Ашық сабақ “Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формуласы”


«Үшбұлақ орта мектебі» кмм математика пәнінің

мұғалімі Сыдыкова Айнур Алтаевна

 Мақсаты:

Модульдерді қолдана отырып, тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формуласымен танысады

 

Сыныбы:  9

Пәні: алгебра:

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындысы мен айырымға түрлендіру формуласы

Мақсаты: 1. Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындысы мен айырымға түрлендіру формуласын меңгеру.

  1. Топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы нәтижеге жету.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Қолданылған әдіс- тәсілдер:  Топтық жұмыс, оқушылар білімдерін бағалау, сыни тұрғыдан ойлау, диалогті оқыту.

Көрнекілігі: түрлі түсті қағаздар, тапсырмалық суреттер, интерактивті  тақта.

Сабақтың  барысы уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру. 1 мин Сәлемдесу, оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында шаттық шең-берін құрып,тілек айтқызу Сабаққа әзірлік,

шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады

2. Үй тапсырмасын тексеру 5мин  «Бас қатырғылар базары» тригонометриялық функ-цияларды қатыстырып әр  түрлі сөзжұмбақ, ребус    т.б.орындап әкелген жұппен жұмыстарын тексеру

 

Жұппен орындап әкелген жұмыстарын қорғайды
3.Кіріспе  бөлім: әр оқушыны  қағазды таңдаулары  бойынша топқа бөлінеді.

Қағазда синус, косинус деп жазылған.

 

2 мин Оқушылардың топқа бөлінулерін қадағалайды,

Оқушылар топқа бөлініп  отырғаннан кейін,           оқушыларға ой қозғау сұрағын  қойып , сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

1.Топқа қалай бөліндіңдер?

2.Өткен сабақ пен жаңа сабақтың сабақтастығы қандай ?

 

 

 

 

 

 

 

Сұраққа жауап береді, тапсырмалар жиынтығын тыңдайды.

4.Топ тапсырмаларын тарату

1.(1)және(2) формуланы мүшелеп қосу және азайту арқылы формула қорытып шығару 1-топқа

2.(3) және(4) формуланы пайдаланып,өздері формула қорытып шығару 2-топқа

20 мин Топтардың іс-әрекетін бақылау, оларға бағыт беру Тапсырманы тез, мұқият, ұйымшылдықпен орын-дау, жасалған жұмысты қорғау.
5.Сергіту сәті 2 мин Оқушылармен бірге орындау АКТ арқылы сергіту сәтін (логикалық тапсырма) орындау
6.Тапсырмалар топтамасын орындау

Оқулықпен жұмыс – А,В тобының есептері топ бойынша бөлініп беріледі

5 мин Оқушы жұмысын қадағалау Тапсырманы топпен орындау
7.Тапсырмалар топтамасы:

1.Сыни тұрғыдан ойлауға тапсырма

2.Дарынды оқушыны анықтау

5 мин Оқушы жұмысын қадағалау Тапсырма орындалғаннан кейін топ ішінде талдау

Шығармашылық жұмысты талқыға салу, өз ойын айту

8.Қорытынды:

Бағалау

3 мин Кері байланыс «Бағдаршам» өзін-өзі бағалау  Бүгінгі сабақ бойынша өздерін бағалау
9.Үй тапсырмасын беру 2 мин Үй тапсырмасы тақтада көрсетіледі,үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді, оқушыларды бағалау  Үй тапсырмасын жазады, бағаларын күнделіктеріне қойғызады.

 

 

  1. Оқушылар немен айналысты?

Оқушылар синус, косинус деп жазылған қағаздарды таңдау арқылы 2 топқа бөлінді және әркім өзі алған қағазы бойынша топқа бөлінулеріне сипаттама берді. Өткен тақырыппен және жаңа тақырыптың байланысын слайд көрсетілімінде анықтады. Тригонометриялық функциялар алгебра пәнінің үлкен және маңызды бір бөлігі екенін ұқты.Бағалау парағымен танысты. Үй тапсырмасын өзара бағалады. Өткен тақырып бойынша сәйкестік тест орындады.Жаңа тақырыпты меңгеруде топтық жұмыс жасады. Топтық жұмыс кезінде оқушылар жаңа тақырыпты постер жасау арқылы тақырыпты кең көлемде ашуға тырысты. Топтар тапсырмаларды талапқа сай орындауға бар күштерін салды. Бірінші топ тапсырмасы – (5) формуланы,екінші топ тапсырмасы – (6)-(7) формулаларды қорытып шығарды. Жаңа тақырыпты меңгеруді талдап қорғағаннан кейін, слайд көрсетілімі бойынша өз жұмыстарын толықтырды. Жаңа тақырыпқа байланысты үлестірме тапсырмалар топтамасын ( Пифагор теоремасының қолданылуы;) орындады. Оқулықтағы А деңгейлік тапсырмасының есептерін жұп және тақ ретімен бөліп, жеке орындады. Берілген есептердің шығарылу алгоритмі тақтаға жазылып, өз жұмыстарын тексерді. Өз қалауы бойынша есептерді таңдау арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындап, өз деңгейлерін анықтады. Бағалау критерилері бойынша өз – өздерін бағалап, бағалауларын түсіндірді. Бағалау парағына әр топ  өз ұсыныстарын енгізді. Сабақтың жүру барысы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, (Не білдім? Не білгім келеді? Нені өзгерткім келеді?) ой бөлісіп қорытындылады.

  1. Оқушылар нені үйренді?

Топпен жұмыс істеудің мәнін түсінді, постер арқылы өз ойларын жеткізе білуді үйренді. Демек, топқа бөлінуді және топпен жұмыс істеуді үйренді. Топ ережесін сақтауды үйренді. Жаңа тақырыптың негізін түсініп, ұғына білді. Өткен тақырып пен жаңа тақырыптың арасындағы байланысты ажыратты. Әр оқушы өз ойын еркін айтуды үйренді. Басқа оқушының пікірін тыңдауды үйренді. Топ мүшелерінің пікірін талқылай отырып, қорытынды ойға келе білді. Деңгейлік тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратуды үйренді. Бағалау критерилерімен өздерін және өзгені бағалауды үйренді. Бағалау критерилерінің маңыздылығын ажыратты. Бағалау парағына өзгерістер енгізуді үйренді. Оқушылар сыни көзқараста ойлана білуді үйреніп, басқаның ойына күмәнмен қарауды үйренді. Топтасып, жұптасып, жекелей жұмыс жасаудың маңыздылығын, сабақты қорытындылауға үйренді. Әр ойдың құндылығын білді.

  1. Ол қаншалықты маңызды және қажетті?

Сабақ барысында қолданылған барлық әдіс – тәсілдер маңызды. Топқа бөлуде өзара қарым – қатынасқа түсіп, әр топ мүшесінің ойын талқылау арқылы жұмыс жасауды үйренеді және топтағы әрбір оқушының айтқан пікірлерінің құндылығын жете түсінді. Жаңа тақырыптың негізін іріктеп, өз ойын түйіндей алады.  Деңгейлік, жұптық және жекелей жұмыста тапсырмалардың күрделілігін ажырата біледі. Бағалау критерилерін қолдану арқылы, топ, жұп бойынша және өзін бағалауды үйренеді. Сабақ барысында өткен жаңа тақырыптарда алған білімдерін жүйелей алады.  Не білетіндіктерін және не білгілері келетінін ажырата алуды үйренді.

  1. Ересектер не істеді?

Оқушыларды топтастыра отырып, өз беттерінше білім алуын ұйымдастырдым. Сабақтың өту барысындағы әрбір тапсырманың бағаланатындығын бағалау парағы арқылы бағаланатындығын түсіндірдім. Өткен тақырыпты қайталауда сәйкестік тест және қарапайым есептер (есептелуі оңай есептер) арқылы ексердім. Жаңа тақырыпты оқушыларға өздіктерінен меңгеруге екі топ бойынша бөліп бердім. Оқушылар тақырыпты қалай меңгеріп жатқандығына бақылау жасадым.  Жаңа тақырып толық түсінікті болу үшін, слайд көрсетілімі бойынша топтар қорғағаннан кейін толықтырдым. Топтарға арналған тапсырмаларды оқушылар жетік меңгеруі және қызығушылықтарын арттыру үшін бірінші кезектегі тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып, тапсырмалар топтамасын жасадым. Оқулықпен жұмыс кезінде оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында А деңгейлік тапсырмасын жұп және тақ сандары бойынша бөліп, тақтада орындаттым. Алған білімдерін қандай дәрежеде екендігін ажырату үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар өз қалаулары бойынша үлестіріп, орындаттым. Не білдім? Не білгім келеді? Нені өзгерткім келеді? сұрақтары арқылы келесі сабақты қалай жоспарлауды анықтадым. Жалпы оқушылар жұмысына бағыт – бағдар көрсетіп отырдым.                          

  1. Не оқып үйрендіңіз?

Сабаққа дайындалу үшін яғни, жеті модульдің идеясын қалай кіріктіруге болады деген оймен тағы да мұғалімге арналған нұсқаулыққа бір шолу жасадым. Сабақ барысында өзім оқушылардың өз беттерінше білім алуын топпен ұйымдастыруды үйрендім. Бағалау кезеңінде бағалау критерилерінің маңыздылығын үйрендім. Оқулықтың жаңа әдіс – тәсілдерге сай келмейтіндіктен қосымша тапсырмалар топтамасын «Геометрия» – оқулық, «Математика және логика» әдістемелік жұрналы, «Қызықты математика» кітаптарынан жинақтадым. Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгеріп жатқандығын бақылап, үнемі бағыт беруді үйрендім. Оқушылардың пікірін бірінші орынға қоя білуді үйрендім.

  1. Енді не істеу керек?

Топтық жұмыста топ мүшелерінің ұйымшылдықтарын ұйымдастыру керек. Тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге түрленуін үнемі есте сақтап отыруым керек. Келесі сабаққа сыныптағы жұмыс шуылын бәсеңдетуге бағытталған тренингтерді қарастыруым керек. Топ ережесін оқушылардың естеріне салып отыруым керек. Өз беттерінше оқып үйренуде оқушыларға бағыт беру жұмыстарын дамыта түсуім керек. Бағалау парағындағы бағалау критерилерін оқушылардың құруларын үйретуім керек. Оқушыларға өз ойларын толық жеткізе білулерін үйретуім керек. Талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға жекелей, тереңдетілген тапсырмалар топтамасын жасауым керек. Үй тапсырмасына шығармашылық тапсырма енгізуім керек.

  1. Әріптесімнің пікірі.

«Үшбұлақ орта мектебі» кмм география пәнінің мұғалімі Тойшибекова Нұргүл. Мен бас кезінде Сыдыкова Айнурдың сабақтарына өтініші бойынша қатыстым. Соңынан бұл сабақтар мені қызықтырып, өзім сұрану арқылы қатыстым. Алған әсерім өте көп, атап айтатын болсам;

  • оқушылардың өздерін еркін ұстап, жақсы сезінуіне жағдай жасауы
  • сынып оқушыларын топпен жұмыс жасауға ұйымдастыруда оқушыларды топқа бөлгендегі әдіс – тәсілдер (түстер, фигуралар, сурет құрау)
  • жаңа тақырыпты меңгеруді топ бойынша оқушылардың өздеріне талқылауға, қорытуға яғни, өздігінен білім алуға жетелеуі
  • сабақ барысында оқушылардың топ жұмысына жауапкершілікпен қарауы
  • оқушыларды мұғалім тарапынан қолдауы
  • тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге түрленуі
  • оқушылардың оқулықтағы есептерді түрлендіруі
  • тек оқулықпен шектелмей, тапсырмалардың жан – жақтылығы: өмірмен байланыстырылуы
  • оқушылардың бірінші кезекте өздерінің, соңынан жұбының және тобының жұмысын бағалауы
  • бағалауда түрлі әдіс – тәсілдердің болуы
  • сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының арта түсуі
  • оқушылардың белсенділігі деңгейі төмен оқушының өзі тапсырманы орындауы

Қорытындылай келе бұл әдіс – тәсілдердің білім беруде тиімді екендігі айқын көрініп тұр. Сондықтан Айнур осылайша жұмыс істей отырып, жетістіктерге жетеді деп ойлаймын. Айнурға айтар ұсынысым, кафедра отырысында жаңа әдіс – тәсіл туралы ақпарат беріп, тәжірибемен алмасса.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *