Баяндама “Тұлғаның шығармашылық күш-қуатын мектептен тыс тәрбие құралдары арқылы дамыту”


Бигабылова Меруерт Бейсенбекқызы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылы Абай атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Құрметті УІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушы әріптестер! Сіздерге және ұжымдарыңызға тек қана сәттіліктер мен жетістіктер тілеймін.

Бүгінгі сөзге тиек ететін мәселе «Тұлғаның шығармашылық күш-қуатын мектептен тыс тәрбие құралдары арқылы дамыту» тақырыбының аясында болып отыр.

Қай елде болсын, балаға білім мен тәрбие беру ісі жеткілікті орын алып, онымен шұғылданатын  қосымша білім беру орталықтарының мамандары  жалпы білім беру мектептерімен бірлесіп, балаларды жеке тұлға ретінде әлеуметтік талаптарға және қоғам өміріне еркін бейімделуіне, жан – жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында  жаңа ізденістерге итермелеп отырған, яғни біз бала тәрбиесімен айналысатын мамандар болғандықтан барлығымыз үнемі іздену үстінде болуымыз керек.

Ашығын айтсақ, жұмыр жерді мекендеген әрбір елдің, әрбір халықтың өмірінде болатын болашақ арман, жоспарларымен тікелей байланысты мәңгілік ұмытылмайтын оқиғалар жайлы тереңінен ойлануға мәжбүр ететін даталы күндер бар. Мысалы : ұстаздар күні , 8 наурыз , Наурыз мерекесі және аудан әкімінің шыршасы, міне, т.с.с. еліміз тойлайтын мерекелерді атап айтуға болады. Дәл осындай мерекелік күндерді атап өту мақсатында елімізде, облысымызда түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Осыдан барып ол іс-шараларды қалай өткізу керек, көрермендердің көңілінен қалай шығуға болады деген сұрақтар пайда болады. Ол сұрақтарға жауап беретін бір ғана өте жоғары деңгейде жазылған сценарий. Ал, сценарий дегеніміз не? Сценарий дегеніміз – әрбір кез келген іс-шараның жүргізілу жолдары және әдеби мазмұны. Сонда түрлі мерекелік кештердің, театрландырылған қойылымдардың т.с.с. іс-шаралардың негізі – сценарий болып табылады.

Демек, сахнаға лайықтанған  кеш, концерт, театрлық қойылым жалғыз ғана негізге, яғни сценарийге құрылады. Сценарий-шығармашылық туынды. Ол біздің іс әрекетіміздің дамуы.

Сценарийді жазудың арнайы заңдылықтары, қағидалары, реттілігі болады. Олар:

1. сценарийдің басталуы;

2. сценарийдің дамуы;

3. шарықтау шегі;

4. соңы.

Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық. Ол үшін бір мерекелік іс-шараны алып, осы реттілік бойынша қарастырып көрейік. Мысалы, біздің мектепте жыл сайын өткізіп жүрген дәстүрлі жас әншілердің «Құлан жұлдыздары» байқауы.

1. Сценарийдің басталуы.

Байқауды ұйымдастырушылардың  мүмкіншілігіне қарай іс-шараны мерекелік би, я болмаса әнмен ашуға болады. Сосын жүргізушілер көрермен қауыммен амандасады. Байқаудың мақсатымен, байқаудың ұйымдастырушылармен , қатысушылармен, сосын байқаудың талап-шарттарымен , ең соңында қазылар алқасымен таныстырады.

2. Сценарийдің дамуы, өрлеу шыңы.

Бұл кезеңге байқаудың бағдарлама бойынша жүргізілуі жатады. Яғни, байқаудың мақсатын көздей отырып, талап-шарттарын орындау арқылы байқау үміткерлернің дайындап келген әндерін орындауы.

3. Шарықтау шегі.

Бұл кезеңге  барлық үміткерлер әндерін орындап болғаннан кейін, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, оларды марапаттау.

4. Соңы.

Бұл кезеңде жүргізушілер байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғысын білдіріп, көрерменмен қоштасады. ( Уақыт болса аудан әкімінің шыршасы туралы айту, слайд көрсету )

Мінеки осы реттілікті сақтай отырып, сценарийдің мәтінін даярлауға кірісеміз. Алайда, бұл байқаудың өтілуі ғана, ал, байқауға дейін ұйымдастырушы көптеген істер атқарады. Оны да есепке алу қажет. Ал, ол істерге байқаудың ережесін жазу, оны бекіту, аудан мектептеріне тарату, үміткерлердің сұраныстарын қабылдау, қазылар алқасын шақыру деген сияқты кішігірім, бірақ көп уақыт алатын жұмыстар жатады. Іс шараны ұйымдастырғанда жоғарыда айтылғандарды ескерген жөн. Сондай-ақ көрерменді жалықтырмас үшін, қығушылығын одан әрі ояту үшін іс-шараны әртүрлі формада өткізген пайдалы, әрі тиімді. Мысалы, кеш, концерт, қойылым, ойын бағдарламасы, сайыс, байқау, т.с.с. бұл әрине сценарий жазушы педагогтың шеберлігінде.

Әрине іс-шараның жоғары деңгейде өтуі – тек сценарийінің дұрыс жазылуында ғана емес, сондай-ақ, іс-шара өтетеін орынның әдемі безендірілуінде, мұқият ұйымдастырылған дайындықта. Міне осыны да ескерген жөн. Ал, мерекеге дайындықтың табысты болуы бірден-бір тапсырмалардың өз уақытысында орындалуын әрдайым қадағалап, бақылаудың нәтижесі болып табылады.

Сценарий жазу оңай іс емес. Оны да жазудың арнайы әдістері, тәсілдері, заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды сақтау сценарийстің міндеті, парызы. Дәл осы міндеттер жөнінде өз ойымен сіздермен бөліссем деген мақсатта өз тәжірибемді ұсынып отырмын.

Әңгімемізді бірінші, сценарийстің принциптерінен бастайық, сол принциптерді мен қалай анықтадым? Мен осы орталықта қызмет етіп жүргеніме 13 жылдан астам уақыт болды және осы салада жүргеніме де сонша жыл болды. Сонда мен сценарий жазу үшін сценарийстің бірінші принциптері болу керек деген тұжырымға келдім. Неге екенін қазір көрсетемін. Ол принциптер мыналар:

1. іс-шараны ұйымдастырушы, яғни сценарийст сценарийдің анасы. Ана үйдің қамқоршысы болса, сценарий жазушы да іс-шараның негізі – сценарийдің анасы.

2. іс-шараның жүргізушілері – сценарийстің баласы. Демек сценарийст жүргізушілерді де өз баласындай сүйе отырып, тәрбиелеу керек.

3. хареограф, вокалист, суретші безендіруші, т.с.с. – ниеттес адамдар.

4. іс-шара өтетін орын, сахна сценарийстің өз үйі іспеттес. Өз үйіңді қалай ұстасаң сахнаны да солай таза ұста.

5. сценарий жазу, оны дайындау – сүйікті қызмет. Ұлы ғұлама Әль-Фараби: «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» деген екен. Тек сценарист ғана емес,әр маман иесі, өз мамандығын шын сүйе білсе болғаны … жұмыс алдыға қарай жүре береді.

6. көрермендер – сыйлас адамдар.

7. басқа да сценаристер егіздің сыңары. Біреудің қатесі – біреуге сабақ. Сондықтан да бір-бірімен араласып, тәжірибе алмасудың бірден-бір көзі өз егізіңнің сыңарын іздеп, онымен кездесіп тұру.

Мінеки, осы принциптерді ұстанған сценарист ешбір қиналмайды. Себебі, тәжірибе алмасу, сүйікті қызметіңмен шұғылдану, сахнаны өз үйіңдей, жүргізушілерді өз балаңдай, ал, әріптестеріңді ниеттес адамдар ретінде түсіну тек анасының қолынан келетіні анық.

Сонымен сценарий дегеннің не екенін анықтадық. Ал ендігі міндет сол сценарийді жазды қалай бастаймыз? Ол үшін:

1. іс-шараның идеясы мен тақырыбын табу.

2. іс-шара жайлы материалдар жинақтау.

3. сценарийдің жүрісін құру.

4. сценарийді жазып, аяқтау.

Бір ғана мәселе бар. Барлық сценарий жазушылар осы ретпен сценарий жаза бермейді. Өйткені, бұл үлгі сценарий жазуды жаңадан үйреніп жүргендерге аздық етеді. Бұл көбіне тәжірибелі сценарий жазушылардың жұмыс істеу бағыты. Сондықтан мен сценарий дайындаудың және сценарий бойынша әрі қарай қалай жұмыс істеудің әдістемелік жұмыстарына тоқталайын. Ол мынандай:

·        Оқу – іздену – тыңдау;

·        Түсіну – сценарий жазу;

·        Түсіндіру;

·        Талқылау – сценарийді бекіту;

·        Тапсырма;

·        Орындауын қадағалау;

·        Жариялау;

·        Қорытындылау;

·        Марапаттау және ескерту.

Егерде осыларды рет-ретімен орындасаңыз сіздің жұмысыңыз нәтиже берері сөзсіз. Құрметті әріптестер, мен ниеттес  адамдардың көмегімен сол іс-шараны өткізе аламын. Ал мектепте осындай көмек сценарий жазушыларға беріле ма? Әрине жоқ. Себебі, мектеп – білім ордасы. Мектепте тек көңілді кештерді, мерекелерді тойлап қана қоймайды, негізінен алғанда оқушылардың білім алуын көздейді. Сондықтанда мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын арнайы бөлім мектепте жоқ. Сол себептен мен қазір мектепте мәдени іс-шараларды өткізудің арнайы графиктік – кесте түріндегі жүйесімен таныстырамын.

Баршамызға белгілі мектепте болсын, мектептен тыс мекемеде болсын әр қызметкер жылдық жұмысын жоспарлайды. Мектепте осы салада жұмыс істейтін адам жыл бойы өткізетін іс-шараларды жұмыс кестесіне бекітеді. Әр іс-шараны өз уақытысында орындап отырады. Орындар алдында ол адам әрбір іс-шараға график кесте түрінде жоспар құруы қажет:

1. белгілі бір мәдени іс-шараға байланысты график кесте түрінде жоспар құрылады.

2. осы кесте бойынша жұмыстың жүру барысы бақыланады.

3. сценарийдіғң дәлдік заңдылықтары сақталады.

4. қайталаулар болмауы керек.

5. қорытынды шығару.

Жалпы, қазіргі таңда әңгімеміздің басында айтқандай дайын әдістемелік кітаптар аз. Болған күнде де орыс тілінде және ескі кітаптар. Әрине олар мына заманның талаптарын қанағаттандырмайды. Расында да, дүние бір қалыпты емес. Күннен-күнге жаңа ашылулар, жаңа өзгерістер еніп жатыр.

Қай ғылым саласы болсын жылдан-жылға қарыштап дамуда. Әрине оның бәрі жалпы адамзат баласынсыз мүмкін емес. Әрбір адам шамасы келгенше өз үлесін қосуы тиіс.

Бұрын түрлі көпшілік мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы маман кадрларды арнайы оқу орындарында даярлайтын. Ал, мұндай оқу орындарының жылдан-жылға жабылып, ескерусіз қалғанын көріп куә болып жүрміз. Сондай-ақ қазіргі таңда көпшілік шараларды ұйымдастырудың теориясы мен практимкасы бойынша оқу әдістемелік әдебиеттердің аздығы кедергі жасауда. Бірақ қол қусырып отыруға болмайды. Сол себептен сіз болып, біз болып алдағы уақыттарда сондай әдістемелік оқулықтарды дүниеге әкелуге атсалысайық. Ол үшін әрбір сценарий жазушы жаңаша авторлық ізденістермен жұмыс жасауына тура келеді. Кім біледі, бәлкім сценарийді дайындаудың бұданда тиімді, қызықты әдісі, жүйесі бар шығар? Әрине, ол келешектің еншісінде.

Сөзімді түйіндей келе өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қосымша білім беру саласында атқарылатын жұмыстар өте көп. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оны тиімді жағынан қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін талап етеді.Қиыны мен қызығы бірге жүретін ұлы да ұлағатты ұстаздық еңбектеріңізге табыс тілеймін. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет !

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. Сценариді дайындау жұмыстары. Іс-шара ұйымдастырушы педагогтарға арналған. Ә.Б. Рысбаева. 2007ж.

2. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. Б.И.Иманбекова. 2003ж.