Әдістемелік құрал  «Түзету сабақтарына арналған жаттығулар»


Мажитова Нұргүл Қуанайқызы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының

I санатты коррекциялық пәндер мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық               оқу-әдістемелік кабинеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түзету сабақтарына арналған жаттығулар»

(әдістемелік құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылады

 

Хаттама №1 07.02.2018ж.

 

 

Құрастырушы:

Н.К.Мажитова – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының коррекциялық пәндер мұғалімі.

 

Сараптама комиссия мүшесі:

Р.Е.Маселова – Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің меңгерушісі.

 

Рецензент:

Е.И. Тұяқов – БҚО білім басқармасының инклюзивті  және арнаулы білім беру қорғаншылық пен  қамқоршылық бөлімінің бас маманы

 

 

 

 

 

Ұсынылып отырған материалдарды жаңа сабақтарды бекіту, жаттықтыру, өткен сабақтарды еске түсіру, қайталау, пысықтау және қорытындылау мақсатында қолдануға болатын көмекші құрал.

 

Мазмұны

1.     Кіріспе бөлім

2.     Дамытуға арналған жаттығулар

3.     Кеңістікте бағдарлауға, қимыл-қозғалыс үйлесімділігіне арналған ойындар

4.     Саусақтардың ұсақ қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар

5.     «Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны

6.     Суретпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсініктеме

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау  және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеу ең жауапты іс. Сондықтан баланы мектепте оқуға қызықтыру мақсатында берілген дамыту ойындары мен сергіту жаттығулары оның ойлау белсенділігін арттырып, эмоциялық – таным қызығушылықтарын қалыптастырып, қоршаған өмірге деген құлшыныстарын тудырады деген  үміттеміз.

Кеңістікте бағдарлау, қимыл-қозғалыс үйлесімділігіне арналған ойындар топты іштей және сырттай дайындап, тапсырмаларды әрі қарай орындау үшін дайындық пен нұсқаулар беру мақсатында пайдалануға болады.

Дамыту ойындары (қиял, қабылдау) мазмұны бастауыш сыныптарда оқытудың диагностикалық түзету және дамыту бағытында толық жауап береді. Осыған байланысты дамыту ойындары – білім беру мекемесінің ойын мәдениетіне мазмұн беретін, балалардың танымдық және эмоциялық ерік аясын дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызмет. Бала дамыту ойындарынан бар мүмкіндігін іс-жүзіне асыруға ынталандыратын, оларды басқа ойындық, танымдық жағдаятқа ауыстыруға көмектесетін белсенді, ынталы тәртіп – тәжірибесін қабылдайды.

“Бала ойынмен өседі” деп халқымыз айтқандай, бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға түрлі ойындар өткізу арқылы олардың танымдық процестерін дамыту, оқу материалын жеңіл де берік меңгеруіне септігін тигізеді. Бұл кітап сіздердің қиын да қызықты еңбектеріңіздің жемісті жүргізілуіне, оқушылардың оқу мен мектепке деген қызығушылығын арттырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Оқушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге  ұсынылып отырған оқу құралы баланың психологиялық ерекшеліктерін дамытуға, қимыл-қозғалыс  үйлесімділігін қалыптастыруға арналған музыкалық-ырғақты ойындары мен сергіту жаттығуларынан тұрады.

Бастауыш сынып балаларының білім деңгейіне және балалардың жеке даму ерекшеліктеріне қарай, саралау және даралау әдістерімен жұмыс жүргізу үшін  пайдалануға болады.

Ұсынылып отырған материалдарды жаңа сабақтарды бекіту, жаттықтыру, өткен сабақтарды еске түсіру, қайталау, пысықтау және қорытындылау мақсатында қолдануға болатын көмекші құрал.

Орыс педагогы В.А. Сухомлинский «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады» – дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз баланың ақыл-ойы қалыпты дамымайды және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе сияқты, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».

Көмекші оқу құралында ұсынылып отырған дамыту ойындары мен шапшаң қимылды музыкалық ойындар балаларға құрдастарымен, ересек адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатуға, салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, ақыл-ой қабілеті мен дене мүмкіндігін дамытуға көмектеседі деген үміттеміз.

 

 

Дамытуға арналған жаттығулар

 

«Пантомима»

Мақсаты:  Қиялды және шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Нұсқау: «Балалар, сіздердің алдарынызға бір адам шығып сіздерге ым арқылы, қимыл арқылы және дыбыс арқылы заттарды (машинаны, шәйнекті, поезды, ұшақты т.б.) және қимылдарды (сурет салу, жуыну, тарану, жүзу т.б.) бейнелейді, ал сіздер соны табуларыңыз керек». Тапқан адам ойынды әрі қарай жүргізеді.

 

«Елестетіп көр»

Мақсаты: Вербальды қиялдауды дамыту.

Нұсқау: «Балалар, ойланып көріңіздерші, егер адамдар ұшып жүрсе, құстар адамша сөйлесе, адамдар сөйлеу қабілетін жоғалтса, басқа адамның ойын біліп отырса, не болар еді?» және т.б. сұрақтар қойып, баланың қиялының ұшқырлығын дамыту.

 

 

«Ең жақсы»

Мақсаты: Қиялдауды дамыту.

Өткізу әдісі: Бұл ойынды ойнау үшін қарындаш, бояу, қағаз қажет. Ойыншыларға дүниедегі ең жақсы нәрсені салу тапсырылады. Балалар салып болған соң, салынған суреттерді бірге қарап, кімнің суретінің жақсы екенін балалар бірігіп отырып шешу керек.

 

 

«Керісінше суреттеу»

Мақсаты: Вербальды қиялдауды дамыту

Өткізу әдісі: Балаларға тақырыптағы әңгімелер беріледі.  Мысалы: «Театр», «Дүкен», «Саяхат», «Орманға серуендеу» т.б. Балалар осы өздеріне берілген тақырыптарды аяғынан бастап керісінше айтуы керек. Яғни, кейін қарай айналдырылған кино сияқты.

«Картинала Мақсаты: Жоқ нәрсені қиялдай білуді дамыту

Өткізу әдісі: Ойыншылардың біреуі қолына таза қағаз ұстап тұрып сол қағазда сурет салынғандай етіп елестетеді де, сол суретті нақтылап суреттей бастайды, ал қалған ойыншылар оның суреттегенін көздеріне елестете бастайды. Біраздан соң қағаз келесі ойыншыға беріледі, ол да дәл осы «суретті» өз ойын қоса отырып әрі қарай суреттей береді. Мұнда қойылатын ең басты талап – қағаздағы көрініс емес, нақтылы бір сурет болу керек.

 

 

 

 

 

«Есептер»

Мақсаты:   Қиялды дамыту

Өткізу әдісі: Балаларға белгілі бір есептер беріледі.

1 есеп: Бір бөлмеге 10 орындық қою керек және олардың төрт қабырғадағы  саны бірдей болуы керек.

Жауабы: Екі отырғышты бұрышқа қоямыз, сонда  бұл екеуі 2 қабырғаға да катысты болады.

2 есеп: Әйнек банкада микроб бар. Ол әр минут сайын екіге бөлінеді. Жаңадан пайда болған микробта осындай уақыт аралығында тағы бөлінеді. Міне, осылай ќайталана береді. Бізге белгілі 5 сағаттан кейін банка микробқа толады. Ал алғашы бөлінгеннен кейінгі қанша уақытта микроб банкаға толады.

Жауабы: 4 сағат 59 минуттан кейін.

 

«Суретке не жетіспейді?»

 

Мақсаты: Қабылдаудың тұтастығын дамыту.

Нұсқау: «Берілген суреттерге мұқият қарап отырып, суреттердің әрқайсысына қандай детальдар жетіспейтіндігін табыңдар».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Не бейнеленгенін анықта?»

 

Мақсаты:  Қабылдаудың таңдамалылығын дамыту.

Нұсқау: «Балалар, мен сіздерге суреттердің қиындыларын беремін, ал сіздер осы қиындылардан қандай сурет шығатынын анықтауларыңыз керек.  Яғни, қиындылардан қандай бейне шығатынын айтыңыз».

 

«Жемістерді боя»

 

Мақсаты: Түстерді қабылдауды, ажырата білуді дамыту.

Өткізу әдісі: Балаларға жай қарындашпен салынған жемістердің суреттерімен бірге, түрлі-түсті бояулар беріледі. Содан соң балаларға әр жемісті өзіне тән түспен боя деген тапсырма берілуі керек. Мұнда тек жемістердің суретін ғана емес, жануарлардың, құстардың  және т.б. суреттін беруге болады.

 

 

«Дөңгелектер  арқылы  жазу»

Мақсаты: Балалардың естіп  қабылдауын дамыту.

Нұсқау: «Балалар, мен қазір сіздерге сөздер оқимын. Ал сіздер сол сөздерді әріптермен емес, дөңгелектер арқылы жазасыздар, яғни әрбір әріпті айтқан сайын бір-бірден дөңгелек салып отырасыздар. Мысалы: «суық» – 0000  т. Жазуға арналған сөздер: қол, шырын, көктем, үй, шық т.б.

 

 

 

«Фигураларды  ата»

 

Мақсаты: Геометриялық фигураларды қабылдауды дамыту.

Өткізу әдісі: Балаларға фигуралар бейнеленген суреттерді көрсетіп, оларды атап шығуды сұрайды. Содан соң өз дәптерлеріне дөңгелектің, шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың суретін салып шығу тапсырылады (геометриялық фигуралар салынған бастапқыда көрсетілген суретті жинап алу керек).

 

«Минут»

Мақсаты: Уақыт ұзақтығын қабылдауды дамыту.

Өткізу әдісі: «Сағатқа мұқият қарап отырып, секундтық тілінің айналғанына назар аударыңыздар. Тілінің бір айналып шыққаны 1 минут уақытты білдіреді. Содан соң көздерінізді жұмып шамамен 1 минут уақыт өтетіндей уақыт отырыңыздар. 1 минуттай уақыт өткен мезгілде көздеріңді ашыңыздар. Міне, осылайша осы жаттығуды бірнеше рет қайталап жасаңыздар».  Жаттығудың уақытын  30 секундтан 2 минутқа дейін созуға болады.

 

«Нүктелер»

 

Мақсаты: Кеңістікті қабылдауды дамыту.

Нұсқау: Сіздердің алдарыңызға нүктелердің шоғыры  берілген. Сіздерге берілетін тапсырма  –  үлкенді-кішілі шаршылар шығару үшін осы нүктелерді бір-бірімен байланыстыру керек. Кім осы нүктелердің ішіне көп шаршы салады, сол адам жеңімпаз болып табылады.

.    .    .     .     .      .      .

.    .    .     .     .      .      .

.    .     .     .     .      .     .

.    .     .     .     .      .     .

.    .     .     .     .     .      .

.    .     .     .     .     .      .

 

«Назар аудар»

 

Мақсаты: Оқушылардың дәлділігі мен нақтылығын дамыту.

Нұсқау: «Өздерің отырған бөлмені мұқият қараңыздар. Бөлменің ішінде шеңбер тәріздес дөңгелек заттарды табыңыз. Араларыңыздан кім осындай заттарды көп табады,  сол  адам жеңімпаз болып саналады».

 

 

«Заттарды суретте»

 

Мақсаты: Заттарды қабылдау және олардың өздеріне тән белгілерін ажыратуды дамыту.

Нұсқау: Балалар, алдымен алдарыңыздағы заттарға зейін салып қараңыздар. (ойыншық  қоян, машина, алма, т. б.) Бұл нелер ? Бұлар қандай? Осы затқа тән белгілерді көптеп айтуларыңыз керек. Балалар сіздердің ойларыңызша бұл қандай заттар?

–  жақсы, қажетті немесе керісінше  не үшін пайдаланылады? Сонымен қатар бұл заттардың түстеріне, формаларына, не істеуге арналғанына назар аударуды ұмытпаңыздар».

 

«Не өзгерді?»

 

Мақсаты:  Баланың ырықты зейінін дамыту.

Өткізу әдісі: Үстелге үш-төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады). Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

 

«Айырмашылығын тап»

 

Мақсаты: Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Нұсқау: «Әріптерді мұқият қарап, олардың бір-бірімен ұқсасатығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмысты жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар».

А И Н П

Г Т П Н

Р Ь Ф

К Н И

В Б Ф Р

О Ю С

Е Ш Щ

Х У К Ж

М Н П

 

 

«Алақан шапалақтау»

 

Мақсаты: Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау:  «Мен қазір сіздерге сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады».

 

«Рұқсат етілмейтін түстер»

 

Мақсаты:  Бала зейінінің шоғырлануын және бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау:  «Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар! Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына тез жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені есте сақтауымыз керек;

Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.

Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.

Сұрақтар: 1. Шөптің түсі қандай?

2. Аспанның түсі қандай?

3.Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?

4.Түймедақтың (ромашка) гүлінің түсі қандай?

5. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?

6. Құрбақаның түсі қандай?

7.Қардың түсі қандай болады?

8.Теңіздің түсі қандай?

9. Күннің түсі қандай болады?

Жауаптары:  1. жасыл; 2. көк; 3. шөптің түсі сияқты; 4. сүт түстес; 5. сары, қызыл, күрең қызыл; батпақ түстес;

7. жарқыраған; 8. қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей; 9. қызғылт сары, ашық түсті.

 

«Рұқсат етілмейтін қимыл»

 

Мақсаты:  Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту.

Нұсқау: «Балалар, қане бәріміз түзу тұрып маған назар  аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып, менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ, мына шартты ұмытпаңыздар: қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде, сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса, сол ойыннан шығады».

«Көзбен сана»

 

Мақсаты:  Белсенді зейінді, оның шоғырлануын қалыптастыру.

Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар. Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектерді көзбен санап шық.  Жанына жауабын жаз. Алдымен дөңгелектің санын, содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз». Бұл жаттығуды  тез есептеу арқылы бірнеше баланы жарыстыруға болады.

+  +  о  о  +  о  +  +  +  о  о  +  о  +

о  +  + о   о  о  +  о  +  о  о  +  +

+  о  +  о  +  +  о  +  о  о  +  о  о  + о

+  +  +  о  +  о  о  о  о  +  +  о  +

+  о  +  о  о  +  +  о  +  о  о  + о

+  о  о  +  +  о  о  +  о  о  +  +  +

о  о  о  +  о  +  о  +  +  о  о  о

+  о  +  +  о  +  +  о  +  о  о  +  +
«Іздеп тап»

 

Мақсаты:  Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру.

Нұсқау:  «Үш үлестірме қағазда суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап».

 

Кеңістікте бағдарлауға, қимыл- қозғалыс үйлесімділігіне арналған ойындар

 

Мақсаты: Кеңістікте бағдарлауға жаттықтыру, қимыл- қозғалыстарды бірізділікпен  үйлесімді орындауға үйрету.

 

«Құлақ-мұрын» ойыны

 

Балалар алақанын шапалақтап, оң қолымен сол құлағын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Содан кейін қайтадан шапалақтап, оң қолымен мұрнын, сол қолымен оң құлағын ұстайды, солай бірнеше рет қайталайды. Кім аз қателессе, сол жеңеді.

«Көбелектер, бақалар» ойыны

 

Балалар сап түзеп, бірінің артынан бірі келеді. «Көбелектер» белгісі бойынша тоқтап, қолдарын жанына көтереді. Бубеннің ойыны немесе тәрбиешінің санауы бойынша жүрістерін жалғастырады. «Бақалар» белгісінде тізелерін құшақтай жүрелеп отырады.

 

«Тоқта, хоп, бір» ойыны

 

Балалар сап түзеп, бірінің артынан бірі келеді.

«Тұр» – тұрады,

«Хоп» – секіреді;

«Бір» – басқа  жаққа бұрыла жүреді.

Берілген бұйрықтарды орындай, зал бойымен қатар түзеп жүреді.

 

«Үйректер» ойыны

 

Үйректер шықты шалғынға – (қолын белге қою),

Кря – кря – кря;

Көңілді қоңыз ұшты – (қолын сермейді),

Ж – ж – ж;

Қаздар мойынын созады – (денені алға еңкейту),

Га – га – га;

Бұтақтар желге шайқалды – (қолды жоғары көтеріп,  шайқалту),

У – у – у;

Судағы қамыс шулады – (қол төмен),

Ш-ш-ш;

Тағы да тыныштық онады – (жүрелеп отыру),

Тсс                                    Санамақ

 

Бір, екі – аралдар                   Екі шапалақ, бір қолмен

жарты шеңбер, екінші

қолмен тағы да бір

жарты шеңбер жасап,

екі аралды бейнелейді.

 

Үш, төрт – біз келдік                Екі шапалақ. Екі қолмен

өзінен толқын тәріздес

қимыл жасау.

 

Бес, алты – осы жерден түсеміз    Екі шапалақ. Екі

қолының алақанын төмен

қарата, кезек қимыл жасау.

 

Жеті, сегіз – қанша шырша!        Екі шапалақ. «қанша»

сөзінде оң қол жоғары

көтеріледі, «шырша» сөзінде

сол қол да жоғары көтеріледі.

 

Тоғыз, он – біз тағы да жолдамыз.      Екі шапалақ. Екі қолдың

орта және сұқ

саусақтарымен алға

қарай, «қадамды»

бейнелей, қимылды орындау.

 

Он – ға де – йін 1, 2, 3, 4.               Әрбір буынға бір-бірден 4

қимыл орындау.

Оң қолының сырт жағымен

иегін көтеру.

Оң қолының алақанын оң

жақ бетіне тигізу.

 

Са-на! 1, 2.                                     Екі буынға екі қимыл  жасап,

үшіншісімен жаттығуды

аяқтайды. Оң қол алға қарай

созылады.Сол қол артқа

қарай созылады.

Екі қолдың алақанымен шапалақтау.

 

 

 

 

«Айдаһар өз құйрығын тістейді» ойыны

 

Балалар бір-бірінің белінен ұстап, сап құрып тұрады. Бірініші бала «айдаһардың» басы, соңғы бала «айдаһардың» құйрығының ұшы болады. Шығыс музыкасы ойналады. Бірінші бала соңғы баланы ұстап алуға («айдаһар өз құйрығын ұстайды») тырысады. Басқа балалар бір-бірімен ажырап кетпестей, мықтап ұстанады.

«Ұршық» ойыны

Балалар екі топқа бөлініп, бір-бірінің артынан тұрады. Біреу: «Бастадық», – деп белгі берген кезде, бірінші бала тез, ұршық сияқты, айналу керек. Содан кейін оның көршісі белінен мықтап ұстап, енді екеуі бірге айналады, содан соң оларға басқа балалар да қосылады. Қай топтың балалары тез айналса, сол топ жеңеді.

 

«Өз орныңды есіңе сақта» ойыны

 

Балалар шеңберде немесе залдың бұрыштарында тұрады, олар өз орындарын есте сақтау керек. Көңілді музыка басталғанда, балалар жан-жаққа шашырап кетеді, ал музыка тоқтағанда балалар өз орындарына оралуы керек.

 

«Заттарды ауыстыр» ойыны

Алаңның бір шетінде қолдарында қол орамалдары бар 5-6 бала тұрады. Алаңның екінші шетінде тұрған орындықтарда бір жалаушадан жатады. «Жүгір» дабылы бойынша балалар қолындағы орамалдарын жалаушаға айырбастап, тез өз орындарына оралады.

 

Орамалмен ойын

Балалар екі қатар түзейді. Бастаушы баларға қарай бұрылып, қолындағы орамалын жоғары көтереді. Қатардағы соңғы тұрған екі бала екі жақтан жүгіріп келеді.

Ереже: кім бірінші жүгіріп келсе, сол бала орамалды алып, бастаушы болады. Бұрынғы бастаушы кешігіп қалған баламен бірге екі қатардың бірінші балалары болып қатарға тұрады.

 

 

Дене бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар

 

«Қаз балапандары» жаттығуы. Дене, аяқ, қол, мойын бұлшық еттерін алдымен ширықтырып, содан кейін босаңсытуға арналған жаттығулар.

Тізені сәл бүгіңдер,

Қолды артта ұстаңдар.

Алға мойын созыңдар,

Қазға және ұқсаңдар.

Сол қолдарыңды көтеріңдер,

Оң қолдарыңды көтеріңдер.

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды.

Сергіту жаттығулары

Саусақтардың ұсақ қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар

 

Қол басының және саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар. Өлеңдете отырып, саусақтарды кезекпен жұмып, әрбір саусақты өлең мағынасына қарай ашып, бір қолдың саусақтарымен екінші қолдың алақанын кезекпен қытықтау.

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Бидай  қуыр қуырмаш.

Тауықтарға тары шаш:

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан түйрек,

Кішкентай бөбек,

Шылдыр шүмек.

Бас бармақ-әкем,

Балан үйрек-шешем,

Ортан түйрек-ағам,

Шылдыр шүмек-әпкем,

Кішкентай бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз (бесеуміз).

 

Біз жазамыз, жазамыз,

Таусылғанша сиямыз.

Саусақтар да шаршады,

Сиямыз да қалмады.

Біз тынығып алайық,

Тағы жаза бастайық.

Ептеп-ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба,отыра ғой деміңді ал,

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

 

«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны

Мақсаты: Зейінді дамыту, көңіл-күйді көтеру.

Ойынның барысы:

Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.                                                                                   1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;                                                                                                            2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан балапанның бет-әлпеті;                                                                                              3. Жылап тұрған адамды көрсету;                                                                                                      4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсету.

«Үй құрылысының ретін көрсет» ойыны

 

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процестерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Ойынның мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

 

«Зейінді бол» ойыны

Ойынның мақсаты: күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Ойынның құрал-жабдықтары: геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.

Барысы: мұғалім көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.

 

 

«Кім зейінді?» ойыны

Ойынның мақсаты: белгілі геометриялық пішіндерден нәрселер құрастыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.

Барысы: мұғалім төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып, бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.

 

«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.

 

«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша шамдар.

Ойынның мазмұны: балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар мұғалімнің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша мұғалімнің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.

 

«Қолымда не бар?»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойынның мазмұны: оқушының қолына үлкен заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.

 

«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.

 

«Түрлі-түсті жолақтар»

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.

 

«Ұзын және қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.

«Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл – құштарлық, оны қанағаттандыру, қызықтыру. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі-ойын» А.С.Макаренко.

Осы ойындар мен тапсырмаларды сабақ барысында қолдану-оқушылардың  есте сақтауын, ой-өрісінің дамуын, түсінігінің, сөйлеу тілі дамуының, зейінділігін қалыптастыруды көздейді .

 

 

«Оң және сол»

Сол қолыңмен үлкен шарларды, оң қолыңмен кіші шарларды жабайық.

Қай қолыңмен үлкен шарларды жаптың, қай қолыңмен кіші шарларды жаптың .

Үлкен шарларды бастырып, бояйық.

Кіші шарларды бастырып, бояйық.

Шарларға  жіптерін сал.

Барлығы қанша шар бар?

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс

 

 

Оң қолыңды,оң аяғыңды,сол көзіңді,оң құлағыңды,сол бетіңді көрсет.

Мына қолыңды ата? Мына аяғыңды?

Сол қолыңды шаршының үстіне қой.

Оң қолыңды үшбұрыштың үстіне қой.

Қалған фигураны ата.

 

 

 

Оң қолыңмен сол қолыңды көрсет. Суреттен оң жаққа кетіп бара жатқан машинаны қызыл түспен қорша. Сол жаққа кетіп бара жатқан көлікті көк түспен қорша. Ұқсас екі бірдей көлікті тауып, сызықша арқылы қос.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұзын және қысқа»

 

Ұзын лентаны және қысқа лентаны көрсетейік.

Ұзын лентаны – көк түспен, қысқа лентаны – сары түспен бояйық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзын заттарды көрсетейік және атайық.

Қысқа заттарды көрсетейік және атайық.

Ұзын заттарды жасыл түспен қорша, қысқа заттарды қоңыр түспен қорша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Биік және аласа»

 

Үйлердің айырмашылығын ата?

Бірдей үйлерді көрсетейік.

Бірдей үйлерді сызықтар арқылы байланыстыр.

Қай үйлерді байланыстырдың?

Үйлердің төбесі қандай пішінмен бейнеленген?

 

 

 

Қай шырша биік?

Келесі шырша қандай?

Қасқырдан қоянды биік шыршаның артына жасыр, ал кірпіні аласа шыршаның артына жасыр (балалар тапсырманы қарындашпен орындайды).

 

 

 

 

 

«Жуан және жіңішке»

 

Бейнеленген суреттерді ата.

Жуан суреттерді көрсет.

Жуан суреттерді қызыл түспен қорша.

Жіңішке суреттерді көрсет.

Жіңішке суреттерді жасыл түспен қорша.

Қандай заттар қызыл түспен қоршалған?

Қандай заттар жасыл түспен қоршалған?

 

 

Суретті қарайық. Қонжық пен қоянның жолын қарайық.

 

 

 

 

«Үлкен және кіші»

 

Берілген  суреттерді  ата.

Әрбір заттың жұбын тауып, сызықтар арқылы қос.

Үлкен – кіші мағынасын ашайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алдында-артында, жанында»

 

 

Суретке қарайық. Үйдің алдында, артында, жанында не бейнеленген?

 

Ойын: «Жұлдызқұрт»

Мақсаты: балаларды тез қимылдауға, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту.

Өту барысы: Балалар, бір-бірлерінің белдерінен ұстап, жұлдызқұрт сияқты ирелеңдеп жүріп жерде шашылып жатқан алмаларды жинайды.

ІҮ. Қорытынды бөлім:

(Достық шеңберге тұрайық)

– Сабақ ұнады ма?

– Балалар, бүгін біз сабақта не жасадық?

– Жұлдызқұрттарыңыз өздеріңе ұнады ма?

 

Мимикалық жаттығулар

·     Ерте күзді бейнелеу. Ерте күз өте көңілді, мырза, мейірімді және әдемі.

Қоңыр күзді бейнелеу. Қоңыр күз көңілсіз, мұңды, жылауық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пиязды тазалау кезіндегі мимика

Пиязды тазалап жейміз. Пияз тазалағанда көз ашиды, өйткені ол ащы болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

·     Бақша қарауылы. Сендер бақша қарауылынан қорқып кеттіңдер. Қане, сол бейнені көрсетейік.

·        Оқушы келбетімен жақсы иісті бейнелеу: алманың иісі, раушан гүлінің иісі.

 

·        Тәтті алма. Эмоциясын көрсету: сен тәтті алма, тәтті жүзім, қышқыл лимон  жеп отырсын.

 

·        Кенет болған жағдайды көрсету: алма ішінен құрт шықты, құрт алманы жеп жатыр.

·        Алма бағында жүргенде алма сенің басыңа түсті.

 

·        Анаңның бейнесін көрсету (ашулы, қуанышты, мұңды бейне).

·        Мейірімді ананың, қатал атаның, ашулы әкенің және кінәлі баланың бейнесін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*«Баланың ата-анасы қонаққа кетті, ал баланы үйде жалғыз қалдырды». Баланың өкініш пен жалғыздық күйін көрсету.

 

*Тіл алмайтын және қырсық баланың, сараң қарындас, мейірімді әженің бейнелерін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілінің түрлі құбылыстарын өз көңіл-күйіңмен көрсет: алғашқы жауған қарға қуану, салқын желге тоңу, терезедегі аяз оюларына таңғалу, қыстың таза ауасымен дем алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көңіл-күйді көрсету: қуаныш, таңғалу, қызығу мен қамығу. Көрсету: сен сатып алған жаңа киімге қуанасың, өзгеше киім үлгісіне таңғаласың, анаңның жаңа костюміне сүйсіну, байқамай жыртылып қалған киімге қайғыру.

 

 

Түлкі тышқан аулап отыр. Екі көзін қайта-қайта қысу.

·        Әр аңға сәйкес мінезді мимикамен көрсету (қу түлкі, ашулы қасқыр, маймақ аю, қорқақ қоян, жиырылып қалған кірпі)

·        Көктем келгендегі адамдардың қуанышты кейпін көрсету. Бізге жылы және жанға жайлы, біз күн көзіне жылынып отырмыз.

 

·        Өзіңді мейірімді және ерке Көктемдей елестету. Сен теректерге жапырақ, жерге шөп пен гүлдер сыйлайсын. Соны өз бейнеңмен, іс-қимылмен көрсету.

·        Аю апанында. Күн жылынды, қар еріді, аюдың апанына түсті. Аю шошып кетті, таңғалды, ашуланды, сосын көктем келгенін түсініп, қуанып кетті.

·        Кесе сындырып алдың (өкінішті келбетті көрсету), жаңа әдемі ыдыс сатып алдың (қуанышты көрсету), жуылмаған көп ыдысты көрдіңіз (көңілсіздену).

·        Көңіл-күйді көрсету: таңғалу, қызығу, қорқу мен ауырсыну. Көрсету: гүлге қонған әдемі көбелекті көрдің, даладан бұрын соңды көрмеген қоңызды көрдің, сені маса шағып алды, бөлмеңе кірген арадан қорықтың

.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

1. В.А.Феоктистова. «Развитие навыков общения у слабовидящих детей».

2. Е.А. Алябьева. «Коррекционно-развивающие занятия для детей старшего и дошкольного возраста».

3. М.А. Михайлова.  Н.В. Воронина. «Танцы, игры, упражнения для красивого движения».

4. М.Ю. Гоголева.  «Логоритмика в детском саду».

5.Якина. «Методика музыкально- ритмических занятий».

6. А.А. Айдарбекова, Г.Ж. Есенжолова. «Түзету ритмикасы». Алматы, 2005.

7.С.А. Лёвина, С.И. Тукачева «Физкультминутки».

Волгоград, 2004.

8. Г.А. Колодницкий. «Музыкальные игры, ритмические упражнения и танцы для детей».

9. Г.Ж. Есенжолова. «Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық-танымдық қызметтерін қалыптастыру және дамыту». Алматы, 2008.

10.  Игротека для всех. Игры для детей с различными заболеваниями.    М. 1999. Детский орден милосердия.