Күзгі баққа саяхат


Тажигулова Акмарал Каирбаевна
МҚКҚ №26 “Қарлығаш” бөбекжайы тәрбиешісі

Мақсаты.Балаларға жылдың күз мезгілі туралы түсінік беру.Күздің ерекшеліктерімен таныстыру Пән аралық өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау ,Дәстүрлі емес әдіс –тәсілдерді қолдана отырып,күзгі табиғат көрінісінтерін бейнелеу.

Қолданатын көрнекті құралдар : Күзгі пейзаж ,ағаштар, үлестірмелі материалдар,

Қажетті құралдар : гуашь,киста, түтікше, дәнді дақыл,жапырақтар тб

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

-Қайырлы таң балалар! Бүгін бізге қонақтар келіп отыр .Ендеше қонақтармен амандасып алайық.

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Амандасу баршаға

Әдепті деп санаймыз

-Қане балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. Нені сезіндік .?

-Жылылықты ,бауырмалдықты,миірімділікті

-Ендеше біз осылай тату-тәтті,әдепті,дос болып жүрейік.

-Енді балалар  мен сендерге олең жолдарын оқимын, ал сендер мұқият тыңдап,өлең не туралы айтылғанын айтасыздар.

Бұлттар төңіп жерге  төгіліп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайыпөңі тамып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай денең мұздап  тоңады

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

-Күз мезгілінде

-Дұрыс айтасыңдар ,жарайсыңдар . Ендеше балалар менімен бірге күзгі баққа саяхаттауға барғыларың келе ма ?

-Олай болса ,Мен сендерге жұмбақ жасырайын ,шешсеңдер мен сендерді саябаққа алып барамын.

1.Тырс –тырс  тамады.

Тереземді қағады?

(Жаңбыр)

2. Ағайынды бәрі

Жазда жасыл,күзде сары

(Жапырақ)

3.Қанаты жоқ ұшады.

Аяғы жоқ қашады,

( Жел)

-Жарайсыңдар балалар ,ендеше күзгі баққа қош келдіңіздер .Қолдарыңыздары сиқырлы түстер арқылы орындарымызды тауып аламыз. (Түрлі түсті ленталар арқылы өз орындарына отыру .)

Ғажайып сәт: Күз ханшайымының келуі:

-Сәлематсыздар ма балалар ! Бүгін сендерде ерекше күн екен ? Бүгінгі  саяхаттарыңызға  менде  қатысқым келеді, Олай болса мен сендерге  білімдеріңді тексеру үшін  тапсырмалар әкелдім.

-Қош келдіңіз.Күз ханшайымы .Олай болса балалар , Күз ханшайымының тапсырмаларын орындап,білімдерімізді дәлелдейік.

1-тапсырмасы : «Күз » туралы тақпақтар айту .

1-бала :Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

 

2-бала: Қарашы күз келді.күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын туйеді.

 

3-бала:  Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырап ,

Тапшы жерге секірді.

2-тапсырма «Математикика әлемі»

1,2,3 сандарынына  сәйкес ілгектерді  топтастыру және түстерін сәйкестендіру.

-Жарайсыңдар балалар  шаршаған боларсыздар ендеше бір серігіп алайық .Күз Ханшайымен бірге

Қимылды  ойын іс-әрекет :

-Жаңбыр жауды  (Балалар қолдарын кимылдату)

-Жаңбыр қатты жауды .(Қолдарын қаттырақ қимылдату)

-Жаңбыр тарсылдады.( Қатты еденді тарсылдату)

-Найзағай ойнады.(Жасырыну )

-Күн шықты (Қолдарымен ашылу )

-Күн жарқырады.( Қолдарын ашып,айналу)

 

3 тапсырма :«Біздің шебер қолдар әлемі»

1 топ .

Ағаштарды геркулес арқылы әшекейлеу( ПВА желімін қағаздағы ағаш  бұтағына жағу ,үстіне сары түске боялған геркулес дәндерін себу)

2 топ

Пекин жапырақтарынан сырға матыру әдісі арқылы қағазға  ағаштың суретін басу.

3 топ

Түтікше және  мақта таяқшалары арқылы күзгі ағаштар бейнелеу.(Кляксография әдісі)

4 топ

Күзгі орман пейзажы «Аққайындар»  лейкопластыр жапсырмасын ақ қағазға тігінен параллелді жапсыру,олардың аралықтарын губкамен бояу .

4-тапсырма . «Сиқырлы жапырақтар»

Қорытындылау

-Тәрбиеші балалардан оқу-қызметінен алған әсерлерін сұрайды.Орындалған тапсырмаларды тақтағы ілу .балаларды мадақтау .

–         Күз ханшайымы : Жарайсыңдар балалар сіздер өте ақылды ,білімді ,алғыр балалар екенсіңдер.Мен сендерге ризамын . Сіздерге көп –көп рахмет .Менің енді кетуім керек ,Мен басқа да  сіздер сияқты балалардың білімдерін тексеруім керек. Мына алмалар менің бағымнан әкелінген жемістер . Сау болыңыздар

–         Сауболыңыз Күз ханшайымы .