ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған шығарма «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»


Сагадиева Айгүл Қайырлықызы

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті

Аубакирова Алия Райымхановна

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің

Педагогика,тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінің оқытушысы

      Сан  ғасыр бойы армандап келген тәуелсіздікке қан төгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізіп,елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық.Биыл тәуелсіздікке- 27 жыл. Осы  27 жыл ішінде нарықтың қиын өткелдерінен аман шығып,алдыңғы қатардағы мемлекетердің қатарына қосылдық.Еліміз үшін,жалпы қазақ халқы үшін тәуелсіздігіміздің маңызы өте зор.Осы тәуелсіздіктің арқасында өз тарихымызды,қазақ тарихын білдік. Тәуелсіздік алғалы тілімізді,дінімізді қайтадан дұрыстап түгендеп қалпына келтірдік.Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап жандандыра түстік.Тәуелсіздігіміз өз ерекшеліктерімен тарихымызда қалды.Еліміздің-Қазақ елінің өз рәміздері жаңарып қабылданды.

27 жыл тәуелсіздігімізде шет елдегі өз қандастарымыз,туған елі-Қазақстанға оралды.Оларға барлық жағдай жасалып,өз еліне қуанышпен оралып,әркім өз білім дәрежесіне,қызметіне қарай еліміздің әрі қарай өркендеуіне  лайықты үлестерін қосуда.Еліміздің әрі қарай  дамуы үшін әр түрлі  салада жаңарған заңдар қабылданды.Мысалы “Білім туралы заң”, ҚР Ғылымын дамытуға арналған, “Жасыл ел”, “Болашақ бағдарламасы”, Кәсіптік,техникалық білім беру және т.б. елімізді одан ары қарай дамытып көтеру үшін алынған бағдарламалар.

Еліміздің өркендеп дамуымен бірге,еңбегі еленіп,батырлығы бағаланған азаматтарға,өнер қайраткерлеріне Ауғанстандағы соғыста құрбан болған ағаларымызға сәулет өнерінің шеберлері мүсін қойып,құлыптас орнатып,үлкен қалаларымызды одан ары қарай көркейтуде.Шетел қонақтары таңырқап қарайтын еліміздің бас қаласы-Астана күннен күнге жаңарып,жасарып келеді,араға бір ай салып Aстанаға қайта оралсақ  адам сенгісіздей өзгерген,жаңаша бой көтерген қаланы көріп қайран қаласыз.Еліміздің басқа да ірі қалалары  ерекше көз тартып өсіп келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыздың халыққа деген,халықтың елбасыға деген сенімділігі үлкен,сондықтан да еліміз көк байрақтың астында егеменді ел болып,еңбек етіп,оқу оқып, бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төреғалық қызметіне 2010 жылы кірісті. Қазақстандық төреғалықтың ұраны – “Сенім”, “Дәстүр”, “Төзімділік”. Бұл деген еліміз Қазақстанға деген құрмет,сенімділік және алдыңғы қатарлы ел санатында екендігінің белгісі.Мен сіздің ұстанған саясатыңызға, елде орнатып отырған басқару тәсіліңізге тәнтімін.

Әлемге көз тіге отырып, өзімнің қазақ болып туғаныма, сіздей Елбасымның тұсында өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Мен және менің колледжім, менің туыстарым, достарым, жерлестерім – барлығы да сіздің кемел саясатыңызға бас иеді. Біз ғана емес, бүкіл қазақ халқы сізді бірауыздан қолдайтынына мен кәміл сенімдімін. Қаншама қиындықтарды бастан кешіріп, қиын да ауыр сынақтардан сынбай келген қазақ сияқты өр халықтың сенімін ақтап, ата-бабамыздың аманатына қиянат жасамай, ерліктерін жалғастырып, сағымызды сындырмай, өркениетті елдер қатарына ұмтылып келе жатқан әрекетіңізді ерлік деп санаймын. «Мәңгілік ел» идеяңыз 130-дан астам ұлттарды бір тудың астына біріктірер алып күш, татулық пен бірліктің, елдіктің тұрақты симоволы деп білемін. Өткенге көз жіберген сәтте бүгінгі аз уақыт ішінде жеткен жетістігімізге талайлардың бақыттан басы айналары сөзсіз. Қазақ деген халықты қазір әлем таниды. Біздің мәдениет саласында жүрген аға-апаларымыз, спортшыларымыз бүгінгі таңда әлемді бағындырып жүр. «Осы күнге дейін біз ондайды білмеген едік, теледидардан өзге ұлттардың жеңістерін көргенде қызығып қана қарайтын едік» – дейді менің ата-анам. Ал мен болсам, ертең өзім де елімнің туын аспандата алсам деп армандай аламын. Сол арманға жету үшін барымды салып келемін. Яғни сабағымды жақсы оқуға тырысамын. Күнделікті өмірімнің қалай өтіп жатқанына мән беріп, жоспарлаймын, мақсат қоямын. Менің ата-анамда ондай мүмкіндік болмаған екен. Бірақ олар қазір менің арманымның жүзеге асуына өз үлестерін қосып, үнемі ақыл-кеңестерін беріп, қазіргі қазақ елінің зор болашағын айтып, менің үмітімді жандырып отырады. Қазақ елі ешуақытта тіпті армандап көрмеген Астана сияқты арман қаланаың өзі неге тұрарлық. Әлемнің керемет үлкен қалаларына, зәулім ғимараттарына қарап ауыз ашып отыратын қазақ енді сіздің арқаңызда сол кереметтерді өз көзімен көруде. Қазір қара көз қандастарымыздың көбі өз демалыстарын түсіне де кірмейтін шетелдерде өткізеді. Шалғайдағы өз еліне жете алмаған қазақтар бүгінде өз еліне келіп, еліне адал қызмет етуде. Мен өзім тұратын кентте көптеген қандастарымыз көшіп келіп, өз жеке кәсіптерін ашып, кент тұрғындарының алғысына бөленуде. Сондай –ақ, болашақ ұрпақ үшін жасалған көптеген жобалар жастардың білімді де зиялы болып өсулеріне жағдай жасауда. «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелден оқып келген көптеген жастар біздің еліміздің дамыған елдер қатарынан жақын арада көрінуіне көп үлестерін тигізіп жатқанын да естимін және қуанамын. Біздің колледж  біздің жақсы білім алуымыз үшін барлық жағдай жасаған. Мұғалімдеріміз білікті. Көпшілігі Кембридж бағдарламасы бойынша білім алған. Сабақтарымыз қызықты өтеді. Осының барлығы сіздің арқаңызда екенін білеміз және сізге өте ризамыз. Мен сізге барлық білім алушылар, ұстаздарым,колледжім, қаламның атынан үлкен алғыс айтамын. Сізге денсаулық тілеймін. Әрқашан мерейіңіз үстем болып, басқа мемлекеттер алдындағы беделіңіз артып,  биіктен көрініңіз. Қазақстанымыз қарыштай берсін. Жастарымызға сіздің ақылыңызды, сара жолыңызды берсін деймін. Біз сізбен мақтанамыз және білім-өнеге аламыз! Еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл. Осы жылдар ішінде дүниеге келген ұрпақ саяси,экономикалық,әлеуметтік өзгеріс жағдайында тәрбиеленіп жаңаша өмір өкілдері болмақ. Тәуелсіздік алған жылдарда өмірдің барлық саласында айтарлықтай өзгерістер көп. Бұл өзгерістер қалаларда, ауылдарда еліміздің қай жерін айтсақта елеулі жаңалықтарымен қамтыды. Әсіресе ауылды жерлердегі жетпеушілік,аздаған болсада қаламен салыстырылған өзгешелігі,қаламен теңестірілді.Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесін лайықты табыстармен қарсы алуға үлкен дайындық жасалып жатыр.Жұмысшыларға жұмыс орындары бар,оқушылар жақсы мектептерде  білімін жалғастыруда. Тек қана елімізге деген,елбасыға деген сенімді арттырып,жоғалтпай жоғарғы тұрғыдан қорғау керек. Өйткені Тәуелсіздік алған күннен бастап елбасымыз алға қойған мақсатты,әр салада жүргізілетін шаралардың жоспарын айқындап дұрыс жолға қойып берді. Бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап,қалыптасқан ұжымдар таратылып еліміз қиын жағдайға ұшырап,халқымыз жұмыссыз қалған болатын. Енді міне сол тәуелсіздік  алған күннен бастап барлығы басқаша дұрыс жолға қойылып жақсарды,ерекше өзгерді.Енді елімізді сақтап биік тұғырдан көрсету кейінгі ұрпаққа,келешек жеткіншектерге – біздің міндетіміз.  Қазіргі біздің мақсатымыз тәрбиеленіп,саналы білім алып патриоттық сезімімен өмір сүру болып табылады. Сонда ғана біз  елбасымыз құрып берген жоспарды,алдымызға салып берген сара жолдан адаспай,қойылған талаптарды орындайтын жастар екенімізді білеміз. Осынша қысқа ғана уақыттың ішінде,биікке талпынған жаңа еліміз Қазақстанымыздың іргетасы мықты болсын деймін!

Республикам-Қазақстан,елім менің,

Самал жел боп өседі демің сенің.

Асқақтасын рухы қазағымның,

Мекені емессің сен көрінгеннің.

Республикам менікі,мәңгі мекен,

Бабаларым ерлігін әңгіме етем.

Батыр, шешен, би болған ол кісілер

Босағадан аттатпай жауды бөтен.

Егеменді елміз, біз еңселіміз,

Жасыл елдің жапырақ желкеніміз.

Қойнауында байлығы сарқылмайтын,

Елімізбен жарқырар ертеңіміз.

Желбірейді көгімде туым бүгін,

Республикам келеді күнде дамып.

“Ел межесі елулік” деп бастаған,  Елбасымның жолы құт, нұры жарық.