Разработка внеклассного мероприятия по казахскому языку  “Бәйге” 


Шакенова Гульсум Балгабаевна,

учитель казахского языка и литературы 

КГУ “Средняя общеобразовательная школа №13

отдела образования акимата г. Экибастуза”

Ойынның мақсаты:

Бұл ойын арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ тілі сабағында алған білімдерін қайталай келіп, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру.

Барысы:
-Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін бізде мектепте «Бәйге» ойыны өтеді. «Бәйге» деген не? (Скачки-Ат жарыс).

-Ал бүгінгі «Бәйге» ойынында сендер, балалар, өздеріңнің қаншалықты қазақ тілін меңгергендеріңді көрсетесіңдер.
Ойынның шарты:
Ойын «Құлагер» және «Тұлпар» топтары арасыңда өтеді.

Бұл сайыс бәйге алаңында өтеді. Алаңда екі жол бар. Бірінші жол «Құлагердікі», екіншісі- «Тұлпардікі». Әр сайыста жеңіске жеткен топтың сәйгүлігі мәреге біршама жақындай түседі. Егер, балалар, байқасаңдар-алаң түрлі түсті жолақтарға боялған. 8 сайыс түрі- 8 жолақ. Мысалы, «Құлагер» тобы 1- тапсырманы дүрыс орындаса, ол топтың сәйгүлігін 1-қызыл жолаққа жылжытамыз. Ал егер «Түлпар» тобы жауап бере алмаса, ол топтың сәйгүлігі орнында қала береді. Сонымен қай топтың сәйгүлігі бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңіске жетеді. Ойынымызды бастамақ бұрын, әділ-қазылар алқасын таныстыра кетейін.
-Алдымен топтардың сәлемдесуін тыңдайық.
«Құлагер» тобы: 

Гүлденіп жалын атқан бүгін таңда,
Достықтың туын тігіп біз ортаға
Жігерленіп сайысқа біз де жеттік Құлагерден Тұлпарға сәлем бердік.
«Тұлпар» тобы:
Достармыз бірге жүрген біз талайдан,
Бәйгеде кездестік біз орайдан. Сәлеміңді, Құлагер, қабыл алдық
Біз де жауап береміз Тұлпардан.

-Өте жақсы, балалар. Жарайсыңдар. Орындарыңа отырыңдар. Ойынымызды бастайық! Ортага бір ойыншыны асық иіруге шақырамыз. (Кестеде берілген тапсырмаларды әр топтан 1 оқушы шығып, асық иіру арқылы қандай тапсырма орындайтындарын таңдап алады)

Ойынның  бағыттыры:
1 . Мақал- мәтелдер  З. «Менің әуес  ісім» 3) Спорт 4) Табақшадағы әріптер.
5) Бүлінген факс 
6) Грамматика әлемінде

  1. Мақал- мәтелдер
    10 балл – Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

20 балл – Өнер, білім туралы қандай мақал-мәтелдер  білесіңдер?

30 балл – Мақал- мәтелдің орыс тіліндегі баламасын табыңдар

«Күшіңе сенбе, ісіңе сен» – «Не на силу надейся, а на мастерство»

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» – «Джигиту знать семь ремесел мало, знать семьдесят ремесел – немного»

«Өнерпаздың он қолы бар» – «У умельца 10 рук»

«Күш жақсы, күштен іс жақсы»  – «Хорошо иметь сильные руки, а еще лучше иметь умелые руки»

40 балл – Мақалды аяқтаңдар   « Тазалық- … (саулық негізі), Саулық -…  (байлық негізі)»

«Денсаулық  – … (зор байлық), «Жарлының байлығы- … (денінің саулығы)

 

2) «Менің әуес ісім»
10 балл – «Менің әуес ісім сурет салу » тақырыбына байланысты 6-сөз жазыңдар.

20 балл – Сөйлемдерді  қазақ тіліне аударыңдар: Мое хобби чтение книги. Я люблю читать художественную литературу.

30 балл – Сұрақтарға жауап беріңдер: Әшекей бұйымдарды жасайтын шеберді? (Зергер)

Киім тігетін шеберді қалай атайды? (Тігінші)

40 балл «Менің әуес  ісім»  тақырыбына мәтін құрастырыңдар.

Әр ойыншы екі сөйлемнен айтады.
3) Спорт.

10 балл – Қазақ халқының ертеден қалыптасқан спорт ойынының түрін атаңдар (қазақша күрес)

20 балл – Азиядада  қысқы спорттық ойындардың қанша түрі өтті?

30 балл – Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері …

(Азиада ойындары өткізілді)

40 балл .  Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина туралы не білесіңдер?
4) Табақшадағы әріптер.
Табақшада әріптер жазылған.

10 балл – «Қазақстан» тақырыбына 3 сөз құрастырыңдар.

20 балл – Мақал – мәтелді құрастырдыңдар (Жаны саудың тәні сау)

30 балл – «Спорт» тақырыбына сөйлем құрастырыңдар  (Жеңіл атлетика денсаулық үшін өте пайдалы)

40 балл – Қазақтың әнші композиторларының аттарын атаңдар (Құрманғазы, Дина, Ақан сері, Төлебаев, Жұбанов)

 

5) Бүлінген факс. -Біздің мектепке факс келіпті. Бірақ факс бүлінген екен.

10 балл – діңбіз ныотамыз зақстанқа (Біздің Отанымыз – Қазақстан)
20 балл – зіб лодарпав  дасынлыоб мызратұ  (Біз Павлодар облысында тұрамыз)

30 балл – тыңртспо  лықбар летүррі қасаулықден дапайлы (Спорттың барлық түрлері денсаулыққа пайдалы)

40 балл –  ніде уас амад ғатбитатың ңе қбатым міжесі (Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі)

6) Грамматика әлемінде

10 балл – Реттік сан есімнің жұрнағын табыңдар.

А) –ау, -еу

В) –ыс,-іс

С) –ншы, -нші

Д) –дай, -дей

Е) –нан, нен

20 балл – Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар

Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.

30 балл – Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.

Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.

40 балл – Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді

 

Ойынды қорытындылаймыз.
-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
«Тұлпар» тобына сөз берейік.
-Маған бүгінгі ойын өте ұнады. Мен қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Менің мақсатым-мектеп қабырғасынан шыққанда қазақ тілінде еркін сөйлеу.
«Құлагер» тобы:
-Маған да бұл ойын өте үнады. Мен Қазақстан азаматымын. Сондықтан қазақ тілін игеру-менің ізгілікті борышым деп санаймын.

Мектепішілік «Абай оқуларына» қатысушы тізімі

Оқушының аты жөні Сыныбы Өлеңнің аты
1  

Темирбулатова Диана

 

1.      Отызыншы қара сөзі

2.      Желсіз түнде жарық ай

3.      Жазғытұры

4.      Он тоғызыншы қара сөзі

5.      Он бесінші қара сөзі

2 Умаханова Луиза 1.      Жасымда ғылым бар деп ескермедім

2.      Әсемпаз болма әрнеге …

3.      Қараңғы түнде тау қалғып

4.      Ғылым таппай мақтанба

3 Жалмухамбетова Камила 1.      Әсемпаз болма әрнеге …

2.      Жасымда ғылым бар деп ескермедім

3.      Көлеңке басын ұзартым

4 Абылкасов Богдан 1.      Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы …

2.      Ғылым таппай мақтанба

5 Фот Лилия 1.      Қыс

 

6 Смирнов Вадим 1.      Құлақтан кіріп бойды алар

 

7 Лисов Артем 1.      Желсіз түнде жарық ай

 

ү Байдыр Ғабдұл-Ғазиз 1.      Ғылым таппай мақтанба

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *