Открытый урок по казахскому языку : “Мамандық әлемінде” 10 сынып


Степногорск қаласы

 КММ ОДБММИ №4 «Болашақ» мектеп-интернаты

 Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Қайдарова Сара Ермекқызы

Сабақтың тақырыбы: Мамандық әлемінде. 10 сынып

Сынып: 10

 

Сабақтың тақырыбы: Мамандық әлемінде.

 

Сабақтың мақсаты: 

 

Білімділік: әр түрлі мамандық туралы мәлімет беру, оларды танып-білуге үйрету, заманауи мамандықтармен таныстыру, тіл ұстарту.

 

Дамытушылық: оқушыны өз сүйікті мамандығы туралы ойын толық жеткізе білуге баулу, ойлау, сөйлеу, есте сақтау  қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

 

Тәрбиелік: мамандықты дұрыс таңдауға баулу, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ұлы адамдардың сөздері, презентация, флипчарт, бейне сұрақтар.

 

Сабақтың әдіс- тәсілдері: коммуникативтік, интерактивтік.

 

Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

 

Пәнаралықбайланыс: тарих, орыс тілі, өзін-өзі тану

 

Сабақтың барысы:

 

 І.Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Амандасу.

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше жағдайда өтеді, өйткені бізге құрметті қонақтар келіп отыр! Сондықтан сендер- барлық күштерінді жинап, өз білімдерінді көрсетуге тырысыңдар.

 

  1. Лексикалық минут.

 

–          Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қалай аталады?

 

–          Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз Қазақстан Республикасы деп аталады?

 

–          Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

 

–          Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет.

 

–          Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?

 

–          Қазақстан тәуелсіз Республика болып 16 желтоқсан 1991 жылы жарияланды.

 

–          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қай тіл?

 

–          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.

 

Жақсы.

 

  1. Үй жұмысын тексеру.

 

Балалар, үйге таңдауларына қарай екі тапсырма берілген еді? «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» тақырыбына диалог құрастыру немесе эссе жазып келу. Диалог дайындағандар қолдарыңды көтеріңдерші. Ортаға шығып, сұхбаттарымен таныстырыңдар.

 

Жақсы, орындарына отыра қойыңдар.

 

Ал, кім эссе жазып келді? (автор орындығына отырып, өз эссесін оқиды, оқып болғасын барлығы қол шапалақтайды)

 

Тамаша!

 

–          Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)

 

–          Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)

 

–          Колледжде қандай білім алады? (орта арнаулы)

 

–          Университет пен академияда қандай білім алады? (жоғары)

 

–          Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (мұғалім, дәрігер, аспаз, заңгер, суретші, құрылысшы, кітапханашы, күзетші, шекарашы, тәрбиеші, сыршы, ұшқыш, ғарышкер, жүргізуші, шаштараз, сәулетші, балташы, даяшы, зергер, орманшы, кенші,  т.б.)

 

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мамандық әлемінде»деп аталады. Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша сөздік қорымызды молайта отырып, тіл ұстартамыз. Заманауи мамандықтармен танысамыз және мамандық таңдаймыз.

 

Қазір әр топқа мен пазлды таратамын сендер өздеріне ұнаған пазлды аласыңдар.

 

Таңдап алдық па? Жақсы. Енді кім ақ түсті пазлды алды мына үстелге отырасыңдар; жасыл түсті екінші үстелге, ал сары түсті үшінші үстелге отырасыңдар. Енді өз топтарында жаңағы пазлды жинайсыңдар. Қандай мамандық атауы шықты?

 

1-ші топ- аспаз

 

2-ші топ- мұғалім

 

3-ші топ- дәрігер

 

Балалар, тақтада Ұлы адамдардың сөздері жазылып тұр. Мағынасын ашу.(оқушылар)

 

Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі.

Э.Ф.Зеер (ғалым)

 

“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”                                   

Н. Ә. Назарбаев.

 

 ІІ. Жаңа сабақ.

 

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

 

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.

 

Жалақы (еңбекақы)

 

Жоғары төленетін (төмен төленетін)

 

Танымал (атақты, белгілі, әйгілі)

 

Тәжірибелі

 

Бағдарламашы

 

Жаңа сөздерді хормен қайталайық.

 

Жаңа сөздерді сөздіктеріне жазып алыңдар.

 

  1. Жаңа сөздерді бекіту.

 

а) Сөз тіркестерін аударыңдар.

 

Опытный педагог-

 

Неопытный молодой специалист-

 

Высокооплачиваемая профессия-

 

Известный ученый-

 

Месячная зарплата-

 

Программист – современная профессия-

 

ә) Сөйлемдерді толықтырыңдар.

 

  • Мекеме қызметкерлері ай сайын … алады.

 

  • Бред Пит – әлемге … актер.

 

  • Компьютерді орнату үшін … керек.

 

  • Біздің мектепте … мұғалімдер көп.

 

  • Бағдарламашы – … төленетін мамандық.

 

  1. Мәтінмен жұмыс. (Әр топқа мәтін таратамын)

 

а)Мәтінді мәнерлеп оқу.

 

ә)Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемдерде берілгенін табу.

 

б)Мәтін мазмұны бойынша флипчарт құрып, ортаға шығып қорғау. Флипчартта жаңа сөздер міндетті түрде қолдануы керек.

 

І- топ: «Экономист»

 

Бүгін экономист болу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымал  мамандықтар қатарына кіреді және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Экономист жұмысы тек талап етілген емес, сонымен жоғары төленетін болып табылады. Бастаушы экономист жалақысы 500 доллар, қаржы директоры болып сіз ай сайын 2500-3000 доллар ала аласыз. Көптеген ЖОО-да, олардың негізгі бағытына қарамастан, экономикалық факультет барын байқамау мүмкін емес. Соңғы жылдары экономикалық білімнің мамандандыруына үлкен екпін жасалады. Әрбір жоғары оқу орыны өз саласының экономисттерін дайындайды.

 

ІІ- топ: «Бағдарламашы»

 

Бұл мамандықтың мамандары әрқашан талап етіледі! XXI ғасыр – бұл жоғары технологиялар ғасыры. Осыған байланысты IT облысындағы мамандарға қажеттілік өте жоғары. Сонымен бірге бұндай еңбек лайықты төленетінін ескеру керек. Соңғы санақ деректеріне сәйкес, тәжірибелі бағдарламашылар ел бойынша ең жоғары еңбекақы алады. IT облысындағы мамандарға жұмыс табу қиын емес. Көп студенттер оқып жүріп тұрақты жұмыс табады. Жұмыс тәжірибесісіз  «айтишник» еңбекақысы айына 500-800 доллар құрайды. Ал тәжірибелі маманның орташа жалақысы шамамен 1500-2500 доллар.

 

ІІІ- топ: «Менеджер»

 

Бүгінгі таңда менеджер мамандығы танымал. Әр түрлі бағыттағы менеджерлер жоғары бағаланады. Бір де бір компания менеджмент облысында жақсы мамансыз істей алмайды. Кез келген газетте немесе ғаламтор сайттарында менеджер жұмысына бос орынға ұсыныс табуға болады. Орташа буындағы менеджер үшін жұмыс берушілер 1500-2000 доллар еңбекақы ұсынады. Бүгінгі күні барлық ЖОО «Менеджмент» мамандығы бойынша мамандарды дайындайды. Менеджмент облысындағы мамандар ешбір нашар дайындамайтынын ескеру керек.

 

Сергіту сәті.

 

Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл————(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)

Ең тәтті——————(аспаз, кондитер)

Ең ақшалы—————(банк қызметкері, экономист)

Ең күлкілі——————-(клоун, әзілкеш)

Ең жауапты —————– (сот, бухгалтер)

Ең салмақты——————- (мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті——- (бизнесмен, кәсіпкер)

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

 

  1. Алдын ала үйге заманауи мамандықтардың бірнеше атауы беріліп, анықтамасын айту тапсырылған еді. Соған байланысты бейне сұрақтарға жауап берейік.

 

v  Мен бейне және дыбыс жазу маманымын. Жарнама  идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасаймын. Менің мамандығым қалай аталады? (клипмейкер)

 

v  Суретке жан бітірушімін. Бұл қандай мамандық? (аниматор)

 

v  Көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін маманмын. Сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіремін. Сонымен менің мамандығым қалай аталады деп ойлайсыңдар? (витражист)

 

v  Мен түстердің ұтымды қолданудың маманымын. Менің мамандығым қалай аталады? (колорист)

 

v  Түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушымын. Бізді белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Менің мамандығым аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет етеді. Бұл қандай мамандық деп ойлайсыңдар? (продюсер)

 

2.Сабағымызды қорытындылау үшін біз шартты рай мен қалау райды қолдана отырып, өз ойымызды білдірейік. Ол үшін рай категориясын еске түсіріп алайық.

 

ш.р                                                                                         қ.р

 

Егер мен оқуға (түсу), …  мамандығын аламын. Менің …  мамандығын (алу). -1-ші топ

 

ш.р                                        қ.р.

 

Егер жоғары төленетін мамандық (алу), … ашамын. Менің … (болу). – 2-ші топ

 

ш.р                                                                                    қ.р.

 

Егер көп  жалақы алатын (болу), … сатып аламын. Болашақта менің … маманы (болу).

 

  1. IV. Үй тапсырмасы: «Қазақстанға қажет мамандар» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

 

  1. V. Бағалау. Қол шапалақтау арқылы қандай топ қалай жұмыс істегенін көрсетейік.

 

1-ші топ; 2-ші топ; 3-ші топ. Рақмет, барлықтарың  жақсы жұмыс істедіңдер.

 

  1. VI. Рефлексия.

 

Менің сабақта алған әсерім. (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі)

 

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді  ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтағым келеді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *