«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар» сабақ әзірлемесі


Саурбаева Салтанат Беркутовна

КМҚМ Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі оқытылуы қазақ тіліндегі бөлім меңгерушісі,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Саурбаева Салтанат Бүркітқызы

СҚО, Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі   Күні: 29.09.2016  ж.   Топ: УКЯ-1-15
Тәулік мерзімі:   бейсенбі                       Аудитория: 42
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ  тілін  оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар
Жалпы  мақсат:
Қазақ  тілін  оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар жайында түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Негізгі міндеттер:
ü  Тақырып бойынша жаңа түсінікті өздігінен меңгеруге жағдай жасау

ü  Топтық жұмысқа жұмылдыру

ü  Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту

ü  Шығармашылық  жұмысқа  дағдыландыру

ü  Ойларын еркін, ашық айтып жеткізе алуға бағыттау
Күтілетін нәтиже:
ü  Теориялық білімді өздігінен меңгеруге ізденістері артады

ü  Қазақ тілі әдістемесі ғылым екенін  және оның негізін салушы ғалымдар жайында білетін болады.

ü  Топтық жұмыс негізінде бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады

ü  Сыни ойлаулары дамиды

ü   Мамандықтарына деген қызығушылықтары  артады
Түйінді идея:
«Мeнiң oқyшылapым  жaңaшылдықты мeнeн бiлмeйдi, oлap өздepi
ocы жaңaшылдықты aшaды. Мeнiң бacты мiндeтiм – oлapдың aшылyынa көмeктeciп, өзiндiк oйлapын дaмытy»  И.Г.Пecтaлoцци
Ресурстар:
Маркер, ватмандар, А3, А4 парақтары, 6 қалпақ,   стикер, желім, қайшы, бейнежазба, суреттер, дәріс тезисі, оқулық
Сабақтың типі
Аралас
Әдіс-тәсіл, уақыт
Оқытушының

іс-әрекеті
Студенттердің іс-әрекеті
Жұмыс түрі
Күтілетін нәтиже:  Бір-біріне көңіл күй сыйлайды. Топта жақсы психологиялық ахуал туады

Әдісі:   «Қызыл кілем»
Амандасу

Тренинг өткізу

Ортаға  шығып бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі-екіден жақсы сөздер айтып, қызыл кілемнен жүріп өтеді.

Топ, жұп

 

 

Күтілетін нәтиже: Студенттер топқа бөліну әдісімен танысып, үйренеді.

Әдісі: «Өлең шумақтары»
«Ұстазым » өлеңі бойынша топқа бөлу. Өлең шумақтары жазылған қиықшалар  тарату.
Өлең шумақтарын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.  Келтірілген әнді бірлесе  орындайды.
Жеке, топ
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс ережесін шығарады.

Әдісі: «Алтын ереже»
Сабақта жұмыс ережесін естеріне салу
Тыңдайды, ереже  қабылдайды.
Топ
Білу

Күтілетін нәтиже:

Сыни тұрғыдан ойлау негізінде сабақтың тақырыбын ашады

Әдісі:  «Суреттер не дейді?»
Стикерлер тарату.

Интербелсенді тақтада  суреттер көрсету,тақырып ашуға бағыттау

Суреттер көреді, ойына алғашқы көргенде не келді, соны жазып отырады. Кейін жазған сөздерін ортаға салып топта талдайды,  ортақ сөздерді шығарады, тақырып қояды.
Жеке

топ

Күтілетін нәтиже:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын біледі.

Әдісі:  Оқытушы сөзі, бейнежазба
Студенттер ойының  қорытындысы ретінде бейнекөрініс тыңдату,

сабақтың негізгі тақырыбы, мақсатын хабарлау
 

 

Тыңдайды. Жазады.

топпен

Түсіну

Теориялық сәт

Күтілетін нәтиже:

Теориялық тақырыпты өздігінен меңгереді

Әдісі:Коллаж. Постер

Топтарға тапсырма беру. Негізгі жұмысқа бағыттау, қолдау көрсету, көмекке келу, бақылау

Материалдармен  танысып оқиды, топта талдайды, постер құрастырады:

1. Ы. Алтынсарин  еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

2.  А. Байтұрсынұлы  – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым

3. Сейіл Жиенбаев – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым.

4. Жұмабаев Мағжан ой-пікірлерінің қазіргі күнгі өміршеңдігі

5 Қажым Басымовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі
топпен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану, талдау  Әдістемелік мінбе

Күтілетін нәтиже: Жасаған ортақ жұмыстарын ерекше ортаға салып қорғайды. Бірін-бірі тыңдай, бағалай  біледі.

Әдісі: Постер, «Екі жұлдыз, бір тілек»
Меңгерген теориялық материалдарын қорғауға жағдай жасау, тыңдау, кері байланыс жасау

 

Қорытынды жұмыстарын қорғайды. Әр топ бірін-бірі тыңдау негізінде бағалайды: Екі жақсы жағын, бір ұсыныс айтады. (барлық топ қорғап болған соң алдын-ала екертілген критерийлер бойынша бағалайды ) Топтардың бағалауын әр топ ортада оқып, саралайды.

топпен
Күтілетін нәтиже:

Ғалымдар пікірлерін білетін болады.

Әдісі:  «Бинго» ойыны
Тақырыпты бекіту жұмысын жүргізу

Ғалымдар пікірлерін сәйкестендіреді.  Сәйкестікті ойын ойнау арқылы тексереді
Топ, жеке
Күтілетін нәтиже:

Ауызша сөйлеу мәдениеттері артады, сыни ойлау арқылы ойларын жетік жеткізе алады. Педагогика ғылымы саласындағы ұстаздардың еңбегін бағалайтын болады

Әдісі:  Монолог
Студенттер ойларын қорытындылау. «Дөңгеленген дүние» кітабының авторы жайында әңгімелеу

(Қымбат Есмұқанқызы)
Тыңдайды, алған әсерлерімен бөліседі. Кітаптың авторымен сырласады.
Топ, жеке
Жинақтау

Күтілетін нәтиже:

Жылдам ойлау, аз уақыттың ішінде жылдам шешім қабылдай алады. «Педагог – зерттеуші»  моделін құрастыра алады.

Әдісі: «Айналмалы бекет»   Бейнежазба
Бейне үзінді көрсету

Жағдаят шешу.

«Менің атым Қожа» үзінді көреді.

Тапсырма: «Педагог-зерттеуші» моделін құрастыру

Бейне үзіндіден   көргенін  не сезінгендегі ойын жинақтайды, Әр топ аялдама бекеті болады, аз уақыттың ішінде бір-біріне айналдыра отыра берілген ақ қағазға «Педагог-зерттеуші» моделін құрастырады.     Алдыңғы топтың ойын ескере отыра, негізгі тақырыппен байланыстыра келе, соңғы аялдамадағы топ қорғайды.
топ
Бағалау

Күтілетін нәтиже:

Өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне баға бере алады,  алған әсерлерімен бөліседі. Нақтылыққа үйренеді.

Әдісі:    «Ақылдың

6 қалпақ»

 

 

Студенттердің сабақтан алған әсерлерін, ойларын 6 қалпақ арқылы рефлексия жүргізу жүргізеді.

Сабақ барысындағы ойларын қорытындылайды, тұжырым шығарады.

Ақ –  Сабақ бойынша жаңа ақпараттарды, факт келтіре отыра тізбектейді

Қызыл- Сабақтан алған түрлі змоцияларды, сезімдерді еске түсіреді. Олай болуына әсер еткен тұстарды айтады.

Сары – Сабақта болған артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен? Артықшылықтар қандай? Бұл кім үшін пайдалы?Қандай жағдайларда пайдалы?

Жасыл –  Сабаққа қатысты   жаңа идеялар ұсынады.

Көк – Барлық топтың неге қол жеткізгендерін сараптайды, қорытындылайды.

Қара қалпақ – Айтылған ойларда жақсартуды қажет ететін тұстарды айтады. (бұл қалпақты 5 топ та қолдана алады)
 

 

 

топ

Үйге тапсырма беру

Бағалау
Үйге тапсырма жазады: Әдіскер-ғалымның  бір еңбегіне пікір жазу.

Күтілетін нәтиже:Жақсы көңіл-күймен сабақты аяқтайды.

Әдісі: «Ризамын» тренингі
Тренинг өткізу:

Сәтті күн үшін «Рахмет»

Қоштасу
Бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Сәттілік тілейді.
топ