Открытый урок на тему: «Сиқырлы дыбыстар»


Адамбекова Айгуль Нургалиевна
воспитатель Детский сад № 71 «Мөлдір» г. Астана

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің тақырыбы: «Сиқырлы дыбыстар»
Білім беру саласы: «Қатынас». «Таным». «Шығармашылық». «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу – қызметі:

Сөйлеуді дамыту. Сауат ашу және жазу. ҚМҰҚ. Мүсіндеу.
Мақсаты:

– Балалардың дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, сөзге дыбыстық талдау жасай білу, буын туралы түсініктерін кеңейту.

-Балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

– Балаларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, текшелер, тұзды қамыр, тақтайшалар, сүлгілер. Методикалық әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап,
қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу – қызметінің барысы: Балалар бүгін бізде ерекше                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                күн! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме?

– Здравствуйте!

– Hello!

Шаттық шеңбер

Армысың, асыл Күн!

Армысың, көк Аспан!

Армысың Жер – Ана!

Армысың кең Дала!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қос қолым!

– Балалар енді орнымызға отырайық.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз-ыз-ыз

Анар сүйкімді қыз

Та-та-та

Ата берші бата

Үз-үз-үз

Суда еркін жүз

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Балалар көктем айларын кім атап береді?
-Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр.
-Балалар қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Қазір көктем мезгілінің сәуір айы.
-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

– Балалар, мен жұмбақ жасырамын, ал, сендер шешуін табындар.

Апам менен атамнан
Домалап кеп қашамын
Өлең айтып тақпақтап
Ойдан, қырдан асамын
Кезіксеңдер балалар,
Тағы әнге басамын.
Бұл не?
– Балалар: Бауырсақ.
– Балалар бауырсақтың өлеңі қалай басталады?
– Балалар: бауырсақ Әжеден қашып, Атадан қашып….
Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (Музыка ойналады. Интерактивті тақтада сурет көрінеді) Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі орманға келеді. Орманда оған Қоян кездеседі.

(Слайдтан дауыс естіледі).
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жіберші.
Қоян: Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? (балалар жауабы). Қоян, бауырсақ келіңдер балалармен бірге тапсырманы орындайық (тәрбиеші тапсырманы оқиды).

Ойын: «Әріптерді суретке түсір»
Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау.
– Балалар сендер өздеріңді суретшіміз деп есептеңдер. Мен бір дыбысты көрсетем, ал,  сендер соны тез суретке түсіріп аласындар. Дауысты дыбыс болса қызыл текше, дауыссыз дыбыс болса көк текше.
Балалардың әрекеті: А, Ы, Қ, П, М, Ғ, Н, Т.

Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құрайды, буынға бөледі.

(Бауырсақ әрі қарай домалап кетеді, қарсы алдынан Қасқыр шығады.)

(Слайдтан дауыс естіледі).

Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қасқыр: Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеп қоямын.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Қасқырдың тапсырмасы мынадай.

Төлдердің суреттеріне назар аудару. Бұзау «М»-ны «Ө»-ге қосып не дейді.

Балалар: «Мө» дейді.

(Аудио таспадан естіледі).

Тәрбиеші: Құлын «Е»-ні «Е»-ге қосып не дейді.

Балалар: «Ее -е» дейді.

(Слайдтан дауыс естіледі).

Тәрбиеші:Қозы «М»-ны «Ә»-ге қосып не дейді.

Балалар: «Мә » дейді

(Слайдтан дауыс естіледі).

Сергіту сәті:
-Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап

Көжегі екен өзінің.

 

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Аю кездеседі.

(Слайдтан дауыс естіледі).

Аю: Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені Аю.
Аю: Жарайды, тек бір шартым бар.

Алма үлкен бе, әлде өрік үлкен бе? – Алма

5 тоқаш көп пе, әлде 10 тоқаш көп пе?

Келесі аюдың тапсырмасы қисынды ойлауға арналған жұмбақтар.

 

1. Үш алманы бақтағы

Кірпі алып  жинады

Ең әдемі   біреуін

Ақ  тиінге  сыйлады.

Ыдыстағы  алманың

Санап  көрші қалғанын

 

2. Бұл әріпте бұрыш жоқ,

Өзі дөп – дөңгелек,

Сондай өзі дөңгелек

Дөңгелейді дөңгелеп. (О)

 

3. Екі қоянда неше құлақ бар? (4)

 

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Түлкі кездеседі.

(Слайдтан дауыс естіледі).

Түлкі: Енді сен менен кете алмайсың, балалар да саған көмектеспейді. – дейді түлкі бауырсаққа.
Тәрбиеші: -Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Ия.

«Суреттер сөйлейді».

Балалар, түлкі берілген суреттерді сөйлетіндер деп отыр. Олай болса суреттерді сөйлетейік.

Қоян – Заяц – Rabbit

Қасқыр – Волк – Wolf

Аю – Медведь – Bear

Түлкі – Лиса – Fox

 

Келесі түлкінің тапсырмасы қоян, қасқыр, аю, түлкі сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

 

Балалардың әріптерге арнаған тақпақтары

Інжу:

Ата – ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.

Әділ:
Мақталарды мақтаймыз,
Мақтаны көп қаптаймыз.
Маса жайлы мақтаған
Мәлімет еш таппаймыз.

Тәрбиеші: – Балалар, қазір сендер тұзды қамырмен бауырсақты мүсіндейсіндер.

Балалардың әректтері

Таңғажайып сәт: – Дайын болған бауырсақты сиқырлы қоржынға салып, сиқырлап нағыз бауырсақты алып шығу.

Қорытынды.

–         Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма сендерге?

–         Не істедіңдер?

–         Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар екен?

–         Болса қандай?

Мадақтау.

Бүгінгі біздің оқу қызметі аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Балалар:

–         Сау болыңыздар!

–         До свидания!

–         Good bye!