7 сыныпқа қазақ тілінен (орыс мектеп) тақырыптық күнтізбелік жоспар ” Менің әуес ісім”, “Менің әуес ісім-кітап оқу”


Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 жалпы орта білім беретін мектеп” қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Шакенова Гульсум Балгабаевна 

7 сынып.   Қазақ тілі

Әлеуметтік- тұрмыстық  ая .   Менің әуес ісім    Мерзімі:  19.01.2015 ж     ТақырыпМенің әуес ісім.

Мақсаты: Білімділік:   Тақырып бойынша   мәлімет беру,білімдерін толықтыру. Термин сөздермен таныстыру.

 Дамытушылық:  Тақырып бойынша білік, білім дағдыларын дамыту. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

 Тәрбиелік:        Өз білімін бағалай білуге үйрету, өзара жолдастық, көмектестік қасиеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:  аралас

Сабақ кезеңдері Кезең міндеттері Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Жұмыс формасы                                                            Оқыту әдісі
1.      Мотивациялық кезең

 

Ұйымдастыру

 

Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым -қатынасты қалыптастыру,

жақсы баға алуға бағыттау

 

 

 

 

 

 

Тілдесім

Сәлемдесу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Әңгімелеседі, көңіл күлерін сұрайды, жақсы баға алуға бағыттайды.

 

Қазақ  тілінде неше жалғау бар?

Есім сөздерге не жатады?

Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

Етістіктің қандай райлары бар?

Балалар  бір біріне жақсы сөздер айтады Жалпы жұмыс

 

 

 

 

Сөз әдісі

 

 

 

 

 

«миға шабуыл»

2.      Операциялық кезең

 

 

– жаңа тақырыпқа шығу

 

 

– жаңа тақырыппен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– жаңа тақырыпты меңгеру

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту.

сабаққа мақсат қою дағдыларын қалыптастыру

 

Тақырып  б/ша сөздермен таныстыру.

Өз бетінше жаңа сабақты меңгеру

 

 

 

Жаңа тақырыпты бекіту, топпен жұмыста өзара жолдастық, көмектестік қасиеттеріне тәрбиелеу

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалым

 

 

 

 

Оқылым

 

Айтылым

 

 

 

 

Жазылым

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

Әуес  іс ( хобби) сөзіне  ассоциация келтіру

 

 

Топтарға тапсырма:

1 топ. Мәтінді тыңдаңыздар  және сұрақтарға жауап беріңіздер

 

2 топ. Мәтінді оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіздер.

3 топ. 4 тапсырма, 142-143 бет. Кестедегі термин сөздер мәліметтермен танысыңдар. Сыныптастарыңа түсіндіріңдер.

 

Өзіңінің сүйікті ісің туралы бес сөйлем жаз

 

1,2,3, нөмірлі қима қағаздары бар қобдишадан балалар

1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады

 

Ватманда орындайды

 

 

Мәтінді тыңдайды және сұрақтарға жауап беріңді

 

 

 

Мәтінді оқиды және сұрақтарға жауап береді

Кестедегі термин сөздер мәліметтермен танысады. Сыныптастарыңа түсіндіреді.

 

 

5 сөйлем жазады

 

жалпы жұмыс

 

жалпы жұмыс

 

 

топпен жұмыс

Ынталандыру әдісі

 

 

«Ассоциация»

 

 

Сұрақ -жауап әдісі

3.      Бақылау бағалау Өз білімін бағалай білуге үйрету Бағалау парағы б/ша өзін -өзі бағалау өзін -өзі бағалау
4.      Рефлексия Алған білімдерін қорытындылау, бағалау Симантикалық картаны толтыру Не білдім, не үйрендім сұрақтарына жауап беру

 

 

Менің досым Әселдің сүйікті ақыны – Абай Ќұнанбаев. Әсел Абайдың өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді. Әселге ақынның әсіресе «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңі ұнайды

 

Бұл мәтінде __________________ туралы айтылған.
А) Ыбырай Алтынсарин
Б) Абай Құнанбаев
В) Мұхтар Әуезов
2. Әселдің сүйікті ақыны кім?
А) А. С. Пушкин
Б) Ыбырай
В) Абай
3. Әселге Абай Құнанбаевтың қай өлеңі ұнайды?
А) « Әсемпаз болма әрнеге»
Б) «Жаз»
В) «Қыс»
4. Әсел кімнің өлеңдер жинағын ылғи өзімен алып жүреді?
А) Пушкиннің
Б) Ыбырайдың
В) Абайдың
5. Кім Абайдың өлеңдерін жатқа біледі?
А) Әсел
Б) Асан
В) Арман

 

 

 

 

 

Кәмшат әдетте достарымен киноға демалыс күндері барады. Ол киноға баруды өте жақсы көреді. Жексенбі күні Кәмшат Әсел құрбысын «Арман» кинотеатрына киноға шақырды.
Кәмшат кинотеатрға кешкі сағат алты жарымға «Көшпенділер» фильміне екі билетін сатып алды. Ол билетті ортаңғы қатардан алды. Әселге де, Кәмшатқа да фильм өте ұнады. Әсіресе фильмнің сюжеті, басты рөлде ойнаған әртістер ұнады.

1. Кәмшат әдетте киноға қашан барады?
А) ай сайын
Б) демалыс күндері
В) күнде
2. Ол киноға баруды жақсы көре ме?
А) жақсы көреді
Б) жақсы көрмейді
В) ұнатпайды
3. Кәмшат киноға кіммен барды?
А) досы Айдармен
Б) ағасымен
В) құрбысы Әселмен
4. Олар қай кинотеатрға барды?
А) Қазақстан
Б) Арман
В) Алатау
5. Кәмшат қай күні Әселмен киноға барды?
А) сәрсенбі
Б) бейсенбі
В) жексенбі
6. Олар қай фильмге билет сатып алды? А) «Қыз Жібек» Б)«Көшпенділер»
В) «Кек»

 

7 сынып.   Қазақ тілі

Әлеуметтік- тұрмыстық  ая .   Менің әуес ісім    Мерзімі:  20.01.2015 ж     ТақырыпМенің әуес ісім-кітап оқу

Мақсаты: Білімділік:   Тақырып бойынша   мәлімет беру,білімдерін толықтыру. Еріндік дауысты дыбыстар туралы мәлімет беру.

 Дамытушылық:  Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту.
 Тәрбиелік:        Оқуға  деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі:  аралас

Сабақ кезеңдері Кезең міндеттері Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Жұмыс формасы                                                            Оқыту әдісі
5.      Мотивациялық кезең

 

Ұйымдастыру

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау

Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым -қатынасты қалыптастыру,

жақсы баға алуға бағыттау

 

 

 

 

 

 

Тілдесім

Сәлемдесу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Әңгімелеседі, көңіл күлерін сұрайды, жақсы баға алуға бағыттайды.

 

Үйге қандай тапсырма берілді?

 

Өздік етіс дегеніміз не?

Өздік етіс жұрнақтарын ата

Термин сөздер дегеніміз не?

 

Балалар  бір біріне жақсы сөздер айтады

 

 

 

 

«Менің әуес ісім» тақырыбына әңгімелеу

Жалпы жұмыс

 

 

 

 

Сөз әдісі

 

 

 

 

 

 

6.      Операциялық кезең

 

 

– жаңа тақырыпқа шығу

 

 

– жаңа тақырыппен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– жаңа тақырыпты меңгеру

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту.

сабаққа мақсат қою дағдыларын қалыптастыру

 

Тақырып  б/ша сөздермен таныстыру.

Өз бетінше жаңа сабақты меңгеру

 

 

 

Жаңа тақырыпты бекіту, топпен жұмыста өзара жолдастық, көмектестік қасиеттеріне тәрбиелеу

 

 

 

 

 

Тыңдалым

 

 

 

 

Оқылым

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтылым

 

 

 

 

Жазылым

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

Мәтінді түсініп оқу

140 бет «Кітап білім бұлағы»

Топтарға тапсырма:

І топ: Оқырмандар тобы. Мәтінді мәнерлеп оқиды және аударады.
ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады. Ол сөздерді суреттер арқылы көрсетіп, олардан жаңа сөз тіркестерін құрайды.
ІІІ топ: Тілшілер тобы. Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды.
Өзінің сүйікті ісің туралы бес сөйлем жаз

 

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (2 деңгей)

Түрлі стикер қағаздарында топ аты жазылған , қобдишадан

біреуін алып, сол топқа отырады

 

мәтінді тыңдайды

 

 

 

Мәтінді оқиды  және аударады

 

 

 

Ватманға суреттерді жабыстырады және түрлі фломастермен жазады. .

 

 

\

Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды.
 

 

Дәптерлерінде орындайды

жалпы жұмыс

 

жалпы жұмыс

 

 

топпен жұмыс

Ынталандыру әдісі

 

 

 

 

сөз әдісі

7.      Бақылау бағалау Өз білімін, сыныптастатрын бағалай білуге үйрету Бағалау парағы б/ша бағалау өзін -өзі бағалау
8.      Рефлексия Алған білімдерін қорытындылау, бағалау Симантикалық картаны толтыру Не білдім, не үйрендім сұрақтарына жауап беру

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *