.Ситуациялық жағдай

1-жүргізуші:

Ұстаз ойы:

Жақсы оқысаң шәкіртім,жұрттан алғыс аласың

Қадірменді халқыңның,қанағаты боласың

Тәртіпті бол сыпайы,жүгіріп тұр тіл алып

Апаң жүрсін ұдайы,айналдым деп қуанып

2-жүргізуші:

Шәкірт ойы:

Маған ұстаз үйретті,әліппесін өмірдің

Жан-жүйемді билетті,күйі шалқып көңілдің

Мені ұстаз баулыды,тәтті жыр мен өлеңге

Тәрбиемнің әр күні,тартты ілгері белеңге

Өмір күйі аңсаған,қандым мөлдір тұнықтай

Шашты қырау шалса да,ұстазымды ұмытпан.(осындай ұстаз ойы мен шәкірті ойы арқылы бастауыш сынып ұстаздары мен шәкіртін сахнаға шақыру)

1-жүргізуші:

Білім қуған әрқашан да ұтар-ды

Қарсы алайық Хайырлиева Айманды

Азамат боп қалғанын ел сезбепті

Бала ғой деп жүргенде бұл        Диасты

2-жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған

Сәуле апайдан барлық шәкірт нәр алған

Азамат                           асыр салған жер төсінде

Нәр алып ұстаздың әр лебізінен

1-жүргізуші:

Білім сырын үйретуге талпынды

Балаларға Меңдешева Ақтоты

Тапсырманың сұрасаң да қай жерін

Мүдірмейді Айқынқызы          Айназым

2-жүргізуші:

Жүретін бар шәкіртін сүйсіндіріп

Мөлдір де шәкіртімен тұрған биік

Білімімен мектепте алда жүрген

Шақырайық шәкірті Айсәулесін

1-жүргізуші:

Шәкірттері ұстазына бір бақыт

Шебер ұстаз Сарсалиева Нұрбақыт

Жексенқызы Диннұрды  сыныптағы достары

Бұл сайысқа сенім артып қостады

2-жүргізуші:

Балаңыздың әр қылығын жыр қылды

Танисыздар ата-аналар Нүргүлді

Біз ойлаймыз жақсылыққа үйір деп

Бұл азамат

1-жүргізуші:

Оқытады балаларды саналы ол

Апайы бұл Асқарқызы Данагүл

Тыңдайық деп сыңғырлаған үніңді

Шақырамыз сүйкімді Аяулымды

2-жүргізуші:

Көп жылдан Меңсұлу апай бала оқытады

Білімді сансына тоқытады

Одан шығар мүмкін ақын,ірі асыл

Алдыңызда Ерболұлы Ерасыл

Осылай сахнаға шақырылып ,сайыстың шарттары бойынша қойылым болды.

Хор Ұстазым

Қорытынды:

Жеңімпазды анықтау.