«Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және оларды алдын- алу»


Джаманбаева А.А

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы «Қарақоға орта мектебі» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоректену.
Мектеп:  «Қарақоға орта мектебі»  КММ
Күні: 16.11. 2018 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Исина Г.Б, Джаманбаева А.А

Қатысқандар саны: 8
Қатыспағандар саны:1
Сабақ тақырыбы
Тамақтану гигиенасы.  Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және оларды алдын алу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
астың құрамындағы қоректік заттарды білу;

нұсқау бойынша жұмыс жасай алу;

асқорыту жолы ауруларының түрлері мен себептерін анықтау;

Сабақ мақсаттары
Тағам  құрамындағы қоректік заттарды анықтайды;

Нұсқау бойынша тағам әзірлейді;

Ас қорыту жолы ауруларының себебін және оларды алдын алу жолдарын анықтайдыі;

Бағалау критерийлері
·         Нұсқау бойынша тағам әзірлеп, құрамын ажыратады

·         асқорыту жүйесінің ауруларын атайды

·         асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады

Сабақтың түрі
кіріктірілген сабақ (биология+технология)
Тілдік мақсаттар

Оқушылар майлармен көмірсулардың тағамдарда кездесуін атай алады

Пәнге қатысты  лексика мен терминология

липидтер, көмірсулар, нәруыздар, крахмал, глюкоза, Бенедикт ерітіндісі, йод, этанол, Биурет ерітіндісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Нәруыздер …….. құрамында кездеседі.

Майлар …… құрамында кездеседі.

Майлар мен көмірсулардлы ………………. арқылы анықтауға болады.
Құндылықтардыдарыту
Ұжымда жұмыс істей алу, сыныптастардың ойын тыңдау, бір-бірін сыйластыққа үйрету
Пәнаралық байланыстар
химия – органикалық заттардың құрамындағы химиялық элементтер..Медицицна асқазан ішек ауруларын біледі, себептерін анықтайды
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта, ғаламтордағы ресурстар
Бастапқы білім

Оқушылар білу керек:

азық-түліктің құрамында крахмал, қант, майлар, нәруыздардың бар болуы (7 сынып)

Органикалық заттарды құрайтын элементтер (7 сынып)
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                               Ынтымақтастық ахуалын  орнату. Сәлемдесу.   Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз.                                                                                                                                                                                                          ІІ.  Мотивация.

Т.М: Адамның еңбекке қабілеті және ағзаның маңызды қызметтерінің дұрыс  атқарылуына – біздің не жейтініміз, қанша мөлшерде, қай уақытта және қалай тамақтанатынымыз байланысты. Бүгінгі сабақта біз, қолданатын астың ағзамен толық меңгеріліп,  максималды пайдалы болуы үшін, қандай ережелерді ұстану қажет екендігін анықтаймыз.

 

Б.М: Сабағымыздың ұраны: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» ал астың қорытылуына жауап беретін жүйе  -«Ас қорыту» жүйесі.

 

Ас қорыту жүйесі жайлы білімдерін жаңғырту.

 

Тапсырма №1. “Мүшені тап”. (Слайд)

Суреттен адамның ас қорыту жүйесінің мүшелерін белгілеңдер.

1 – жұтқыншақ, 2 – бауыр, 3 – ауыз қуысы, 4 – асқазан, 5 – өт, 6 – тоқ ішек,

7 – ұйқы безі, 8 – аш ішек, 9 – өңеш, 10 – тік ішек, 11 – ұлтабар, 12 – аппендикс

 

Критерий
Дискриптор
Ас қорыту мүшелерін дұрыс белгілейді;

Реттілікті сақтайды;
Ас қорыту мүшелерін дұрыс ретпен белгілеп орналастырды
Кері байланыс: «Блоб»  ағашы                           .

 

Слайд,

таратпа материалдар

Сабақтың

ортасы

 

Жаңа сабақ

Биология мұғалімі:

Б.М: Соңғы онжылдықтарда адам денсаулығын  сақтау және  күшейту жайлы гигиена  ғылымы орасан маңызды сипатта. Бүгінгі сабақта біз, тамақтану гигиенасы  мен асқазан -ішек  ауруларын алдын-алу жолдары жайлы мәлімет аламыз.

 

Т.М:  «Ребусты шеш» (Слайд)

ТА                  МА          Қ                     ТА                      НУ

Мәселелік сұрақ:

1. Тамақтану деген не?

Т.М: Ағзаның энергетикалық  қызметін қалпына келтіретін, ағзаға түскен қоректік заттарды қорытып, сіңіруден тұратын күрделі үдеріс.

2. Қоректік заттар дегеніміз не?Қандай түрлерін білесіңдер?

 

Т. М:  Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеттеріне қажетті заттар-қоректік заттар деп аталады. Оларға: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар, су жатады.

 

Практикалық бөлім: Нұсқау картасы бойынша «Нәзік» салатын әзірлеу.

( Өткір құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін есте сақтау.)

 

Т.М. Осы жасалған тағамның  құрамына кіретін азық-түліктерде қандай органикалық заттар кездеседі?

( нәруыздар- жұмыртқа мен  ірімшікте,  көмірсулар- жүзім мен қызылшада, майлар-жаңғақ пен  майонезде)

 

Б.М:  Тапсырма№2  « Сәйкестікті тап»  Жұпта.  (Слайд)

Тағамның құрамынан аталып өткен қоректік заттарды және оларды анықтаудың жолдарын  сәйкестендір.

 

Қоректік зат
Анықтау жолы
Байқалатын құбылыс
глюкоза
А) йодтың 1-2 тамшысын тамызамыз
1) Сары тұнбаның түзілуін қадағалаймыз
крахмал
В) 1 мл Биурет ерітіндісін құямыз
2) ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.
липид (майлы заттар )
С) 2мл этил спиртіне анықталатын тағамды салып, қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар
3) лайлы сұйықтық көрінсе
нәруыз
Д) 2 см3 тағамға  1 см3 Бенедикт ерітіндісін құйыңыздар. Қайнағанша дейін қыздыру керек
4) қара-көк түс пайда болады.

 

Жауабы:  глюкоза-Д, 1;

крахмал-А, 4;

липид (майлы заттар)-С, 3

нәруыз-В, 2

Критерий
Дискриптор
-Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау тәсілдерін біледі;

-Байқалатын құбылыстың арасындағы сәйкестікті анықтай алады,
-Органикалық заттарды анықтау тәсілі мен жүретін құбылыс арасындағы сәйкестікті орнатты
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

Т.М. Тағам жайлы сөйлесіп, түрлі тамақтың суретін көрген кезде адамның тәбеті ашылады. Тәбеті нашар және керісінше, тәбеті жоғары адамдар болады. Бұл олардың зат алмасу процессінің бұзылуынан және кейде паразиттік құрттардың болуымен түсіндіріледі. (слайд)

 

Б.М. Тапсырма №3 «Фишбоун»  Топта. (Мәтінмен жұмыс)

Балық сүйегіне асқазан-ішек ауруларын, олардың түрлері мен жұқтыру жолдарын және оларды алдын-алу шараларын толтыру.

 

 

Критерий
Дискриптор
-Сипаттамасы бойынша ауру түрлерін анықтап, түрлерін ажыратады;

-жұқтыру жолдары мен алдын-алу шараларын біледі.
Мәтін бойынша ауру түрін анықтады,

Жұқтыру жолдарының  алдын-алу шараларын дұрыс ұсынды.
Кері байланыс:

 

Б.М: Тапсырма № 4 «РАФТ»     Алған білімдерін бекіту, өмірмен байланыстыру мақсатында рөлдік ойын ойнау ұсынылады. Оқушыларға рөлдік ойынға дайындалуға уақыт беріледі.

Әр топта 4 ойыншы болады:

1 ойыншы – «емделуші»

2 ойыншы – «дәрігер»

3 ойыншы – «кеңес беруші»

4 ойыншы-  « бақылаушы»

Емделуші: өзіне берілген ауру түрінің барлық белгілерін  айтып көрсетеді.

Дәрігер: Аурудың белгілеріне қарап, аурудың түрін анықтайды / диагноз қояды/ және аурудың пайда болу жолдарын айтады. Аурудан емделу жолдарын айтады.

Кеңес беруші: Аурудың алдын алу жолдарын айтып, кеңес кітапшасын ұсынады.

Бақылаушы: Әр топтың мүшелерін тыңдап, толықтырып отырады, бағалайды

 

Рөлдік ойынды бағалау парағы **Бақылаушы әр қатысушыға рөлдік ойынның соңында сәйкес түсті стикерлерді береді.

Рөлдік ойынға қатысушылар
Қызыл
Қызыл сары
Жасыл
Емделуші
Аурудың белгілерін толық көрсете алады. Аурудың белгілерін дәрігерге толық жеткізеді. Актерлік шеберлігі жоғары.
Аурудың белгілерін  біледі, бірақ    көрсеткенде толық жеткізбейді.  Дәрігерге  ауру түрін сипаттайды.
Ауру белгілерін толық білмейді. Аурудың белгілерін көрсеткенде қиналады. Дәрігерге ауруды толық сипаттай алмайды.
Дәрігер
Емделушінің ауру белгілеріне қарап, ауру түрін анықтайды.  Диагнозды дұрыс қояды. Аурудың қайдан және қалай пайда болғанын сипаттайды. Ауруды емдеу жолдарын нақты айтады.
Емделушінің ауру белгілеріне қарап, ауру түрін анықтайды, бірақ диагнозды  толық айтпайды. Аурудың қайдан және қалай пайда болғанын сипаттайды, бірақ  ауруды емдеу жолдарын нақтыламайды.
Ауру белгілеріне қарап емделушінің ауру түрін анықтайды, бірақ оны дұрыс түсіндірмейді. Диагноз қоюда қиналады. Актерлік шеберлігі көрінбейді.
Кеңес беруші
Аурудың  алдын алу  жолдарын кеңес кітапшасына түсіріп, оны толық талдап береді.  Сөз мәнері мен актерлік шеберлігі өте жоғары.
Кеңес кітапшасын жасайды, бірақ онда аурудың алдын алу жолдары толық көрсетпейді.
Кеңес кітапшасын жасай алмайды, аурудан қалай алдын алу керектігін толық жеткізбейді.

Таратпа материалдар

Нұсқау картасы

Слайд

Слайд

Слайд

Дайын кеспе қағазы
Сабақтың соңы

.
Кері байланыс

«3 себеп»

Мeн … түсiндiм, сeбeбi ……

Мeн …түсiнбeдiм, сeбeбi ……

Мeнiң өмiрiмe ….. туралы aқпaрaт қaжeт, сeбeбi…..

Үйге тапсырма: «Ішекқұрт ауруларының алдын алу» тақырыбында бюллетень құрастыру.
Слайд
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:  азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды бар-жоғын анықтауды  біледі.

Көпшілік оқушылар: органикалық заттардың түрлерін сипаттау.

Кейбір  оқушылар:   азық-түлік құрамында заттарды анықтайтын ерітінді туралы ақпарат жазылғанын білу
Лездік сұрақтар беру арқылы оқушылардың органикалық заттардың түрлерін атау және олардың ағза үшін маңыздылығы туралы сұрау.

Жұпта орындаған тәжірибе  нәтижелерін қорытындылап, бағалау  жүргізеді.

Практикалық жұмыс барысында бағалау жүреді.
Алынған  деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін  көрсетеді, Оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?