Үздік мультимедиялық презентация


   Сулейманова Жанылай Анесовна

   Астана қаласы

  Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

Презентацияны көшіру

1 слайд. Байқауға қатысушының толық мәліметі

2-4 слайд. Өтілген сабақтың тақырыбы, мақсаты, сабақтан күтілетін нәтижесі.

5 слайд. Психологиялық жаттығу.

6 слайд. Өткен сабақты сұрақтар арқылы бекіту.

7 слайд. Алфавиттік жұмыста тиімді  тәсілдер  арқылы  сауатты  өмірді  қалыптастырып,  зерделікті  байытуға  жағдай  жасаймын. Яғни оқушылар мультимедияны көру барысында «ң» дыбысы бар сөздерді есте сақтап, сөздік диктантын жазып, ондағы дауысты дыбыстардың астын сызады. Жұмыс соңында өздерін тексеріп, бағалайды.

8 слайд. Жұмбақтың шешулерін тауып, алғашқы әріптерінен сөз құрайды. Одан «Дыбыс» деген сөз шығады.

9 слайд. Мұғалім оқушыларға дауысты дыбыстар жайлы білетіндерін еске түсіруге мүмкіндік тудырады.

Мұғалім:

  • Балалар, тақтада көрсетілген жуан және жіңішке дауыстылардың санын қосқанда, барлығы 9 болды, ал дауысты дыбыс 11 болуы керек. Сонда қандай дыбыстар қалып қойды (и,у). Неге бұл екі дыбыс бөлек қалды?

Оқушының жауабы:

  • Себебі, и, у дыбыстары кейде жуан, кейде жіңішке естіледі.

10 слайд. Ойын арқылы жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік белгілер туралы ойларын жинақтайды. Мысалы: И, у дыбыстары жуан естілетін сөздерді сол жақ қапқа, жіңішке естілетін сөздерді оң жақ қапқа салады.

11 слайд. Оқушының  жеке  бас  қасиеттерін, ізденіс, зерттеушілік  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  талантын  ашуды  басты  міндетім  деп  зерттеу  жұмысына  жауапкершілікпен  қараймын. Яғни жаңа тақырыпқа тірек болатын проблемалық сұрақтар қою, жағдай жасау, ойланту, қызығушылығын ояту. «Пингвин неге ұша алмайды?» деген сұрақты қоя отырып, ойларын толықтыру мақсатында «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы ұсынған пингвиндер жайлы видеоны тамашалайды. Жаңа сабаққа зерттеу жұмысын жасайды.

12 слайд. Сергіту сәті.

13-14 слайд. Топпен  жұмыста  ойшыл, тапқыр, өткір,  өзін- өзі  білетін,  мейірімді,  ынтымақшыл,  бірлесе  жұмыс  істей  алатын, қасындағы  досының  жұмысын бағалай  алатын  азаматты  тәрбиелеймін. Бірлескен  ұжымдық  іс-әрекет  ұйымдастырамын. Өмірмен  ұштастырып  тәрбиелік  мақсатын  ашамын.  Өзара  әрекет  сенім  қалыптастырамын.

15 слайд. Сабақты қорытындылау мақсатында “Қай әріпті жоғалттым” ойыны арқылы толықтыру тесті алынады. Сәйкес әріптерді бағытпен (→) көрсетеді. Берілген сөздердің жуан жіңішке естілуін ажыратады.

16 слайд. Үй тапсырмасы беріледі.

17 слайд. Оқушылар сабақ кезеңдері бойынша өзін-өзі бағалап, қорытынды бағасын шығарады. Әр оқушыда бағалау парағы болады.

 

Екеуара жұмыс Алфавиттік жұмыс Оқулықпен жұмыс Шығарма-шылық Топпен ізденістер

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *