Мен және табиғат. К к дыбысы мен әрпі


 Уразгалиева Инабат Жанибековна
 №21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш мұғалімі

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні: Уразгалиева Инабат
Күні :

Сауат ашу: 79-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Мен және табиғат. К к  дыбысы мен әрпі
Сынып: 1 «Б»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Осы мақсат арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,  сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.

1.3.11.1   Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақ мақсаттары: күтілетін нәтиже, саралау.
Барлық оқушылар орындай алады:

К дыбысымен танысады. К дыбысын ажыратады. К әрпінің сөздердегі орналасу ретін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сұрақтарға толық жауап береді. К дыбысынан сөздер ойлап табады.
Кейбір оқушылар орындай алады:

К әрпінен келетін сөздерге сөйлем құрайды. Алған білімді өмірде қолдана алады.
Тілдік мақсат: Тірек сөздер:
Мен және табиғат.
Сыныптағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі: «сұрақ-жауап»
Дыбыстардың неше түрі бар?

Қандай дауысты дыбыстармен таныстық?

Қандай дауыссыз дыбыстарды білеміз?
Алдыңғы оқу:
Мен және менің отбасым. Е е дыбысы мен әрпі.
Дағды:
– білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті.

– қарым – қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда)
Рухани құндылықтар:
– қарым – қатынас жасау қабілеті.

– жауапкершілік

– қамқорлық

– өмірмен байланыстыру
Жоспар:
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз
Рес-с
Басы:

Ынтымақтас-тық атмосферасын қалыптастыру

2мин

1мин

2 мин

1 мин

Білу

Түсіну

1мин

2 мин

5мин
Шаттық шеңберін құру

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз,

Әріптерді үйреніп,

Білімді бала боламыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу.

1-топ: Жасыл көбелектер

2-топ: сары көбелектер

3-топ: көк көбелектер

4-топ: қызыл көбелектер

Өткенге шолу. «Кім білгіш»  ойыны

Мен дауысты дыбыстарды атасам екі қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар.Ал дауыссыз дыбысты атасам,еңкейіп тізелеріңді шапалақтайсыңдар.

Ой қозғау  «Сөз құрастыр»

Суреттердің бірінші әріптерін алып, сөз құрастыру.

«Күшік»

Күн, үкі, шана, ірімшік, кірпі.

 

– Балалардың жауабы: (Күшік)

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса осы күшік сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

– К к дыбысы

– Кім біледі к қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

– Қане, айтып көрейікші?

– К дыбысын (3 рет айтқызу)

– Дұрыс айтасыңдар, к дауыссыз дыбыс.

Есте сақта!

К дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс. Оны көк  текшемен белгілейміз.

Табиғат әлеміне саяхат

Табиғат әлеміне серуендейікші. Айнала қандай тамаша!Ауасы  таза! Жердің бәрі жап-жасыл. Оның үстінде әр түрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Енді осы жерде гүлдерге көбелектер қонғысы келіп ұша алмай жатыр. Себебі әр көбелекті гүлге қондыру үшін көбелектердің үстінде тапсырмалар бар екен. Тапсырмалар ауыр болғандықтан, көбелектер гүлдерге қона алмай тұр.

-Қане балалар, гүлге қонуға  көмектесеміз бе?

-Олай болса, көбелектердің тапсырмаларын орындап, гүлге қондырайық.

1- ші  көк көбелектің тапсырмасы.

«Тез ойла, сөз ойла»

К дыбысы кездесетін сөздер айту. (бейнежазба тамашалайды)

-Сонда балалар К дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді.

ҚБ. «Шапалақтау»

2-ші сары көбелектің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.

№1 Оқы. Сөздерді топқа бөліп, оқыту.

1-топ: Жасыл көбелектер: кісі  кіші   кеме  кесе  терек

2-топ: сары көбелектер:  шелек  кеше   кесте  ерлік  Мереке

3-топ: көк көбелектер: ескі ешкі елік етік  кім

4-топ: қызыл көбелектер: ешкім  кілт  кесіртке  текемет керемет

ҚБ «Өте жақсы!»

Шаттық шеңбер

Көбелектер

Шапалақ

Суреттер интерактивті тақта

Интерактивті  тақта

Плакаттағы табиғат суреті

Бейнежазба

Оқулық
Ортасы:

7мин

1 мин
3-ш  қоңыр көбелек. Дәптермен жұмыс

Жазылым:

К әрпінің жазылуымен танысады.

Кәрпінің жазылуын бейнежазбадан тамашалайды.

Жұмыс дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті:

Қанатымызды жаямыз,

Көбелек боп ұшамыз.

Жұпар иісі аңқыған,

Гүлге келіп қонамыз.
Дәптер

бейнежазба

Кері байланыс:
-Жарайсыңдар! Тамаша!

Соңы:

8мин

8 мин

1мин
4 –ші қызыл көбелек  «Мозайка» әдісі (Суреттер құрастыру)

1-топ: Жасыл көбелектер:  «күн» суреті.  Сөзді атап, к дыбысының орнын анықтап, буынға бөліп, сөйлем құрау.

2-топ: сары көбелектер:«түлкі» суреті.  Сөзді атап, к дыбысының орнын анықтап, буынға бөліп, сөйлем құрау.

3-топ: көк көбелектер: «ешкі» суреті.  Сөзді атап, к дыбысының орнын анықтап, буынға бөліп, сөйлем құрау.

4-топ: қызыл көбелектер: «өрік» суреті.  Сөзді атап, к дыбысының орнын анықтап, буынға бөліп, сөйлем құрау.

ҚБ. «Бағдаршам»

5-ші  жасыл көбелек  «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

1-топ: Жасыл көбелектер: «Адасқан буындар» Буындарды сәйкестендіріп, сөз құра.

Ке                                   кі

еш                                   се

те                                      сі

кі                                      рек

2-топ: сары көбелектер: « Баспалдақ» ойыны

К
Ү
н

К
Е
С
Е

К
Ү
Ш
І
К

К
Е
Р
Е
Г
Е
3-топ: көк көбелектер: «Не артық?»

Буынға  бөлу, сөйлем құрау.

4-топ: қызыл көбелектер: «Сөз құрастыр» ойыны. Әріптердің орны ауыстырып, сөз құрастыру.

Ексі, ешлек, екті

ҚБ. «Басбармақ»

Қорытынды:

Өте жақсы жауап берген оқуШЫЛАРҒА  ҚАЛАМ
Жақсы жауап  берген оқушыларға  ӨШІРГІШ, ҚАРЫНДАШТАРЫН табыстау.
Суреттер қиындылары

Постер

Сыйлықтар
Дескриптор:

К әрпін таниды.

К әрпін салуды үйренеді.

К қатаң  дауыссыз  дыбыс екенін ажыратады.

К әрпінен келетін сөздерді айта алады.

К әрпіне байланысты берілген сөздерді оқи алады.
Кері байланыс:

1 мин
-Жарайсыңдар! «Бағдаршам»

Оқушылар сабақтан алған әсерін бағдаршамның көздеріне іледі.

Жартылай түсіндім

Түсіндім

Түсінбедім

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Тапсырмалар сәйкес болды ма?