«Тәуелсіздік төрінде»


Курумбаева  Аклай  Гомаровна
преподаватель отделения «Музыкальное образование» ГУ «Комплекс «Музыкальный колледж – музыкальная школа – интернат для одаренных детей»

        Даярлық тобының балаларына арналған мерекелік сценарии.

Қатысушылар:

Стюардесса – бала

Теңізші – – бала

Жолсерік – – бала

Музыка ойнап балалар залға кіреді. Жартылай шеңберге тұрады.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Мерекелерің құтты болсын! Балалар биыл біздің Қазақстанымыздың  Тәуелсіздік алғанына 27- жыл. Біздің Отанымыз Тәуелсіз болғанына мен өте қуаныштымын.  Біздің еліміздің өз Ұраны, Туы, Елтаңбасы бар.  Бәріміз тұрып, өзіміздің туымызды қарсы алайық.

.

«Әнұран»

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады)

 

1 бала:      Құт береке – шаңырақ

Орын алған  ол төрден.

Қанаты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

2 бала:      Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

 

(Балалар екі топқа бөлініп тұрып, ән айтады )

«Балапан» Әні

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады)

 

Жүргізуші:  Балалар, сендер біздің Отанымыздың қандай қалаларын білесіңдер?Қазақстанның  қандай қалалары бар?

Балалардың жауабы.

ЖүргізушіОндай болса, сол қалаларды  көруге саяхатқа шығайық, бірақ немен саяхатқа шығамыз?

Музыка ойнап, ортаға стюардесса шығады.

Стюардесса: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қазақстан әуе жолы сендерді мерекемен құттықтап, саяхатқа шақырады.

Жүргізуші: Рахмет. Балалар жүріңдер ұшаққа отырайық.

(Балалар ұшаққа отырып, музыка ойнап ұшқандай болады)

Стюардесса: Достар, біз  Қазақстанның бас қаласы астанаға келдік. Сол жақтта зәулім сарайлар, оң жақта Бәйтерек.

Жүргізуші: Иә, Астана керемет қала екен. Тәуелсіздік мерекесінде қалаға арнап өз сыйлығымызды сыйлайық.

 

(балалар шеңберге тұрып, би билейді)

« Тамаша   Биі»

(биден соң өз орындарына отырады)

Музыка ойнап, ортаға, теңізші шығады.

Теңізші: Салеметсіңдер ме, балалар, біздің кеме Ақтау қаласына жол жүреді.  Бізбен бірге саяхатқа аттанайық.

(Балалар кемеге мінгендей болып, қимыл жасайды)

Жүргізуші: Жол көңілді болғандай, біздің балалар өз өнерлерін көрсетеді. Тақпақтар айтып береді.

1 бала:       Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты.

 

2 бала:       Ана тілің  арың  бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

3 бала:       Сүйем сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп  өтемін.

Сенде ғана көтерілемін биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін.

Теңізші: Достар, біз Ақтау қаласына жеттік. Қараңдаршы, Қазақстанның жері мұнайға бай. Жер байлықтың көзі.

Жері байдың-елі бай.

Жүргізуші: Балалар, Ақтау қаласына өзіміздің сыйлығымызды тарту етейік.

(балалар шеңберге тұрып, ән айтады)

«Тұлпарым» Әні

(әннең соң өз орындарына отырады)

Музыка ойнап, жолсерік шығады.

Жолсерік: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Тәуелсіздік мерекесіне орай, Қазақстан теміржолы сендерді Алматы қаласына саяхатқа шақырады. Жүріңдер, жолдан қалмайық.

(Балалар поезға мінеді)

Жүргізуші: Жолымыз көңілді болу үшін, ойын ойнайық.

Ойын Бәйтерек

Жүргізуші: Балалар, Тіуелсіздігімізді мақтап , ән мен тақпақ  айтайық.

1 бала:       Өзіңдікі  елінде,

Өзіңдікі төрінде

Өзіңді өзін еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

 

2 бала:      Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті, бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір, бар халықпен жақталсын.

3 бала: Қараңдар, достар, Алматы қандай әсем қала. Мұз айдыны да бар екен.

Жүргізуші: Балалар, Алматыға да сыйымызды тарту етейік.

 

(балалар шеңберге тұрып, би билейді)

«Домбыра»   Биі

(биден соң өз орындарына отырады)

Жолсерік: Балалар, дайындалыңдар, поезіміз Павлодар қаласына жүргелі тұр. Аттаңайық, жолға дайындалайық.

(Музыка ойнап Павлодар қаласына келеді)

Жүргізуші: Қазақстанның барлық қалалары әдемі, әсем. Мен Отанымыздың көркейіп өскеніне қуаныштымын. Біздің балалар, жас ұрпақтарымыз елімнің Тәуелсіздік төрінде бақытты болып өседі.

1 бала:       Біздің Отан жан ашыр,

Бірлік достық панасы.

Бақытты болып достасып,

Барлық адам баласы.

 

2 бала:       Отанымның, елімнің, ананың,

Мақтанышы болайын.

Туған елдің көгінде,

Жұлдыз болып жайнаған.

 

3 бала:       Біз, балдырған, тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан,

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын, көк аспан.

(балалар шеңберге тұрып, ән айтады)

«Бақытты балалық Әні»

(әннең соң өз орындарына тұрады)

Жүргізуші: Тәуелсіздік тірегім,

Елім деп соққан жүрегім.

Ежелден ата-баба аңсаған,

Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын.

(Музыка ойнап, балалар залдан шығады)