«Мен таңдаған мамандық»


Ескабулова Сабира Максутовна
преподаватель ГККП Детская музыкальная школа №2

                                        «Мамандықтың жаманы жоқ,

бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,

бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес,

үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Ж.Аймауытов

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.

Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

Сондықтан икемі, қызығуы,  бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау,  мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.

“Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.  Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.

Мен, Ескабулова Сабира Мақсотқызы 1978 жылы, 18 мамырда  дүниеге келдім.  Ата –   анам дүниеге 5 ұл қыз әкеліп тәрбиелеп оларды білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие беріп бәрімізді де ұстазық ұлы жолға бағыт-бағдар беріп тәрбиеледі десем болады. Әкем өмірінің жарты бөлігін осы ұстаздық жолға арнап өз балаларының да болашақ ұрпаққа тәлім тәрбие беретін үлкен жол, ұстаздық жолға қарай бағыттап әрбіріміздің әр саланың маманы болып елімізге қажетті мамандар болсын деген ізгі ниетте болса керек.  Ата – анамның осындай аяулы махаббаты мен тәрбиесі арқасында өзіндік көзқарасы мен  айқын мақсаты бар тұлға болып қалыптасып, мектепте оқып жүрген кезімде – ақ  болашақта ұстаз  болатынымды білдім. Сол себептен мұғалімі боламын деп шештім.

Мектеп қабырғасында жүрген сәттерімде «Мен осы өскенде кім боламын?»,  « Маған қандай ма-мандық ұнайды»,  «Мені алдымда не күтіп тұр?»  деген сияқты сұрақтар   мазалайтын.

Сол аяулы арман мені Оралға алып келіп, мен сәтті оқуға  түсіп кеттім. Сүйікті мамандығымды игеру үшін бар күш – жігерімді жұмсадым. Еш уақытта аянбай, еңбектендім. Ал бүгін сол еңбегімнің жемісін көріп отыр-мын.  Одан асқан бақыт жоқ шығар деп ойлаймын.  Жұмысымдағы шәкірт-терімнің, үйдегі отбасымның махаббаты маған күш, ертеңгі күнге деген ерекше сенімділік береді.

«Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» – деп Ұлы Абай ақыны-мыз айтқандай, алдыңа келген шәкірттің ерекше қасиет-қабілетін аша білу аса шеберлік пен көрегендікті қажет ететіні  рас. Осыған біздің Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев биылғы 2018 жылдың 5-ші қазандағы кезекті жолдауында «Педагог мәртебесі туралы»  заңды әзірлеп қабылдауды ұсынғанының өзі болашақта ұстаз мәртебесінің өсуіне  ерекше көңіл бөлгені деп білеміз. Ол: «Болашақтың ертеңі-ұстаздың қолында» – дейді. Қазіргі таңда қойылатын талаптарға сай, замана-уи әдіс-тәсілдерді меңгерген, жан-жақты қабілеті бар ұстазды қоғам талап етеді.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан – деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай,

мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс  деп ойлаймын. Болашақта өзім сияқты болашақ ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар ұштастырып, егемен еліміздің айбынды ұрпақтарын білім нәрімен сусындатып жүрген өнер жолындағы әріптестеріме сәттілік серіктеріңіз болсын деп тілеймін. Өз мамандықтарын сүйіп, болашаққа нық сеніммен  қарайтын шәкірттеріңіз көп болсын!