“Тәуелсіздік тұғырың”


Бекшина Умит Советовна
Қарағанды қаласы «Балапан» бөбекжайы КМҚК музыка жетекшісі

Мақсаты:

Білімділік:  Тәуелсіздіктің мағынасын түсіндіру, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.

Дaмытушылық:  Мерекеге арналған әндерді көтеріңкі көңіл-күймен орындау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:   Музыка арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

№ р/р
Іс-әрекет кезеңі
Ән жетекшінің әрекеті
Балалардың әрекеті
1
2
3
4
Мотивациялық-қозғаушылық.
«Елім менің» әнімен балалар Қыздар гүлдермен, ұлдар жалаушалармен  музыка залына кіреді.   Түрлі түсті жалаушалармен қимыл жасайды.

Музыкка жетекшісі балалармен әндетіп сәлемдеседі.Балалар бірінің артынан бірі кіріп, үш қатарға тұруға талпынады.

Балалар ырғақты қимылдайды.

Балалар әндетіп сәлемдеседі.2
Ұйымдастыру -іздестіру
Музыка жетекші:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Олай болса мерекемізді

Мемлекеттік Әнұраннан  бастайық. (әнұран орындалады)

Музыка жетекшісі:

Отан туралы қандай тақпақтар  білесіңдер?

1 бала: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

2бала: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан  қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
3 бала: Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.
Бақытты  етіп  өсірген,
Отанымның  гүлімін.
4 бала: Шырқап  көкке  аспан – ән,
Болашаққа  бас  қадам.
Қазақ  рухын  биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !

5бала: Қадамың бар баспаған,
Асуың  бар  аспаған.
Халқым  жетсін  мұратқа,
Ей, бас  қала- АСТАНА!

Музыка тыңдау: «Астана» әнін  тыңдауға ұсынады.

– Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
– Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
– Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Слайд арқылы суреттер көрсету. (сұрақ- жауап)

Ән орындау.  “16-шы желтоқсан” әнін орындау.

Би: «Домбыра» . Балалар қолдарына домбыра ұстап биді мәнерлеп билейді.

ә\о: «Киіз үй».

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер  керілер

Уықтары шаншылып,

Өрімдей боп иірілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып өрілер.Балалар  сұрақтарға жауап береді.

Әнұран айталатын кезде балалар тік тұрып орындайды.

Балалар тақпақтарын жатқа айтады.

Бaлaлaр  слайдты көріп,  Туған жер, ел туралы пікірлерін жеткізеді.

Балалар әнді  мәнерлеп орындайды.

Балалар биді белсене, қуана билейді.

Балалар өленді айтып, сәйкес қимылдар жасайды.  Киіз үй құрып тұра қалады.

Ән  «Жас дауірдің түлегіміз»    орындау.

3
Рефлексивті-түзетушілік
Балалар, бүгінгі оқу -қызметі қандай мерекеге байланысты өткізілді? (балалардың жауаптары)

Тәуелсіз мемлекетте тұратын біз де бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып, Қазақстанымыз көркейіп, жайнай берсін.

Сау болыңдар балалар.

Қойылған сұрақтарға жауап береді. Көтеріңкі көңіл күймен қоштасып, шығып кетеді.