Сабақ жоспары. Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.


Алдамұратқызы Раушан

№ 60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебі бастауыш пәні мұғалімі

Күні:12.11.2018ж

Сынып: 1
Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:0
Мұғалімнің аты-жөні:

Алдамұратқызы Р

Сабақтың тақырыбы
Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту.

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут
Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу.  Суреттер арқылы бөлу.

Е  тобы  К тобы  Ү тобы

Әр топ өз тобын қорғайды.

Үй тапсырмасын сұрау.

І топ  жаңылтпашты жатқа айту .

ІІ топ суретпен жұмыс.

ІІІ топ сөз құрау.
Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут

Топтық жұмыс:

І топ  Инелік сөзіне талдау жасау.

ІІ топ Сөздерді  оқиды.

Сөздерді оқу. Ши, ти, иек, тиек, ирек, иық, қиық, тиін, тиын, ие, шие.

ІІІ топ Керек өлеңін оқиды.

Жұптық жұмыс: Берілген суреттерден көн нүктенің орнына әріп жазады.  Сөздерді буынға бөліп талдайды.

г

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті

1 минут
Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс .

Оқушыларға берілген сөздерді оқыту.

 

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Оқушылар « Ашық  микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

 

Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.