Рухани жаңғыру – заман талабы


Куанышбаева Райка Бермухаметовна 

Рудный қаласы әкімдігінің “№7 мектеп-гимназиясы” КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” аясында  тәрбие берудегі бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты өмірдегі маңызды құндылықтар мен рухани қасиеттерді  құндылықтарды бойына дарыту.  Бүгінгі  таңда тәрбиеленушіге әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен  білімділігін, іскерлігін арттыру  тәрбиешілердің міндеті  болып табылады. Тәрбиеленушінің бойына асыл қасиеттер  ең алдымен, анасына, өз отбасына, үйіне,  туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алып, тұлға өскен сайын біртіндеп  ұлт, халық, әлеумет, мемлекет  деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Бала бойына рухани-азаматтық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен мектептен бастау алатыны айқын. Бала отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту – ата – ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай – ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына жасынан дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады. Рухани құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды.  Ал, осы тұрғыда менің мерейлі мақсатым – өзіндік рухани құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.  Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған бала өмірде өз орнын табады. Бұған өзімнің тәжірибем барысында көзім жетті. Олай болса, бүлдіршіндердің рухани жаңғыруын басты назарда ұстап, адами құндылықтарға бағыттап отырайық дегім келеді.