Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр


Аязбаева Эльмира Алтайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Пушкин атындағы орта мектеп

Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сынып: 3 Мектеп: А.С.Пушкин атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Аязбаева Э Қатысқандар саны:11 Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Оқу мақсаттары 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді; Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады.

Бағалау критерийлері * Жырдың мазмұныны түсінеді; * Жыр мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; * Кейіпкерлердің портретін сипаттайды; * Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді; * Жырдан көркем сөздерді табады; * Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Тірек сөздер Қыпшақ, қызылбас, шәр, қарыс, қар, сүйем, құрысты

Құндылықтарды дарыту Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Ежелгі қалалар туралы мәліметтерді еске түсіру арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру Кейіпкерге баға бере алады, көркем сөздерді қолданады,сұраққа жауап береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы 1-5 минут Ширату: оқушылардың сәлемдесуі Күндей жылы бол! Алмадай тәтті бол! Доптай көңілді бол! Айнадай жарық бол! Үй тапсырмасын сұрау. Қарлы кесек әдісі Қосымша 1

Топқа бөлу:Батыр қарулары(қылыш,айбалта,садақ) арқылы топқа бөліну 1-топ қылыш 2-топ айбалта 3-топ садақ Біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін жырдан тауып, бағалаймыз. Жырда кездесетін көркем сөздерді табуып, шығармашылық жұмысымызды сурет түрінде ұсынамыз. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-20 минут

21-26 минут

Білу Ел жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғану тыныштықта өмір сүру. Халық шығармаларының көлемді,көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болды.Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды жаттап алып айтушы, таратушы адамды жыршы деп атайды.

Халық шығарма сы Басты кейіпкер Не мадақтал ған? Көлемі қандай? Неліктен? 1-тапсырма (Ж,Т) Түсіну «Қобыланды батыр»жыры «Стоп кадр» әдісі Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. 1) «Қобыланды батыр»жырын оқиды 2) Мәтінді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады. 3) Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады. Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды 2-тапсырма (Ж,ЖЖ) Қолдану «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп тауып, түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Көркем сөздерді табады. -Жырдағы оқиға қай батырлар жайында құрылған? -Қобыландының тұлпары қалай аталады? -Жауға аттанған Қобыланды жырда қалай суреттелген? -Қобыланды жекпе – жекке кіммен шығады? Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Көркем сөздерді табуда оқушыларға қолдау Қосымша 3 Оқулық 50-53 беттер Слайд №6

27-32 минут 33-36минут көрсетіледі, топта бірлесіп жұмыс жсайды. ҚБ «Табыс ағашы» әдісі Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». 3-тапсырма (Ө,Т) Талдау «Суреттер сөйлейді» әдісі Жырға және сұрақ деректерге сүйеніп суреттегі батырларды сипатта. Сипаттауда жырдағы көркем сөздерді қолдану туралы ескертіледі. Мысалы; қабағы тастай түйіліп, ақсұңқар құстай шүйілді, нар түйедей бақырды,түлкідей көзі жайнайды. Саралау: Кейіпкерге сипаттама береді Топта балалар жеке жұмыс жасайды ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны Бір тілек-Жақсартуға болады 4-тапсырма (Т) Жинақтау Ыстық орындық әдісі Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, оқушылардың өтілген сабаққа байланысты қойылған сұрақтарына жауап береді Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Барлық оқушылар бағаланады ҚБ «Қол шапалақтау» Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау Слайд №7 Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40 минут «Үш көмекші» әдісі 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады. 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады). 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады). 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі..

2-тапсырмада

Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады және Бағалау «Смайликтер» әдісі «Бір- бірін бағалау» әдісі «Табыс ағашы» әдісі «Қол шапалақтау» әдісі Дескриптор Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді 3-тапсырмада Кейіпкерге сипаттама береді Топта балалар жеке жұмыс жасайды 4-тапсырмада Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Барлық оқушылар бағаланады. > Жырдың мазмұнын түсінеді; > Жыр мазмұны бойынша сұрақтараға > Кейіпкердің мінез құлқы мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөлікті табады > Кейіпкердің көңіл күйінің өзгеру себебін анықтайды > Кейіпкерді сипаттап мінездеме береді > Тапсырманы орындауда ойын жүйелі жеткізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?