Сабақтың тақырыбы: « Ана тілің арың бұл»


 

Бастауыш сынып мұғалімі :

Қапарова Баян Жаманбаева

Бестөбе негізгі мектебі

                                                   (Интеллектуалды сайыс сабақ)

                                                          2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: « Ана тілің арың бұл»

 

Сабақтың мақсаты:  Ана тілі  бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың сөздік  қорын молайту, дүниемтанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру. Шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілді сүюге, қадір тұтуға баулу. (1- слайд)

1

Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс сабақ (2- слайд)

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап , топпен жұмыс,шығармашылық  (3-слайд)

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта ,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (Топ капитандары  топтың аты мен, қатысушыларымен таныстырады, хормен ұранын айтады)

2.Мұғалім:Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі,

Армысыздар, ұстаздарым , ардақты,

Жас бүлдіршін білім қуған жан –жақты.  (4- слайд)

 

Ана тілім –тірлігімнің тірегі,                              (5-слайд)

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам –өлі ,мынау дүние

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем,-

деп, Т.Әбдірахманова жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық.

2

Құрметті оқушылар, енді рухани-өнегелік сайыс-сабағымызды бастайық.

Сайыс кешіне қатысушы 2 топ өздерін таныстырып өтеді

Ашық жарқын жүзді

Әділ-қазылар біздің

Талапты оқушылардың білімін таразылап, әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Ойшылдар  тобы

Топтың ұраны: «Сайыстан қалмаймыз, келеміз  (6-слайд)

Жарыста өзгені жеңеміз

. Білімділер тобы

Топтың ұраны: «Білімдіге дүние жарық,               (7- слайд)

Білімсіздің күні кәріп»

1 – айналым:

Бұл сайыста екі топ тіл туралы ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды .( 8-слайд)

1.Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өлсе тілім мен де бірге өлемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2.Туған тілде сыры терең жаным бар,                                                                                Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3.Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім ,

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім.

4.Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын ,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім –дана тілім,бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім ,шаттығым,

Сенсің менің тазалығым ,пәктігім.

Ана тілім –

Алтын ұям,құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың,сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байланғанша тіл – жағым!

5.Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнің.

 

6.Жанбасам да,жансам да,

Туған тілде сайраймын.

Мылқау болып қалсам да,

Туған тілді ойлаймын.

 

7.Дәулет деген ұғыңдар,

Кеше бар да,бүгін жоқ.

Тілің болса ,үнің бар,

Тіл болмаса,түгің жоқ.

3

2 – айналым. «Сөз ойла , тез ойла» (екі топқа Мемлект сөзі беріледі , сол сөзден сөздер шығару керек)      ( 9- 10 слайд)

4

3 – айналым. «Сен білесің бе?» сайысы. Бұл сайыста әр топқа 9 сұрақтан беріледі.

(11-слайд)

 

«Ойшылдар»  тобына:  (12-слайд)

1-сұрақ:Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2-сұрақ:Елтаңбаның авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)

3-сұрақ:Қазақша жыл басы қалай?(наурыз)

4-сұрақ:Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны. «Ақсүйек»

5-сұрақ:Қар жана ма?(Қалауын тапса,қар жанады)

6-сұрақ:Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді)

7-сұрақ:Қандай бөшкеге су құюға болмайды?(Іші толы бөшкеге)

8-сұрақ:Кім барлық тілде сөйлей алады?(Жаңғырық)

9-сұрақ: Түкіріктен көл құрала ма?(Көп түкірсе көл)

5

 

 

«Білімділер» тобына: (13- слайд)

1-сұрақ:Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін атаңыз .(Қазақ тілі)

2-сұрақ:Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)

3-сұрақ:Тоқымқағар деген не?Қалай түсінесіңдер?(Бала алғаш рет атқа мінгенде)

4-сұрақ: Инемен құдық қазуға бола ма?(Білім инемен құдық қазғандай)

5-сұрақ: Кімнен кім жаман?(Олақтан салақ жаман)

6-сұрақ: Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады?(Мысық)

7-сұрақ: Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не?(Ой-қиял)

8-сұрақ: 3 түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұстар ұшпайды)

9-сұрақ: «Әдепті бала – арлы бала»,ал әдепсіз бала ше?(сорлы бала)

 

4-айналым: «Сөз-мәйегі мақал»  » ( мақал-мәтелдер айтқызу)  (14-слайд)

5-айналым“Қызықты грамматика” Қандай сөздер жазылған. (15- слайд)

        Қ

 

     қ
        Қ

 

     қ
        Қ

 

     қ
        Қ

 

     қ
        Қ

 

     к
        К

 

     к
        К

 

     к
        К

 

     к

.

Жауабы:қызық, қазақ, қалақ, кесек, қырық, кезек, кебек, керек, көбек

(16-слайд)

 

6- айналым«Жаңылмай айт»  (жаңылтпашты жатқа айту)  (17- слайд)

 

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер    (18-слайд)

Айтылғанда алуан түрлі мақалдар

Зейін салып зердеменен ойлаңдар

7- айналым«Ойлан да, аяқта»            (19- слайд)

 

Ойланбастан басқасын,

Жазып қойма бұл жерге                (20- слайд)

Керек сөзді таңдап жаз,

Уақыт берем сіздерге.

7

 

  1. Күш – білімде, білім – …(кітапта)
  2. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті (жалқаудың (21- слайд)
  3. Денсаулық – зор …(байлық)
  4. Кітап – білім бұлағы, …– өмір шырағы (білім)
  5. Анадан артық…бар ма? (дос)
  6. Анасыз ақын да болмайды,… да болмайды. (батыр)

8-айналым: «Өнерлі өрге жүзер» (Әр топ өз өнерлерін көрсетеді)   (22- слайд)

8 9

 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік              (23- слайд)

Сөз кезегін қазыларға берелік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрелік

10

 

 

Назарларыңызға рахмет!   (24- слайд)

Сайысты қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *