«Табиғаттың сиқырлы үні» технологиялық картасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғаттың сиқырлы үні»

Білімділік мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін қыстың табиғи құбылыстарын, жыл мезгілінің ерекшелігін айтып,қысқы ойындар, қысқы табиғат, қыс көрінісі, қызығы  жайлы түсінік беру. Жұмбақтар шешу арқылы, тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: ой-өрістерін, ойлау,қисынды ойлау, елестету  қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілік мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: табиғат- природа, жыл мезгілдері- времена года, табиғаттың үні- звук природы, зима- қыс, көктем –весна, жаз- лето, күз-осень, табиғатты сүйемін-люблю природу,

Қызмет

кезеңдері

          Тәрбиешінің

            Қызметтері

 

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысын  ару күн!

Армысын көк аспан!

Ашық аспан астында

Біз бақытты баламыз

Қонақтарды көргенде

Қуана қарсы аламыз

 

Ғажайып сәт:  Балалар бізге бүгін қонаққа қоян келді, өзі сондай көңілсіз екен.

 

Ұйымдастыру іздестіру

 

Суретпен әңгіме: Сұрақ- жауап:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Табиғаттың сиқырлы үні»

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

-Қалай аталады?

-Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Қыс айында неше ай бар?

 

-Қыстың қандай айы?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

 

 

 

Қостілділік компонент: табиғат- природа, жыл мезгілдері- времена года, табиғаттың үні- звук природы, зима- қыс, көктем –весна, жаз- лето, күз-осень

 

Сергіту сәті:

Қатты нөсер басылды (жаймен тарсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (Қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды ( Жарты доға жасайды)

 

Қырғауыл боп ұшамыз ( Екі қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкі болып қашамыз, қашамыз (Бір орындарында тұрып жүгіреді)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (бәрі орындарына отырады)

 

Ғажайып сәт.Есік қағылады. Топқа көңілсіз қоян кіреді.

Менің көжегімді қасқыр алып кетті. Мына картаны қасқыр тастап кетті. Осы бойынша жүріп ондағы тапсырмаларды орындамай көжегіңді бермеймін деді. Балалар  маған көмектесіңдерші

Тәрбиеші:

Балалар біз қоян мен көжегіне көмектесеміз бе?

Балалар орманға барғанша мына қалың қарға батып құлап кетпеңдер.

Балалар, міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза. Ауамен аздап демалайықшы. Таза ауада демалған қандай жақсы

( мұрынмен демалу жаттығуларын жасату)

«Табиғаттың сиқырлы үні» балалар тындандаршы қандай сиқырлы үн? Балалар тыңдап әсер алады.

(Әуен табиғаттың)

Қасқырдың қалдырған картасы бойынша тапсырмаларымызды орындайық.

1Тапсырма.  Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

(Қар)

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ сурет салады көп

(Аяз)

Суда қалқиды

Жылыда балқиды

(Мұз)

 

2Тапсырма қоян, қасқыр туралы тақпақ

Ақ қоян- ау, ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян

Қаша берсен орманға

«Қорқағым »- деп ат қоям

 

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып жүгірді

 

Мен көк жал қасқырмын

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын

Ауылды торимын

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

(боран,кемпірқосақ құрастыру)

(Қасқыр ұлиды)

Балалар біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындаған сияқтымыз. Көжегімізді қайтарып алайық

Осы кезде қасқыр ұлиды(әуен)

Қасқыр көжекпен келеді.

Қасқыр: Мен өз уәдемде тұрамын сендер барлық тапсырманы орындадыңдар көжектеріңді алыңдар. Ал сен анаңды тыңда екінші жолыма түспе. Сау болыңдар.

Тәрбиеші:

Ия , балалар сендер өте ақылдысыңдар. Барлық тапсырмаларды орыңдадыңдар, көжекті анасына жеткізіңдер

Ендеше біз топқа оралайық.

Рефлексивті түзетушілік Қорытындылау:

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

-Қалай аталады?

-Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Қыс айында неше ай бар?

-Қыстың қандай айы?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қоянмен көжек алғыстарын айтып қоштасады.

Жылулық  шеңбері:

Балалар бір –бірімізге жылулық тілейк. Қыста дала суық болса да жүрегіміз сондай жылулыққа толы. Келген қонақтарға сау болыңыздар дейміз

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтып,қысқы ойындар, қысқы табиғат, қысқы көрініс жайлы түсінікті

Қандай түсініктерді игерді: Жұмбақтар шешу арқылы, тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуді игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруды  және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді.

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

 

 

 

 

 

Метки: , , , , ,