Кіріктірілген  «Тәй-тәй» технологиясы  бойынша тіл дамытудан  оқу іс-әрекеті (ересек тобы)


Ақмола облысы,  Бұланды ауданы,  

«Балдырған» мектеп-балабақшасы,

Таймасова Айгүл Нөкеқызы, 2 санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: « Қатынас», «Шағармашылық»

Оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту» , «Сурет»

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру,сөздік қорларын,сөйлеу

мәдениетін,ойлау қабілеттерін  дамыту, еңбекті  бағалап,

адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру.

Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, ауызбір-

лікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді

үйренуге тәрбиелеу;

Түрі:  кіріктірілген,  «Тәй-тәй» технологиясы

Әдіс -тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,тақпақ,жұмбақ

Көрнекі құралдар: Ы.Алтынсариннің суреті, мазмұнды суреттер,

теледидар, диск (Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісі), ноутбук, жәндіктер мен жабайы құстардың суреттері

Билингвалды компонент:өрмекші-паук.құмырсқа-муравей,қарлығаш-

ласточка,ұйымшыл-дружный

Сөздік жұмысы: өрмек тоқып жүр, тұзақ,нанның ұнтағы, бір жан.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденістірушілік-ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті -корытындылау

Балалар,бүгін ерекше күн,

себебі бүгінгі  іс-әрекетіміз-

ге көптеген  қонақтар  келді.

Кане қонақтармен сәлемдесейік.

Тәрбиеші балалармен шаттық   шеңберін өткізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы ,балалар  орындары-мызға отырайық.

Кіріспе сұрақтар:

Балалар, «Табиғат » дегенді

қалай түсінесіңдер?

Табиғатты қорғап,қамқор-

лық жасау үшін  не істеуіміз

керек?

 

Ғажайып сәт:

(Кітапханашы кіреді)

-Амансыңдар ма,балалар!

Мен сендердің топтарың-дағы «Кітап бұрышын»

көруге  келдім .Сендердің білімді , өнерлі және жақсы балалар  екендіктерінді    естідім .Естігенім рас па?

 

Тәрбиеші:Олай  болса,балалар  қонағымызға  «Кітап бұры-

шын» корсетейік.

Кітапханашы:

Ой,балалар ,бәрекелді,кі-таптарың көп  екен   өте

тамаша !

 

Ал мынау ата кім ?

-Ыбырай  аталарыңның

қандай  ертегі ,әңгімілерін

білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

-Ыбырай  аталарыңның шығармаларын  көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге

Ыбырай аталарыңның  «Өр-

мекші,құмырсқа,қарлығаш»

кітап пен дискті сыйлағым келіп тұр.

 

Тәрбиеші кітапханашыға ризашылығын білдіреді . Біз балалармен міндетті  түрде  оқып   аламыз.

 

Кітапханашы балалрмен бірге дыбыстық жаттығуды орындауға ұсынады

– Қа,қа,қа-

-Д ы,ды,ды-

-Ші, ші,ші-

-Ғаш,ғаш,ғаш

 

 

Кітапханашы:Өте тамаша !  Сендер  білімді  балалар  екенсіңдер. Енді менің кетуіме уақыт келді,  басқа  да балабақшадағы балалар тосып  қалды .

-Сау болыңдар

 

Тәрбиеші балаларға жұмбақ шешуді ұсынады

«Ойлап тап»

 

 

 

1.Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды.

 

2.Ине бел, қылқа  мойын,

қара батыр, қара  тауды

арқалап  бара  жатыр.

 

3.Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады   үйін.

 

Балалар,  жұмбақ не туралы?

 

Дұрыс балалар , бізге  кітапханашы  апай    сыйлаған кітабы да осы жәндіктер мен құстар туралы.

Тәрбиеші балаларға  кітіапханашы сыйлаған аудио дискін көруге ұсынады («Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мультфильмі)

Тыныш, мұқият көрейік

Көріп болған соң, тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды

 

 

– Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді  кім  айтады?
-Атасы  баласына нені үлгі етіп тұр?

– Кім айтады, әңгімеде өрмекші, құмырсқа, қарлығаш не істеп жүр?

 

 

 

 

 
Дұрыс балалар ,ал, кім маған  осы  айтылған  жәндіктер туралы тақпақ айтып береді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті: «Үш қарлығаш»

(әуенмен  жүгізіледі)

 

 

 

Фишкалар арқылы балаларды  екі орталыққа  бөледі

 

1.Тіл дамыту орталығы:

Суреттермен жұмыс (жәндіктер мен жабайы құстардың суреттері)

-Иә,балалар,қараңдаршы

өрмекші,құмырсқа және қарлығаш   әрқайсысы  өз

ұяларын  өздері  салып, күн-

делікті тамақтарын өздері

тауып  жейді.Егер  бір күн

еңбектенбей қалса ,онда

аш қалады.
2.Өнер орталығы:

Балалар тәрбиеші дайындап берген  жәндіктерді киып алып, желілі суретке жапсырады

 

Орталықтар ауысады

Тәрбиеші дидактикалық ойындарды ұсынады

Қимылды ойын « Дұрыс ата, бұл не?»

(ойын  әуенмен  өткізіледі)

 

 

 

 

– Сендер жақсы бала болып, үйде  ата-аналарыңа көмектесесіңдер, кішкентайларға  қамқоршы бола  білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!

Балалар, сендер еңбек туралы қандай  мақал-мәтел білесіңдер?

 

 

 

 

Көрдіңдер ме, барлық нәрсе

еңбек арқылы келеді екен.

 

Тәрбиеші  еңбек туралы өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

Дән тасысаң іздеп,

Мұның аты еңбек

Өрмек тоқысаң зерлеп

Мұның аты еңбек

Ұя салсаң терлеп,

Мұның аты еңбек

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек!

 

Тәрбиеші белсене қатысқан балаларды мадақтайды

Балалар шаттық  шеңберге тұрады және  шаттық шеңбердің сөзін жатқа хормен айтады

 

Арайлап бүгін атты күн, Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын,шаттығын.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

Сәлеметсіздер ме,қонақтар,

Қош келдіңіздер біздерге!

 

-Табиғат –бізді  қоршаған орта

 

-аялап,күтіп-баптап,

еңбектенуіміз  керек

 

 

 

-сәлеметсіз бе апай.

 

 

 

 

 

-иә, апай

 

 

 

Балалар тәрбиешімен кітап  бұрышына  барады

 

 

 

Балалар кітіапханашының сұрағына толық жауап береді

 

Балалардың жауаптары

-Ыбырай атамыз.

 

-Балалар Ыбырай  Алтынсариннің ертегілерін, әңгімелерін атайды

– «Түлкі мен ешкі»

-«Бақша ағаштары»

-«Әке мен бала» әңгімелері т.б.

 

 

 

 

Баллар кітапханашыға рақмет айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

-Еңбек сүйгіш құмырсқа

-Жаздай астық тасиды.

-Бұрышта отыр  өрмекші

-Аспанда ұшты қарлығаш

 

 

 

 

 

 

Балалар кітапханашымен қоштасады

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, жауабын айтады

 

-өрмекші

 

 

-құмырсқа

 

 

 

-қарлығаш

 

 

-өрмекші,құмырсқа және  қарлығаш

 

 

 

 

 

Балаларға теледидирға назарларын аударады.

 

 

 

 

 

-Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.

– Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.

– Өрмекші – тұзақ құрып, маса  шыбын аулап жүр.

– Құмырсқа аузына тістеген бидайы бар, қуанып, балаларына  апарып беруге   асығып,

ініне бара жатыр.

– Ал, қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп тасып жүр.

 

Балалар тақпақ айтып береді

 

Өрмелеген  өрмекші,

Өнеріңді қөрсетші.

Қалай қайтып токыдың,

Мынау ғажап өрнекті.

 

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр  жұмысқа.

Оң жағына қарады,

Сол жағына  қарады.

Допты көріп  қуанып,

Тау екен  деп қалады.

 

Қарлығаштар самғасын,

Жұмыр жерді  шарласын.

Жылы  жақтан қайтқанда,

Қанаттары  талмасын!

Балалар қимыл  қозғалыспен орындайды

 

 

 

 

 

 

Суреттерге қарап  бірнеше әңгімелеп береді

 

Балалар өз ойларын айтады

 

 

 

 

 

 

Балалар жәндіктер мен құстардың бейнесін қиып  алып, жапсырады

 

 

 

Балалар шеңберде тұрып, жәндіктер мен құстрадың суреттерін бір-біріне беріп,  жауаптарын  қазақша,орысша, ағылшынша

айтады

 

 

 

 

 

 

– Еңбек түбі-береке.

-Еңбек етсең  ерінбей,

тояды  қарның  тіленбей.

-Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады.

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар таратылған рефлеския арқылы өздерін бағалайды

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: балалар Ы.Алтынсариннің әңгімесінің мазмұнын түсіну

Игеру керек: еңбек туралы түсініктерін

Үйрену керек: еңбеке туралы мақал айтуды, жұмбақ шешуді, жәндіктер мен құстардың суреттерін  топтастыруды

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *